Гүлжан АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ: ЖЕТІМ КӨҢІЛ

Гүлжан АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ: ЖЕТІМ КӨҢІЛ

(әңгіме)
– Сіз бақыттысыз ғой...
Үнсіз қалдым. Не «иә»,не «жоқ» деп мақұлдамадым. Бір сөзбен айтқанда не айтарымды білмедім. «Жоқ қателесесіз. Мен де соры қайнаған жанмын» десем, өзіме риясыз көңілмен қарап тұрған жанның көңілін қалдырармын деп ойладым. Мейлі солай-ақ ойласын. Білмей-ақ қойсын. Жүрегімде күннен-күнге балалап жатқан қара албастыдай қайғының барын.
Қазір де барлық қайғым мен жүректе қотырланып біткен жан жарамды күлкімен бүркедім.
– Кейде мен сізге қарап отырып қызығам. Қазір аз ғой... аз ғой сіз сияқты адамдар. Шын сөзі. Түрінен білініп тұр. Өйткені жүзіне мұңның табы ойнап шыға келіпті.
Несі бақыт. Бала күннен бері жүрегімде пайда болған алапат сезім әлі күнге дейін маза бермей келеді. Сол сезім ғой менің бал күлкімді ұрлаған. Құрбыларым алаңсыз күліп-ойнап жүргенде «неге» деген сұраққа бас қатырумен болыпппын. Алдыға қарай бір қадам басқан сайын сүріне бердім. Түсінбеймін. Жо-жоқ, керісінше мені ешкім түсінбейді. Адамдар үшін жұмбақпын. Сол үшін де қызыға қарайды.
Шаршаппын. Неге екені белгісіз ағыл-тегіл жыладым. Өзімнен-өзім. Оңашада. Оңашалық сырласым болып алған. Қашаннан бері осы. Ешкімге білдірген емеспін. Cырт көзге бақытты көрінетінім де сондықтан ғой...
Көз жасым мен барлық қайғы қасіретімді баққа қалдырып, үйге келдім. Табалдырықты аттай бере фортопианоның тілдерінен төгілген мұңды әуен алдымнан леп болып төгілді. Бетховен, жо-жоқ Моцарттың азалы шығармасы. Мұңды. Тұңғиыққа жетелейді. Онсыз да жетімсіреген жүректі жүдететін әуен. Төргі бөлмеге өздым. Осы сәт пианино тілдерінен төгілген нота дыбысы тар бөлмеде ызыңдап тұрып қалды. Ол ойнауын кілт үзді.
– Қайда болдың? Жауап бергім келмеді. Күнделікті бір әуен, бір ғана сұрақ. Күндегісі осы. Мелшиіп тұрдым да қойдым.
– Қандай сорақылық, өз үйіңде өз әйелің жауап бермейді.
Үнсіздік. Шіркін-ай, мәңгілік үнсіздік орнаса ғой жер бетінде.
-Түсінбейсің. Сенің мені түсінгің де келмейді. Ең құрымағанда жансыз мына жәшіктен де сорақы болды менің халім.
– Сонда менің не істеуім керек? Неге біз осы адамдардың өзімізді түсінгенін қалаймыз.
– Сен менің әйелімсің.
– Сондықтан да менің бар нәрсеге төзімділік танытуым керек. Бірақ әр нәрсенің шегі бар ғой. Неге өнбейтін бір істің шетін шығара беруден шаршамайсың? Талантымды қадірлемеді деп көпке топырақ шашпақшымысың. Олай ренжуге қандай құқың бар? Және ғұмыры қысқа шығарманың өмірге келмей-ақ қойғаны жақсы.
Қатты айттым. Тілімді тістей қойдым. Хақым жоқ еді ғой бұлай айтуға. Бірақ айтылды. Айтылған сөз атылған оқпен тең.Көзі қанталап, дір-дір етіп жетіп келді. Қол көтеруге дәрмені жетпегендіктен, басын ұстап бүгіле берді. Өз күйеуіңнің дәрменсіздігін көруден азаптың жоғын ұқтым. Мен керісінше қатая түстім. Сазарып, қанымды ішіме тартып тұрып қалдым. Ол барды да қолына түскен темірмен жазықсыз фортопианоны ұрғылай бастады. Тілдері көкке ұшып жатты.
– Мә, саған, ақыр түкке керегі болмаса. Кімге керек, неге керек.... Еңіреп отыра кетті.
– Қандай бақытсыз едім....
Бірақ бұл сөзді өзімнен басқа ешкім естімеді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста