37 жасқа дейін жинаған 37 сабақ

37 жасқа дейін жинаған 37 сабақ

Осы жасқа келгенше не жидым, не таптым, неге жете алмадым? Өз өзіме берген есебім. Бәлкім, біреуге болмаса, біреуге пайдасы тиер.
Сонымен:

1. Бақыт жан дүниеңнің түкпірінде. Адам бақытты сырттан, бөгде жаннан іздеп қаншама жылын, алтын уақытын жоғалтады. Үнемі іздеген жерден таппайды. Жүректің түбіне тереңірек үңіліңізші.
2. Өмірде әр нәрсе үшін алғыс айта біліңіз. Жақсылық үшін, жамандық үшін, қасірет үшін де. Өмір өздігінен керемет сый. Баға жетпес. Ал, ләззат алу мен — жүрер жолдың бөлінбес бөлшегі.
3. Өмірді қабылдауды өзгертіңіз. Сонда өмір де өзгеріп шыға келеді. Қорқыныш, ашу, ыза, өкпе сияқты сезімдерді ұмытып, өмірге басқа қырынан қарауға тырысыңыз.
4. Өзіңе адал болып қала отырып өзгелерді бақытты ету мүмкін емес. Бірақ нар тәуекелге бел байлау керек. Өмір бойы өзгенің айтқанын істеп, бақытты етем деп қиналғанша, оның сені түсінбей кеткенін білген артық.
5. Айнала өмір — айна іспетті. Өзгенің бойынан ұнатқанымыз өз бойымыздағы жақсы көретіндеріміз. Өзгелердің бірдеңесіне ренжісек, яғни өзіміздің де сондай әрекетімізге дұрыс назар салғанымыз жөн.
6. Әр адам біздің өмірімізге белгілі бір мақсатпен келеді. Ол берген сабақтан тәлім аламыз ба, жоқ па – оны біз өзіміз шешеміз. Оның рөлі неғұрлым жаман болса, соғұрлым сабақ маңыздырақ. Жадыңызға жазып алыңыз.
7. Сеніңіз. Ең қиын сәттерде Алла өзі қуат береді. Бәрі жақсы болады.
8. Не нәрсені де жүрекпен қабылдап керек емес. Өзгелердің әрекеті – олардың өмірінде не болып жатқандығының көрінісі. Оның сізге келіп, кетер дәнеңесі жоқ.
9. Табиғат емдейді. Таза ауадағы серуен, әдемі көріністер адам жанын тазалайды. Өмірге қайта келгендей боласыз. Қажетсіз ойлардан арыласыз. Көңіл-күйіңіз көтеріледі.
10. Өкпелеген адамдар өзгелерді де өкпелетеді. Сонда да жақсы көріңіз оларды. Ешкім сізге оларды арақашықтық сақтай отырып жақсы көруге тыйым салмайды.
11. Емделу үшін соны сезіну керек. Қорқыныш пен үрейіңізді алдыңызға қойып, оларды күннің сәулесіне ерітіп жіберіңіз. Олардан құтылудың бірден бір жолы оларды босатып жіберу. Шындыққа тура қарай білу. Бірақ келешекте осы тәсілдің дұрыстығына көзіңіз жетеді.
12. Перфекционизм — бұл иллюзия. Ең қиын. Босаңсу керек. Жетілуге ұмтылу керек. Бірақ өзіңізге қате жасауға мүмкіндік беріңіз. Нәтижесі қандай болса да өзіңізге бақытты болуға рұқсат етіңіз.
13. Тек өзіңіздің мақсатыңызбен, тілегіңізбен ғана өмір сүрмеңіз. Онда өмір сұлулығын уыстан шығарып аласыз. Айналаңыздағы адамдарға да мән бере жүріңіз. Көзіңізді ашып жүрсеңіз, әлемнің ғажаптығын көресіз.
14. Жеңістеріңізді тойлаңыз. Ең кішкентай деген ұтымды шешімге мән беріңіз.
15. Кешірім ете білу керек. Ең алдымен бұл өзіңізге керек. Сізді ренжіткендерге емес. Кешірім ете отырып еркіндікке қол жеткізесіз. Өзіңізге лайық азаттықты уысқа түсіресіз. Тез және оңай кешіруді үйреніңіз.
16. Әр адамда түйсік бар. Шалт тоқтап, айналаңызға қарап, ішкі түйсікті тыңдасаңыз, не болып жатқанын түсінесіз. Жүрек қалауын тыңдаңыз. Ол жолды біледі.
17. Жаныңыз ән салсын. Шынайы болыңыз. Сіз сияқты екінші адам жер бетінде жоқ. Мақсатыңызға жету үшін үнемі таза әрі шынайы қалпыңызды сақтаңыз.
18. Бәрімізде туындыгерміз. Белгілі бір ықтияттылық, ырық пен қуаттың арқасында алынбайтын қамал жоқ. Осыны есте сақтаңыз.
19. Мен сәуле төгіп тұрам. Бәрімізде нұр шашып тұрамыз. Тек кей адам өзінің жарығына көлеңке түсіреді. Өзгелерге де жарық болыңыз, жол көрсетіңіз.
20. Өмірді тым күрделі деп қабылдамаңыз. Бес күн жалған екенін естен шығармаңыз. Бәрімізде бақиға аттану үшін ғұмыр кешеміз. Жымиып жүріңіз. Арасында өзіңізге ақымақ болуға рұқсат етіңіз. Осы сәтті пайдаланыңыз. Көңіл көтеріңіз.
21. Өзіңізді жақсы көретін адамдардың ортасында өмір сүріңіз. Сізде оларды жақсы көріңіз. Қолдаңыз. Өмір тым қысқа.
22. Өмірді жеңіл билеп сүру керек. Арманыңыз болса, соның жолына түсіңіз. Бірақ өте сыпайы әрі арақашықтық сақтауды ұмытпаңыз. Кез келген мезетте өмір өзгерісіне дайын болатындай икемді әрі оралымды болыңыз.
23. Неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп аласың. Даналықпен, махаббатпен, дарыныңызбен бөлісіңіз. Оңай бөлісіңіз. Сонда көресіз. Өмірдегі кереметтердің қалай сізге қайтып келіп жатқанын.
24. Бастысы, өзіңізді түгел таратып жібермеңіз. Өйткені, жан дүниеңіз босап қалмасын. Берерге нәр таппайсыз онда. Балансты сақтау керек.
25. Көзіңіз жанып түскен дүниенің бәріне «иә» деп жауап қатыңыз. Сізге қызықсыз болған нәрсенің барлығына «жоқ» деңіз. Уақыт – ең қымбат қор, оны қайтару мүмкін емес. Оны үнемдеп жұмсаңыз.
26. Кейде достықтан өсіп кетеміз. Бұл біздің жаман дос немесе достардың жамандығынан емес. Тек жолайрыққа дөп келеміз. Оларды жүректе сақтаңыз. Бірақ олар сізді ренжітсе, онда арақашықтық сақтау қажет. Достықты босатып жіберіңіз.
27. Қорқыныш — біздің қалауымыздың нақты көрсеткіші. Ол сіздің компасыңыз болсын. Компасыңыз жетектеген өмір құбылыстарына құшағыңызды ашыңыз.
28. Қорқынышты жеңу — өзіңіз үшін жасай алатын ең пайдалы нәрсе. Сол арқылы бәріне қол жеткізе алатыныңызға сенімді боласыз. Ол өзіңе деген сенімнің супер-генераторы.
29. Біздің тәніміз — арманымызбен қауыштырар тұлпарымыз. Жақсы көріңіз оны. Сонда өзіңізді белсенді әрі қуатты сезінесіз. Бірақ соған байланып қалмаңыз. Сыртқы әлпет субьективті. Ерте ме, кеш пе әйтеуір өзгереді. Ең бастысы өз денеңде өзіңді ыңғайлы әрі сенімді сезіну.
30. Жақындарыңызға оларды қалай жақсы көретіңізді жиі айтып отырыңыз. Көптік етпейді. Сіздің уақытыңыз, жанында болуыңыз, махаббатыңыз, қамқорлығыңыз — олар үшін баға жетпес сый.
31. Бүгінмен өмір сүріңіз. Қолда бар бақытымыз сол ғана. Өткеннің қателігінен сабақ алыңыз. Қайталамаңыз. Келешек туралы армандаңыз. Бүгініңізді жақсы көріңіз.
32. Өмір — самғау мен құлаудың кезегі. Бүкіл болмысыңыздағы мүмкіндікті ашу үшін бәрі де керек. Қаттырақ ұстаңызда, саяхаттауды жалғастыра беріңіз.
33. Бәрімізде бір адамзат баласымыз. Ешкім ешкімнен артық, я кем жаратылмайды. Тек белгілі бір өмір сатысында не істеу керектігін ұғынамыз. Басқа жолы басқа біреу болуы мүмкін.
34. Өмірде жеткендеріңіз үшін күнделікті алғыс айтыңыз. Айналаңызда байлық, ымыраластық пен қуаныштың, махаббаттың, денсаулық пен жетілудің кеңістігін түзесіз.
35. Әлемнің кіндігі өзіңіз деп ойламаңыз. Жан-жағыңызға қараңыз. Айналада қаншама қызықты әрі тамаша құбылыстар бар.
36. Әлемге көбірек сезім, махаббат, жарық пен күлкі керек.
37. Сіз өзіңізге өзіңіз қожайынсыз. Өмірдің көп бөлігі бізге не істеу керек, қалай жасау керек, өмірді қалай сүру керектігін айтып үйретеді. Сөздің бәріне сене бермеңіз. Өзіңіз үшін өзіңіз ойланыңыз. Қатып қалған қағидаларды бұзыңыз. Сізден күткен нәрсені жасауды доғарсаңыз, тек өзіңіз қалайтын нәрсені жасасаңыз, өзіңізді сұмдық бақытты сезінесіз.
Жас деген жәй сан. Бірақ сан көбейген сайын көргенді әрі тәжірибелі бола түсеміз. Қазіргіден ешқашан жас болмайсыз! Ендеше осы сәтті ұтымды пайдаланыңыз!

blogtime.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста