Ата-ананың жасырын агрессиясы балаға қалай әсер етеді? Мамандар пікірі

Ата-ананың жасырын агрессиясы балаға қалай әсер етеді? Мамандар пікірі

Жасөспірімдер агрессиясы және оны сублимациялау әдістері туралы i-BALAQAI жобасының эфирінде штаттан тыс бас психиатр, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Нигай және балалар қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Зарина Жұмағұлова әңгімеледі. Tengrinews.kz сұхбат үзінділерінің мәтін нұсқасын дайындады.

Агрессия деген не?
Ең алдымен, адамның агрессив мінез-құлқы инстинктив сипатқа ие және әр адамға тән екенін түсіну керек. Агрессия - бұл біздің психикалық күшіміз, оның қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін сыртқа немесе ішке бағытталған импульс.

Николай Нигайдың сөзінше, агрессия - бұл ересек адамға тән нәрсе, сондықтан жасөспірім кезінде балалар оны жиі көрсетіп тұрады.

Бірақ агрессия қандай нормада көрінуі керек? Ересектер оған қалай әрекет етуі керек?

"Ата-аналар түсінуі үшін жалпы агрессияның себептерін және олар немен кезігетінін түсіну керек. Жасөспірім кезіндегі агрессияның бірінші және негізгі себебі - физиологиялық себептер. Физиологиялық себептер деген не? 10 жастан 19 жасқа дейінгі кезеңде бізде ағзаның өсуі байқалады. Сонымен қатар, барлық дерлік сала: орталық жүйке жүйесі, эндокриндік жүйелер, әлеуметтену, жыныстық саланың жетілуі және тағы басқасы бар", - дейді Николай Нигай.
Сарапшы бұл адам өміріндегі ең маңызды кезең және физикалық тұрғыдан онымен тек нәрестелік кезең таласа алады деп санайды.

"Күнтізбелік жас көбіне биологиялық жасқа сәйкес келмейді. Мысалы, 14 жастағы баланы алайық. Бір сыныпта біз келесі көріністі байқай аламыз: біреудің дамуы 11 жастағы баланың дамуы болса, екіншісінде 12 жастағы, ал үшіншісінде 18 жастағы баланың дамуы.

Сондай-ақ ұлдар мен қыздар арасында өте үлкен диссонанс бар. Бұл, әдетте, орташа есеппен кем дегенде 2 жыл айырмашылық. Бірақ бұл өте үлкен диссонанс. Олардың әрқайсының қажеттілігі мен мүмкіндігі әртүрлі. Бірақ дене белгілі бір биологиялық кезеңге сәйкес келеді, ал ойлау төмен болып қалады", - дейді маман. 
Спикер агрессияның екінші себебі кортикальды және субкортикалық функциялардың теңгерімсіздігінен болатынын айтады. 

Біріншісі жоғары психикалық белсенділікке, талдауға және ақпарат беруге жауап береді.

Екіншісі қыртыстың астында орналасқан және сезім мүшелерінен белгілі бір ақпаратты береді.

"Жасөспірім балаларда осы функциялардың аясында белгілі бір теңгерімсіздік болады, соның салдарынан ересек адам сөйлеген кезде оны бірден қабылдамайды. Балалардың сұраққа жауап бермей жататыны содан. Ата-ана үш сұрақ қойса, бала соңғысына немесе біріншісіне ғана жауап берді. Содан кейін оны агрессия сияқты қабылдап, "елемейді, бағынбайды" деп ойлайды. Бірақ негізі бұл агрессия емес, тек бала алғашқы екі сұрақты қабылдамады. Ата-ана осы туралы білуі керек және сұрақты да жиі қойып кетпеу керек", - деді Николай.
Балалар қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Зарина Жұмағұлова ата-аналар балаларға ақпаратты қалай беретініне назар аударып, олардан күтетін нәрсенің деңгейін төмендетуі керегін атап өтті.

"Біз, ересектер үшін, әрине, балалар үшін себеп-салдар тізбегі қажет. Ата-аналар мұны ескеріп, түсіндіруге біраз уақыт беруі керек.

Жасөспірімдер ештеңе істемей-ақ шаршап қалуы мүмкін. Себебі олардың ішкі жасушасы белсенді түрде өсіп келе жатыр, миы қалыптасып жатыр. Оған көп күш кетеді. Соны ескеру керек", - дейді маман. 
Спикер жасырын агрессия балаға кері әсер ететінін атап өтті. 

"Бала жасырын агрессияны байсалды қабылдайды. Мысалы ата-ана баламен сөйлеспей қойған кезде. "Болды, мен сенімен сөйлеспеймін". Ол да жасырын агрессия. Бала басқалар оған дұрыс қарамай тұрғанын түсінеді", - дейді маман. 
Ол қандай кезде байқалады?

Спикерлер ата-анадағы жасырын агрессияны байқататын бірнеше факторды атады: 

Шамадан тыс үміт арту. Бұл жағдайда ата-ана ретінде де, бала ретінде де консессуске келу керек; 
Бағаламау. Ата-ана баланың жасаған еңбегін бағаламаған кезде;
Сарказм;
Баланың бірден жауап беруін талап беретін кез.
Жасөспірімдер агрессиясы қалай өзгереді және әртүрлі субмәдениет арқылы шығудың жолын қалай табады?

"Егер біз жастар субмәдениеттері туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде субмәдениет баланы іздемейтінін, ал бала өзін білдіру үшін сол субмәдениетті іздейтінін түсіну керек. Ол дәл сол адамдарды іздейді. Субмәдениеттер әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, панктер. Олар өз кезегінде бар нәрсені және айтылғанның бәрін жоққа шығарады. Негізгі критерийлердің бірі басқа адамға агрессияның көрінісі болып табылатын қылмыстық топтар бар. Немесе футболға жақын топтар және тағы басқасы. Бұл да таза агрессия. Егер бала осындай бағытпен жүрсе, онда бір нәрсе дұрыс емес екенін түсіну керек", - дейді Николай.

"Бұл жерде теріс немесе негатив субмәдениеттерге жеткізбеу туралы ойлану керек. Бұл бізге байланысты. Оның ішінде, біз уақытында байқаймыз ба және уақытында түзету жасап, қандай да бір жолмен көмектесе аламыз ба?".
Баланың тарапына агрессия байқалғанда өзіңді қалай ұстау керек?

"Бұл туралы ересектерге айту керек. Бұл сөзсіз. Яғни мәселені өзі шешуге тырыспауы керек. Проблемадан басқа агрессия тууы мүмкін, өкінішке қарай, ондай деректер бар. Сондықтан ол туралы тәрбиешісіне, мұғалімге не ата-анасына айтуы керек", - дейді сарапшы. 
GPS-трекерлер және балаларды бақылап жүру керек пе?

"Ол жеке кеңістікке қол сұғу. Ол қосымшалар балаларда оларды бақылап жүретін адамға деген теріс ой қалыптастырады. Бастысы бала оған ешкім сенім артпайтынын түсінеді", - дейді Николай Нигай. 

"Балаға сенім артып, еркін қозғалуына мүмкіндік жасаған дұрыс болады", - дейді Зарина Жұмағұлова. 
Баланы агрессив емес, мейірімді және бейбіт етіп қалай тәрбиелеу керек?

"Махаббат бәрін жеңеді. Сонымен қатар, ата-ана бақытты болса бала да бақытты болатынын түсіну керек. Ішкі жағдайыңызға назар аударыңыз. Егер уақыт, ресурс, күш пен шыдам жетпесе, ол мәселені өзіңіз отырып шешіңіз", - дейді спикерлер. 

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.

Видеосұхбаттың толық нұсқасы I-BALAQAI YouTube-арнасында. 

Tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста