Жұмабай Шаштайұлы: ҚАРАШАҢЫРАҚ

Жұмабай Шаштайұлы: ҚАРАШАҢЫРАҚ

Ерте-ерте, ерте де бiр шалдың кемпiрi өлiп, шиеттей үш баласымен қалса да, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай асырап-бағып, бүгiнгiдей әлетке жеткiзiптi. Жер ортасы алпыстан асып, жетпiске тақаған соң-ақ бiлдiрмей жүрiп  бойды алатын егделiк деген бәле осал жау көрiнбейдi. Күндердiң бiр күнiнде ұлдарын сынамаққа ұйғарған шал сыр аулағандай әрқайсысына шаншыла қадалып, сөзiн түу әрi тереңнен толғап, тебiрене бастаса керек.

&ndash Қиын асуға қарай бет алған замандарың мынау. Көреселерiң әлi алда. Топшыларыңның бекiп, қанаттарыңның қатайғанын  шүкiршiлiк етемiн әйтеуiр. Шырақтарым, қартайып қаужырап барам-ау, шамасы. Жаман айтпай жақсы жоқ, алда-жалда өле кетсем, қалай аттандыратындарыңды төрт көздерiң түгел отырғанда айтыңдаршы.

Томсарған  тоң мiнез  қалпымен әкесiне алара қараған үлкен:

&ndash Бiр бұйырғаны болады да &ndash деп, дүңк ете қалды.

Жұқалтаң кескiндi ортаншы  қуақылана жымиып, сөздi  ары iлiп әкеттi.

&ndash Әрқайсымызға бөлiп берген еншiңiздiң бiр-бiр бөлiгiн ортаға  тастамаймыз ба, әке.

Кекесiндi сарынды көңiлiне алмағандай шал жайдары қалпын сақтады. «Бұйрық бiледi деп талай сыбағамыздан қағылған жоқ па едiк. Құдай амандығын берсе, қаптың түбiн тесетiн бiреу бiзден де шығып келе жатыр екен». Аяқ астынан жасаған тоқтамын iшiне бүгiп, кенже ұлының ауыз әлпiн асықпай сазара бақты. Екi ағасына жаутаң-жаутаң қарап алған кенже тұп-тұнық жанарын мөлдiрете төндiрiп:

&ndash Жиған-тергенiмiздi сiзден аяйды дейсiз бе, ата, &ndash дедi.

Сақалын саумалаған шал таңырқаса қаумалаған үшеуiне ләм деп лебiз жара қоймады. «Шыққыр көзiм кедейшiлiк дегендi көрдi. Байлық дегеннiң қандай болатынын итiм де бiлмейдi. Өлiсiме қарай көмiсiм. Кенжесiнiң сәуесiнде бiрдеңе барға ұқсайды». Шартарапты шарлап қайтқан санасы ақыры бiр түйiнге келе алмай сандала тантырап, артық-ауыс сөзге бармастан осымен бәрiн доғарған.

Қыбыр-жыбыр тiршiлiк күйбеңi бұл әңгiменi мұнар-мұнар дүниенiң бұлдыраған елесiмен көлегейлеп жiберген едi.

Сөйткен шалдың жасы, мiнеки, жүзге iлiктi. Далаға кiрiп-шыға алатынын тәубе санап, қалған уақытын маужыраған күйi қалғып-мүлгiп өткiзедi. Баланы бағып-қағып, есейткен өзiнше бiр дәурен екен. Пыр етiп уысыңнан ұшқан соң-ақ &ndash өзiңнен туған ұл сақалы шығып жат болады дегендi бұрын, тiптi, ойлап көрмептi. Аспаннан құдды салбырап түсе қалғандай кердеңдеп шыға келетiнiн қайтерсiң. Қартайғанда ашуланған қиын екен мұнда. Көкiрегi әп-сәтте мұң-налаға толып, терең тыныс алса  бiттi &ndash кеудесi қу қаңқа тәрiздi қақырап-қақырап айрылып кететiн секiлдi. Сәуесiнде бiрдеңе барға ұқсайды деп үмiт  қылған кенжесiнiң қолында қап, айдың-күннiң аманында келiн төркiнiне кетiп  тынып, шал тұлдыр жетiм, ұл &ndash тiрi жесiр атанды. Қазақстанның бiр қиян түкпiрiнде тұратын үлкен «бiр бұйыртқаны болады да» деп дүңк етiп тiл қатқанын ұмытты-ау, сiрә. Үстi-үстiне дұғай сәлем жолдап, дүркiн-дүркiн хат арқылы шақыртып жатып, күнi кеше ғана төбелерiн көрсеттi-ау, әйтеуiр.

Бұрындары жылына бiр айналып соғып, үйдiң оны-пұны шаруасына қол ұшын тигiзсе &ndash жыл он екi айға шейiн iштi жылытуға онысы жарайтын сияқты едi. Кейiндерi екi-үш жылды араға салып барып келетiндi шығарып жүр. Сонысына қарап,  жоян бастық дейiн десең &ndash қойнынан бөзi, аузынан сөзi түсiп тұрған бiрдеңе. Iзiнен ерген жалғыз ұлы сойып-қаптап қойған тура өзi.  Безiлдек келiн мың сөйлегенде &ndash бiр қарсы үн қатып қоймайды екi сабазың да. Келiн әңгiмесiнiң ау-жайынан тұрмыстарының шекесi қызып тұрмағанын аңдайды. Үй-iшiлiк жағдайды iшке бүгiп, кiшкене сыр сақтау бұ жазғанға бұйырмаған ба, жетiм қозыдай зарлағанда бар ма, құлақ тұндырады.

&ndash Ата, балаңыз көп ақша таппайды, тағы арақ iшедi. Балаға киiм керек, тамақ керек. Қонақ шақырамыз, өлiм-жiтiмге барамыз...

Келiн сөзiн ақыл сарабына салып, санасымен екшеп отырған сыңайда көзiн алысқа тастап, тура осылай қарай беттеген бiр қарайғанды байқады. Бiреудiң үйiне бiреу бейсаубат кiрмейтiн мына заманда кiм екен деп ойлағанша болған жоқ, ортаншы ұлының бейнесiн бұлдыратып барып ажыратты. «Әйел-балаларын тастап, жалғыз жүргенi несi?» Салып ұрып жеткен ортаншы дауыстап амандасты.

&ndash Балаларды неге алып келмегенсiң?

Қараторы қағылез жүзi күреңiте құбылған ортаншы көзiн алайта наразы қадап:

&ndash Кiшкентай ауырып қалды. Бәрiн қалай алып жүрем, жол деген қымбат.

&ndash Жол ақыларың сонда қанша болды? &ndash дедi шал бiртүрлi жүрексiнгендей.

&ndash Жан басына жүз сом!

&ndash Жүз сом! &ndash Шалдың үнiне қиқу араласты.  &ndash Атаңның аузын ұрайын, сонша қымбаттатып, жын ұрып кеткен бе!

Әкесiнiң шала бүлiнгенiне қыбы қанған ортаншы отқа майды одан сайын құя түстi.

&ndash Бiр бөлке нан жиырма сомға жеттi, тағы қымбаттайды дейдi.

Дүниенiң апшысын заманақыр, жер тақыр қып қуырып жiбергенiн жақтырмаған шал қабағын кiржiң еткiзiп,  қазан-ошақ жақта жүрген келiнiн қайдан көрген адамым дегендей ұзақ тесiлiп, шаққа айырған сыңайы сол едi.

&ndash Бұлардыкi ештеңе емес, бiздi айтпайсыз ба, &ndash деп сөзге килiге бергенде шабына от түскендей ортаншы орнынан ыршып тұрды.

&ndash Неге бiздiкi ештеңе емес, үш балаң болса көрер едiм, екеуiң бiрдей жұмыс iстейсiңдер тағы.

Нақақтан-нақақ жапа шеккендей жеңгесiнiң түсi бұзылып, үнi жыламсырап шықты.

&ndash Сонша баланы тапқыз деген жоқпын ғой, мен саған.

Тарпа бас салып сабаудан тайынбайтын ыңғайда жеңгесiне  жұлқынып жетiп келген ортаншы өкiректеп өктем сөйлеген сайын  кекештене тұтығып, түкiрiгiн жынша шашыратты. Ұсқыны бiр сұмдық үрпиген әйел дымданған бетiн сүртiп әлек.

&ndash Менiң баламның көптiгiнде сенiң шаруаң қанша?!

&ndash Үш баланы көп демеңдер. Обал болады, қойыңдар, &ndash деп шал бiр жақтан басу айтуға кiрiстi.

Күтпеген жерден көңiлi босаған келiн бордай егiлiп, боздай жөнелдi.

&ndash Ата, ағаларын басынған соң бұлар маған осылай дiкiңдеп сөйлейдi. Егер мен болмасам ауылға келу ойы тұрмақ санасына кiрiп шықпайтын едi. «Келiнi кетiп қалыпты, атамыздың қасында болып келейiк» деп айтып қоймаған соң, амалсыз көндi. Бiр жыл бойғы тапқан-таянғанымызды жолға жiбердiк.

Ортаншы лезде бiр  жайсыздықты парықтағандай ойлы кейiпке көштi. Қайнысының осы тосылсын зая жiбергiсi келмеген келiн қиянат-теперiшке ақыры шыдамағандай бетiн баса жылаған бойы сып берiп үйге кiрiп кеттi. Басын төмен сала сөлбiрейген шал:

&ndash О, тоба! &ndash дедi көкiрегiн қарыс айыра күрсiнiп.

Бау-бақшаның арам шөбiн отағанның өзiне екi иiнi салбыраған  үлкеннiң бет-жүзiне кiрбiң көлеңкесi қалың қонақтапты. Қолындағы тесенiң жүзiне үңiрейе үңiлiп, делдиiп тұрған  ортаншының өңiнен секем алып үлгергендей одырая бөгелдi. Қарашаңыраққа келерден бұрын үлкен әйелi екеуi ортаншының үйiне соғып, бiр түнеген соң амандасудың ишарасын ғана жасады.

&ndash Мынаның түк жүзi жоқ.

Ұлдарының бiр-бiрiне солғындығы ақылына сыймай аңырған шал үлкендi жаңа танығандай бажайлап қарап, езуiне кенет қуақы күлкi үйiрдi.

&ndash Иә, батыр, бақшаның жайын ұмытып, түгел жайпап  тастағаннан саумысың. &ndash Жердiң ұжымағына қу медиен шөлейттi айырбастаған айыбын бетiне басқан әке әзiлiн көңiлiне алмаған үлкен.

&ndash Бәрiн баудай түсiрiп, жамсатып тастадым, &ndash дедi.

Ренiштi  әңгiме осының алдында ғана болмағандай ортаншы қарқылдап күлiп жiбердi.

&ndash Кенжеңiздiң бiр жылда iстемеген шаруасын бiр сағаттың iшiнде тындырып тастаған үлкенiңiз мықты ғой.

Бiр жайсыз нәрсенi есiне алғандай көзiн алартқан үлкен:

&ndash Мұның картошкесi, пиязы мен сәбiзi түгел арам шөптен көрiнбей қалыпты.

Өзiне мәлiм жайды тыңдап тұрғандай ортаншы қолын түңiле сiлтедi.

&ndash Оған айт, айтпа бәрiбiр, құлағына қыстырып та қоймайды. Бiз келiп iстеп бергенге әбден үйренiп алған. Өткенде өзiне жақсылап тұрып  түсiндiргенмiн. Үлкен ағаң алыста, менiң өз бала-шағам бар деп. &ndash Ағасының бiр нүктеге қадалған отырысын келiскенге жорыған ортаншы өз ойын одан бетер құлшына баяндауға кiрiстi. &ndash Менiкi дұрыс қой, одан артық  мен не iстей аламын, айтшы.

Шыр-пыры шыққан iнiсiнен  зерiккендей үлкен қалғып-мүлгiп отырған  әкесiне үңiлдi. Тура соны аңғарғандай шал даусын кенет әндете шығарды.

&ndash Ендi қайт дейсiңдер, маған, үйде тұрмаймын деп жүрiп, қатынын кетiрiп тынды. Бiр аяғым көрде, бiр аяғым жердегi менiң сиқым мынау. Баяғыда ел кезiп, ән салатын туысқанымыз қыздың қойнында жатқан жерiнен ұсталатын болған соң, керегенiң көзiнен қашам дегенде шалбары сыпырылып түсiп қалыпты. Бiздiң бұ  көзел сол атасына тартып,  масқара боп жүрмесе жарады, әйтеуiр. &ndash Тәлiмси елтiген ортаншыны елемеген үлкен күлiмсiреген райынан танбай:

&ndash Серi атамыз содан кейiн не қылды? &ndash деп сұрады.

&ndash Не қылушы едi, қыздың да, өзiнiң де жаман атын шығарғаннан басқа, &ndash дедi шал ренжiген сыңайда көзiн бақырайтып.

Серi бабаларының қылығынан секем алғандай екеуi бiр-бiрiне үрпиiсе қарасты. Орнаған үнсiздiк едәуiр уақытқа созылды. Иiн қандыра илегендей шал бетiнiң ұшы жұп-жұмсақ, жыпырлаған мың-миллион әжiм сәл қозғалыстың өзiне жыртылып-айрылатын үлбiреген терiдей. Адамды кәрiлiк деген итiң бұлайша аямай мазақ қып қорлайтынын бетпе-бет қарауға үлкен мен ортаншының дәттерi бармайтындай шошынулы кейiпте бiр шекелеп шолады. Жиектерi көлкiлдеген қызғылт көзiн алма-кезек өлусiрете қадап, кекесiн шалыс төтен ой көкейiне оралғандай шал кегжең еткiзiп басын көтердi.

&ndash Сонда бұл үкiметтiң не бiлгенi бар?

Жауап берудiң жөнiн таппаған екеуi әкелерiне шарасы таусылып, жабырқаса қарасты. Бiр ойдың iзбiнiн қуалап, ұштығын ұстай алмаған әсiресе үлкен күйзелiстi пiшiнмен шалға түйiле шүйiлдi.

&ndash Балаңыз не iстейдi сонда? Жерi қоршалмаған алаң-ашық. Ала жаздай бiр айыр шөп шаппайды. Сепкендерi алаботадан көрiнбей қалыпты. Үй тозып бара жатыр. Қорасы құлағалы тұр.

Шалдың қаужыраған  әлжуаз жүзi үлкен сөзiне елтiгендей күреңiте шымырлап, алдыға  қарай емiне  еңкейдi.

&ndash Бұл құрғандар жол ақысын сонша қымбаттатқандары несi?! &ndash Тұтанып кете жаздаған  үлкен одырая селтиiп, көзiнiң қиығын бауырына  суық тастады.

&ndash Жол ақысында шаруаңыз не, анау үйдiң жұмысын неге iстемейдi деп жатқан жоқпын ба?!

Мұнша тақақтағанына қитыққан шал жүзiн тыжырына бұрып әкеттi. Екi ойлы нышанда назарын әлденеге тоқтатып, қайтадан жалт бұрылғанда салғырттық ұйыған сұрқы шамырқана серпiлiп, жаймен шығатын даусына қатқыл шаңқыл араласты.

&ndash Ей, оны маған ендi қайт дейсiң. Бiр жұмысым бар деп кетедi, содан жоқ. Қысқа отын-су дайында десем жарайды, малға жем тап десең жарайды. Не қылған жарайды екенiн итiм бiлiп пе. Сол жарайдысын ақыры тасығой ұмыттырып жiбередi. Мұның алған қатыны да қу аяқ болып кезiккеннен сау емес. &ndash Жақ ашып, тiс жарып көрмеген сырды сызбақтатып сыртқа шығаратыннан қуыстанғандай шалдың бұрқанысы сап басылып, пәс тартқан қалпы едәуiр мелшиiп отырды. Кенженiң жетесiздiгiне күйiнген үлкен әлсiн-әлi күйзеле басын шайқайды. Бұрыннан өзi қанық жайды естiп отырғандай ортаншы бiртүрлi сүлесоқ.

&ndash Шiркiн, не деген үй, не деген жер. Бiр мықты ие керек боп тұр ғой. Ортаншының сөзiн  құлағына iлмеген шал:

&ndash Бiр бөлке наныңның құны сонда бiр қойдың бағасынан асып  жығылды ма? &ndash дедi.

Бiресе жол ақыға, бiресе нанның қымбаттағанына қайта-қайта айналып соққан кейiп айдаладан кезiгетiн  балбал тастың безерулi кеспiрiнен аумайды. Еш қайран жоқтығына көздерi  жеткен екеу бiр-бiрiне шарасыз қарағаны сол едi.

&ndash Ол адам болмайды, болса да барып-барып болады, &ndash деген әкелерiнiң сөзi алыстан талып жетiп, емiс-емiс естiлетiн  секiлдi.

Осы кезде сыртқа жұлқынып шыққан үлкеннiң әйелi қазан-ошаққа қаздаң-қаздаң басып бара жатып, жерден басын алмай тұғжиып отырған күйеуiн көргенде өңi тарғылдана сұрланып:

&ndash Ата! &ndash үнi шаптығып шықты. &ndash Ыдыс-аяқтың түгiн қалдырмай алып кеткен бе?

Iстiң мәнiсiне бара алмай аңырған шал кенет бiр сұмдық ащы жымиды.

&ndash Балам-ау, ыдыс-аяқты айтасың, тамаққа қосатын бұрышқа дейiн қалдырмай алып кетiптi. Ана қарамаймақ шешесiне тiл қатсаң бар ма, жүзге келген менi итерiп жiберiп, майып  қылып қылудан тайынбайды-ау.

&ndash Сонда келiнiңiз не iстемедiңдер деп кетiп отыр? &ndash Үлкен сөзге дегбiрсiздене килiктi.

&ndash Оу, мынадай өлiп қалған адаммен әйел тұра ма? Бұл ұры-қары дегенiң де басынатын кiсiсiн бiлiп басынатын сияқты ғой. Былтыр жылқыны, биыл екi сиырды байлаулы тұрған жерiнен қорадан шешiп алып кеттi. Ел аман, жұрт тынышта өлiп алғанда-ақ болатын едi.

Жауапкершiлiктiң зiлбатпан салмағынан құдды жаншылғандай, тұнжырай түксиген ортаншы күйзеле күрсiнiп, тұтқиыл байлам жасайтын кiсiдей кескiнi алабұртып өттi.

&ndash Барлығы ананың жамандығынан. Бұл үйдiң лайықты иесi болса ешкiм  бұлай басына алмайды.  Мен көшiп келсем, бәрiн басқаша жасаймын.

«Көшiп келем» дегенiне елең ете қалған үлкен:

&ndash Ананы қайда жiберемiз? &ndash дедi жұлып алғандай.

Бiр пәс аңқая тосылған ортаншының реңi қуаңыта бозарып, ұрма-перме қызбалығының нышанындай жалт-жұлт еткен жанары тентек ұшқын ата бастады.

&ndash Қатыны кетiп қалған, малын шетiнен ұрлатып, бау-бақшасын арам шөп бастырып жiберген адамға үй не керек? Жүзге келiп, пiсiп уылжып отырған әкесi мынау. Осының бiрiн ойлап, қам жасамаса, тiршiлiктiң қалай болатынын қалаға барып көрсiн.

&ndash Оның жасында бiздiң де басымыздың буы кебе қойған жоқ едi ғой, &ndash дедi үлкен қинала  жүрексiнген үнмен.

Iнiсiнен тап  мұны күтпеген үлкен көзiнiң астымен сүзiлiп қарап, тайсақтағандай даусын бiртүрлi бәсең шығарды.

&ndash Кенжесiн сыйғызбай қаңғытып жiбердi деген өсекке қаламыз.

&ndash Қазақшылық әңгiменiң қазiргi заманға түкке де қажетi жоқ, &ndash дедi ортаншы қалғып-мүлгiп отырған әкесiне одырая бұрылып.

Бойын ашу билеген үлкен алға адуын ұмсынып, тұрмаққа оңтайланғанда бетiнiң ұшындағы көгiс дақтар бадырайып-бадырайып көзге анық шалынды. Жанарының iшi лайланған, сарғыш. Жаңағы болмашы жұлқынған қимылдың өзiне бойын  арақ алған адамдардан кезiгетiн ақыл-ойы әлi сергiп үлгiрмеген мағынасыз қаңғалақтаған әлжуаздық байқалады. Сөйтсе де үлкендiгiн малданатын ниетте кәдiмгiдей сұстана айғайлап жiбердi.

&ndash Ол қайтсе де осы үйдiң кенжесi, оған көмектесу саған да, маған да мiндет.

Мiзбақпай безерген ортаншы:

&ndash Менiң үш баламды сонда сен асырайсың ба?! &ndash дедi.

Жөпелдемеде не дерiн бiлмей бағажақтаған үлкеннiң пiшiнi шоқтың сөнер мезетiндегi күлгiнденген түсiнен аумай, сынық тарта солғындап барады. Одан сайын сазбеттенген ортаншы суық шүйiлген қалпы, даусын қатқыл шығарды.

&ndash Бәрiмiз бiрдей қайыршы боп кетпеу үшiн менiң көшiп келгенiм дұрыс

Осы кезде басын жұлып алған шал құрысқан жотасын жазатындай құнжыңдап, сақалын көстите сәл алға ұмсынып, әкелiк кесiмiн айтатын ыңғайда қабағын қатайтты. Екеуi де қалт тынып, оның аузын бақты да қалды.

&ndash Мына сұрыңа қарағанда ыдыс-аяқ дегенiң де дүниенiң ақшасы болып кеткен шығар.

Ұлғаюдың мұншалықты мазағынан тiксiне үрпиген үлкен бiртүрлi күйзеле тосылса, бұрқ көтерiлген ашудың қысымынан кескiнi күреңiткен ортаншы күйiнiп кетiп санын бiр-ақ соқты. Үлкен лезде жайдары қалыпқа ауысып, қызықты жайды есiне түсiргендей ерiксiз күлiмсiреп.

&ndash Әркiмнiң өз қайғысы өзiнде, &ndash дедi.

Әлгiндегi ренiштi есiнен тарс шығарып, таңырқаған сыңайда ағасына жалт қараған ортаншы қарқылдап күлiп жiбердi. Бiр-бiрiмен алдында  дүңкiлдеп сөйлессе, ендi түк болмағандай жайраң қаққандарын  ашықтан-ашық жақтырмаған шал жүзiн төмен сала тұқшиып отыр. Онысын  қапысыз аңдаған ортаншы жайдақтығын елетпей мардымси қап, әкесiне биязы тiл қатты.

&ndash Ата, сiрiңкенiң өзi жиырма сом болғанда, ыдыс-аяқ шырқап кеттi ғой.

&ndash Жиырма сом! &ndash дедi бiр нүктеден көз айырмай сазара қадалған шал.

&ndash Сiрiңкенiң жиырма сом болғаны атам жанына қатты батты-ау.

Әке мiнезiн қалыс кiсiдей қызықтаған ортаншы қылығы үлкеннiң көңiлiне сыймайды-ақ. Аумалы-төкпелi көктеменiң амалындай құбылмалы айнығыштығына айран-асыр. Бүгжие бүрiскен әкелерiнiң пұшайман тұрқынан жабырқаған екеу ары қарай сөздi көсiлтудiң ретiн таппай томырыла үнсiз тұр. Үйдiң ауласын  жанай өтiп бара жатқан көршi әкелi-балалы үшеуiнiң бiртүрлi қалыптарына одырая қарап, дауыстап амандасқанына үлкен мен ортаншы iле-шала үн қатты. Дыбыс шыққан жаққа дереу басын көтерген шал көзiн сығырайта ұзақ шүйiлдi. Көршiнiң сұлбасын ажыратқаннан кейiн аузын бейiлсiз жыбырлатты да, арсыздықтан әбден запы болғандай таңдайын қағып, даусын әндете созып шығарды.

&ndash Мұның ба, мұның түн баласы тынбай жортатын нағыз баукеспе ұры.

&ndash Болды, болды естiп қояды! &ndash Ұлдарының екi жақтан жекiгенiне бағжия таңырқаған шал:

&ndash Ұрлық жасағанға ұялмаған оған ұрлықшы екенiн айтқан менiкi ұят па? &ndash дедi өршеленiп.

Ұзай түскен көршiге жалтақ-жалтақ қарағыштаған ортаншы:

&ndash Ақырын, ақырын, &ndash дедi қатқыл сыбырлап.

Манадан құлақ түре тыңдаған көршi атының сауырына қамшыны осып-осып қап, құйын-перен шаба жөнелдi. Мұндай оқыс қылықтан секем ала жалт қарасқан екеу ананың қарасы көзден ғайып болғанша үндемедi.

&ndash Осылай артық сөйлеп, көршiлердi жауықтыра бергеннен не табасыз? Бiр күнi үйдi тонап кетiп жүрсе қайтесiз? &ndash дедi ортаншы бiр кезде.

&ndash Бұл үйде тонайтын ештеме қалмаған шығар? Шабдан манап бастаған бiр топ кiсi үйiне түскенде жарықтық Шiрiкбай әулие құсап бiр-бiр жаужапыраққа салып тамақ тартайық десек, оның да қисыны келмейiн дедi ғой.

Әкелерiнiң аузын баға екеуi қалт тынғанымен сөзiн шорт үзген шал басын төмен сылқ түсiрiп, қайтадан қалғи бастады. Қазан-ошақ жақтан жүгiре басып келе жатқан үлкеннiң әйелi күйеуiнiң түксиген суық әлпетiнен сезiктене бiр қарап өттi. Iште бiраз кiдiрiп сыртқа шыққанда тымырайысып алған екеуiнен кәдiктене қалт тоқтады. Шарасы үлкен көзiне үйiрiлген жас мөлтiлдеп, даусы жыламсыраған мүләйiм.

&ndash Оңбаған неме, он жерден ерегiссе де, атамнан кiшкене болса да ұялмай ма. Кесеге дейiн түк қалдырмай сыпырып алып кеткенiн қарашы.

Екеуiнiң арасындағы жайсыз әңгiмеден еш сыз қалмағандай жеңгесiнiң сөзiн  құп ала кiшiк сөйлегенде ортаншының өңi төтенше алабұртып өттi.

&ndash Ананың жамандығынан кеткен қатын бәрiмiздi басынып, бiлгенiн iстеген. Жүзге келген шалдан басқа үйде ешкiм жоқ, ал бұл  кiсiде не қауқар бар дейсiң. Есiктi бұзып ашып, заттың бәрiн машинаға тиеп ала салып, жөндерiне тайып тұрған. &ndash Қараторы өңi күреңiте шымырлап, уытты ұшқын ұялай қалған шарасы оттай жанып, қыр мұрнының ұшы қусырыла делдиiп, болымсыз дiрiл бiлiндi.

&ndash Мұны тiптi ұрлық жасады деп үстiнен милицияға арыз түсiрсе де болады. Атамның атынан жазса бiтiп жатыр. &ndash Бiр орында тағат тауып отыра алмай алақ-жұлақ еткен ортаншы жан-жағына қодыраңдап қарап қойды. Өзiне-өзi сұқтанғандай жұтынып, делдиiп делеңдеген екпiнiн елең қылмай ұстамды қалпын сақтаған үлкен көз қиығын екеуiне алма-кезек суық тастағаннан артық әрекетке бармады. 

Елiкпестен түксиiп тұрған күйеуiн аңдаған әйел көзiнiң астымен бiр қарап қойып:

&ndash Ағаң не дейдi, ақылдасып көрсеңшi, &ndash дедi.

Бұл менi неге  есiркей қалды дегендей,  өтiнулi райда жаудырай қадалған әйелiнiң қитұрқы қылығын ойша безбендеп, сараптаған үлкен ажырая бөгелiп барып, бiр кезде:

&ndash Жүздегi шал кеткен келiн дүниесiмен  бөлiсе алмай соттасып жатыр деген атақтарың жетпей тұр едi, ендi, &ndash дейдi  қызбаланбай үнiн баяу шығарып.

Мұншалықты қазақылықтан тойынып жерiнген ортаншы iшкi  бұрқанысын тежей алмай нарттай қызарған  кескiнiмен қолын сермелеп, өрекпiп сөйлей жөнелдi.

&ndash Бiздiң үйдiң түбiне қазақтың осы құрып қалған мiнезi жетiп тынды. Қит етсе ұят. Ол келiннiң албастыдай қап-қара шешесiн қалай басындырып қоямыз? Киiлген кит, сойылған жылқы, қой, iшiлген жәшiк-жәшiк арақтың бәрi де есепке алынбай ма, сонда!

Iнiсiнiң сабасына түсуiн үлкен байыппен асықпай күттi. Алаөкпе болудың тағы бiр кезегiнен жүрегi айнығандай тыжырынып, iнiсiне назарын үстемдеу суық тастады.

&ndash Заң бәрiбiр кеткен келiн жақта. Өнбес дауды қуудың қажетi жоқ. Одан да анаған әйел әперудiң жолын қарастыру керек.

Жойдасыз тап мынадай  шешiмге зығырданы қайнаған ортаншы  үлкеннiң жағасынан ала түсетiндей орнынан ыршып тұрды. Жұқалтаң қараторы жүзi ызбарлана кұреңiтiп, iшкi бiр сұрапыл екпiнiн тежей алмай тығыла  тұтығып сөйлегенде көзi дөңгелене ойнақшып,  қияпаты алаңғасар тартты.

&ndash Осындай қымбатшылық заманда әйел әперу қайда. Бiр киттiң өзi қанша тұратынын бiлесiң бе? Арақ-шарабың анау. Өзiңде тағы көк тиын жоқ. Ендi ол қатын алатын болса, мен ештеңе қоса алмаймын. Үш баламды асырап алсам да жетедi маған.

Шыр-пыры шығып қанша зар қақса да елпелектей жөнелуге дайын  сидаң iнiсiнiң  сөзiн құлағынан ары асырып жiберiп, дегбiрiн  қашырмастан мiзбақпай отырған үлкен әлi сабырлы. Дүңкiлдеген үннен көзiн ашып алған шал сығырая ұзақ iркiлдi. Аял қылмай қызбалана сөйлеген сайын ортаншы ұлын бағытынан жаңылып қап апалақтаған соқыр адамға ұқсатады.

&ndash Ойпырмай, сұмдық-ай, бұрынғылар  «ниетi жаманды құдай табады» деушi едi. Осы дүниеде пиғылым бұзылып көрмеген сияқты едi. Әкелiп-әкелiп мынадай күйдi көрсеткенiн қарамайсың ба, &ndash дедi шал өзiне-өзi сөйлегендей.

Сыртқа  шығаруға бағанадан оқталған кесiмiн айтудың есебiн таппаған шалдың әлжуаз сықылынан селт етер сергектiк жоғалғанына шошына  үңiрейген үлкеннiң пiшiнiне кенет түңiлiс ұялады. Басын кегжите шақшиған ортаншы төңiрегiне шапағаты тиiп жүрген саясы мол аңғарлы адамдай әкесiне емiне еңкейдi. Көкейiне тұтқиыл қонақтаған ойы жұқалтаң жүзiне шапшып шығып, соны iрке  тұруға сабыр-шыдамы жетпей:

&ndash Ата, &ndash дедi де күмiлжiп қалды. Ортаншы ұлының қатқыл даусынан басын көтерген шал кiлмиген  көзiн ұзақ  сығырайтты. &ndash Бұл үйге ие керек. Келесi жетiден бастап мен көшiп келем.

Селт етпеген шал бiрер шамадан кейiн әлденеден сезiк алғандай ортаншы ұлына жапақ-жапақ қарап қойды. Бiр орыннан тапжылмай қалшия қатып қалған үлкен  мынадай шұғылдықтың зардабы миын шабақтап өткендей  iнiсiнiң алдына жұлқынып жетiп барды.

&ndash Әй, анау сонда қайда қалмақ? Өз үйiне өзiн сыйғызбай қалай тентiретiп жiберемiз?!

&ndash Қарашаңырақты ұстай алмаған өзiнен көрсiн. Жүзге келген әкесiне обал емес пе.

Бұл жауапты мiсе тұтпаған үлкен тағы бiрдеңе айтпаққа оқталғаны сол едi, есiктен  атып шыққан әйелi:

&ndash Сен кiрiспе айналайын, сыртта жүрген адамсың, көшiп келе ме, қоя ма, өздерi бiлсiн, &ndash дедi.

Сөзге ортадан кигенiн жақтырмаған үлкен шалт қимылға баратындай қолын сермегенмен, бiрақ ақырып, тиып тастамады. Лезде сабасына түсiп, сөлбiрейiп қалған ағасының қылығын жақсылыққа жорыған ортаншы мойнын соза  жан-жағына одырая қарап алды.

&ndash Шұрқ етпеңдер, бес жылдың iшiнде әрқайсысыңа бiр-бiр машина мiнгiземiн.

Қайнысына таңырқай бағжиып қараған жеңгесi жылы шырай таныта жымиып үлгердi. Үлкеннiң мiзбақпаған отырысын қаперiне iлмеген ортаншы бес жылдың iшiнде бiр-бiр машинаны қалай әперетiнiн жердi сызғылап, қызу түсiндiруге кiрiстi.

&ndash Сенбейсiңдер ме, сенбесеңдер мейiлдерiң. Ол үшiн мен бұл жерде тiршiлiк iстеймiн.

Бағанадан қалғып отырған шал басын жұлып алды. Ортаншысының жұлқынған қимылынан көз жазбай сазара бағып, кенет алға сәл ұмсынып қойып сөйледi.

&ndash Әй, сен мәшине алма, пензеннiң бағасы уқорғасын, дөңгелек-сөңгелегi мен темiр-терсегiнiң құны өзiмен бiрдей көрiнедi. Оны жүргiзесiң бе, жоқ, бұрынғының ақшасымен есептегенде күн сайын бiр машинаға татитын шығын шығарып тұрасың ба?

Әке сөзiне көңiл аудармаған ортаншы ойының желiсiн үзбей ары қарай жалғастыра бердi. Шалдың сүрепетiне жаны күйзеле түксиген үлкен:

&ndash Ол  уақытта машина маймен емес, сумен-ақ жүре беретiн болады, &ndash дедi жүзi құбылып жанбастан.

Үлкен ұлына секем ала қараған шал көзiн бiр жапақ еткiзiп, екiойлы кейiпте iркiлдi. Iшiне түйiп үлгерген жайсыз пiкiрдi айтпасқа амалы  қалмағандай ошарыла аңқайып:

&ndash Құдайдың суына ауыз сала бастаса, оны түбi тауыспай тынбас, &ndash дедi.

Құптаған сыңай танытып, үлкен басын изедi. Ақыл-ойы сергек қалпындағыдай үлкен ұлының өңменiнен назарын алмаған шал:

&ndash Мұныңның онда заманақырдан қай жерi iлгерi?!

Ләм деп  жауап қатпаған үлкен екеуара күңкiлдесiп кеткен әйелi мен iнiсiнiң сырттарынан бақылап, әңгiмелерiне құлақ түрiп көрдi. Жазған әйелiнiң бет-пiшiнi iнiсiнiң әрбiр қимылы мен сөзiнiң иiрiмiне қарай  өзгерiп, құбыла түседi. Бiр орнында  дегбiр тауып отыра алмай шоқаң-шоқаң еткен ортаншы жердi ұзынды-көлденең сызғылап, қолын ары-берi сермелеп сөйледi.

&ndash Мына бақшаның аяғына дейiн  қора саламын да мал ұстаймын. Ескi үйдiң қасынан тауыққа үлкен тор жасаймын. Менде бәрi  қалдықсыз өндiрiс болады. Қалған жердiң өзi бақшаға жетедi.

Ортаншының сөзiн жұтына тыңдап, елпек қаққан әйелiнен көз алмай қадалған үлкен: «Қашпаған қысыр сиырдың қайран уызы-ай, шiркiн» &ndash дедi iшiнен кекете мырс-мырс  күлiп.

Ерте, ерте, ертеде өмiр сүрген әлгi шал жарықтық сол түнi түс көрiптi деседi. Осы өңiрде бұрынырақта жүз отыз төрт жыл өмiр сүрген бiр атақты әулие мұның үйiнiң төрiне үн-түнсiз келiп жайғасқанда бетiне тiктеп қарауға жүрегi дауаламай тайсақтап, бүгежектеген жазған: «Қап, мына қасиеттi әулиеге дастарқан жайылмайтын болды-ау! Әлгi келiн құрғырдың кетiп қалғанын қарашы» &ndash деп ойлап үлгередi. Кенжесiн дауыстап шақырайын десе булығып, үнi шықпай қояды. Сақалы белуарынан келген  шоң мұрын, жазық кең маңдайлы, шүңiрек көздi қапсағай денелi кiсi астамсып кекiрейместен бұған жылыұшырап қарап алады да: «&ndash Шырағым, күтiмiң болмай жүр екен-ау, күтiмiң болғанда, менiң жасымнан да асып кетер едiң. Оған  амал  бар ма, ендi отыз-ақ жыл өмiр сүресiң», &ndash дедi. Дуалап тастағандай мең-зең боп отырып қалған шал есiн ендi жиып, әулиеге бiр ауыз тiл қатпаққа оқталса &ndash үшты-күйлi жоқ. «Қап, әттегене, қызыр екен-ау, отыз жыл өмiрiн сыйлағанша, бармақтай бағын бергенде-ақ болатын едi-ау» деп ойлағанда жүйе-жүйесi босап, елжiреп-елбiреген  босаң күйде оянса көзiнiң алдына шық тұрып, кiрпiгi шыланып қалыпты.

Қабырғаға iлiнген кiлемнiң бұрынғы орны айбақ-сайбақ, бұрыш-бұрышта  тұрып қалған шаң-шаң сүңгiлер қыстың күнi қыраулана iсiнiп-қабынған құдды бағана  сымдарындай жуан-жуан. Ортада әбден жуылып-жуылып тулақша бырысып-тырысқан көнетоз палас. Бiр жақ қапталды тұтас алып тұрған ағаш заттардың есiктерi ашық-шашық, тұтқа атаулыдан тұлдыр жоқ жым-жылас, көлденең  әйнектерiнiң бетiне қалың қабатты баттиған шаң қоныпты. Келген-кеткендердiң бiреу-мiреуi кiрген-шыққандарының белгiсiндей саусақтарының iздерiн ырсита-ырсита сызып тастап кетiптi. Бұл жұрт дегенiң де бала болып кеткен бе, соны сызбай-ақ қойса не  қылады екен. Бағанадан берi қыбыр етпей жатқан шал түсiнде әулиенiң тағы отыз жыл өмiр сыйлап кеткенi есiне сап ете түскенде көңiлi қобалжып, көкiрегiне шер байлана бастады. «Құдайым-ау, осының өзiне қатты шаршап қалғанда, тағы отыз жыл деген сұмдығына қалай шыдар екем?!» дедi шынымен-ақ күйзелiп.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста