Журналистиканың барар жері — блогосфера

Журналистиканың барар жері — блогосфера

Ғаламтор өмірге ең қажетті құралға айналған қазіргі кезеңде ақпарат кеңістігіндегі журналистің жұмысын интернетсіз елестету мүмкін емес. Қоғамның ақпаратқа қажеттілігін өтейтін журналистер үшін ақпарат алысып, мәлімет бөліскенге үлкен мүмкіндік беріп отырған ғаламтор журналистика әлеміне революция жасады. Бүгінде журналистің әлімсақтан негізгі міндеті болған қандай да бір оқиғаны қоғамға қаз қалпында жеткізу жұмысы ғана қалды демесеңіз, жұмыс істеу стилі, ақпарат тасымалдау жолындағы түрлі механизмдер тұтас өзгерді. Интернеттің кең таралуы журналистиканың ішінде тағы бір жанрдың, яғни интернет-журналис­тика­ның пайда болуына әкелді. Мамандар жаңа жанрдың басталуын XX ғасырдың соңы деп көрсетіп жүр.
Шыны керек, интернет-журналистика Батыс әлемімен салыстырғанда Қазақстан түгіл, ТМД көлемінде шабандау. Техника, технология қарқын алған елдерде интернет-журналистика бізден әлдеқайда ерте қалыптасып, даму сүрлеуін тапты. Кейбір елдерде жоғары оқу орындарында интернет-журналистика бойынша дәрістер оқытылады екен. Техникалық мүмкіндіктер бізде де пайда болғаннан кейін, интернет-журналистика бізге келді. Бірақ интернетте жалпы ғаламтормен жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіретін арнайы теория жоқ. Ресейдің өзі осы салаға қатысты оқулықтар, кітаптардың жоқтығын айтады. Кеңестік кеңістікте бұл сала бойынша батыстық еңбектер кең тараған. Көпшілікке кеңінен тараған Майердің «Жаңа сараптамалық журналистика» атты еңбегі сияқты кітаптар қазақ тілінде жазылса, құба-құп болар еді.
Ғаламтормен үндес Батыстан үйренеріміз көп
Ғаламтормен біте қайнасып кеткен Батыс Еуропада, АҚШ-та интернет-басы­лым­дардың саны да, сапасы да жоғары. Тиісінше, қоғамға, билікке ықпалы да бір­шама. Электронды журналдардың оқыр­мандары көп болады. Оқырманның сұ­ра­нысына сәйкес АҚШ-та, еуропалық мем­лекеттерде ғылымның әрбір саласы бо­йынша ашық, қолжетімді электронды басы­лымдар бар. Индустрияландыруға ден қойған еліміз үшін ғылыми саладағы осын­дай журналдарды көптеп ашу қажет. Аме­рикалық физиктер қоғамының Phy­sics, физиктердің тағы бір журналы Jour­nal of High Energy Physics-тердің оқыр­ман аудиториясы өте кең. Сонымен қа­тар орыс және эсперанто тілдерінде қа­тар шығатын Fenestro халықаралық әдеби журналын айтуға болады. Шыны керек, біздегі айына, үш айда бір-ақ рет шыға­тын кәдімгі ғылыми журналдардағы кезегін күтіп қаншама мақала жатыр. Ол мақа­ла­лары шыққанша, жас ғалымдардың жаңа­лығы іске жарағысыз болып қалуы да мүм­кін. Сондықтан кез келген жаңалықты, ақпаратты, мәліметті қоғамға бірден тікелей ұсыну үшін интернет-басылымдар аса қажет. Және электронды басылымдардың саны шектеулі болмайды. Керісінше, ға­лам­торға қолы жеткен барлық адамның еркін әрі кез келген уақытта оқуына болатын жағ­дай жасалуы қажет.
Азаматтық журналистика дегеніміз не?
Журналистің негізгі функциясы болып табылатын қоғамды ақпаратпен қам­тамасыз ету жұмысын қазір жеке бло­гы бар әрбір азамат атқара алатын бол­ды. Сондықтан да шығар, ғаламдық дең­гей­дегі сарапшылардың өзі блоггерлікті азамат­тық журналистика деп атап жүр. Оқи­ғаны көзбен көрген, блогы бар әрбір адам ақпараттың қайнар көзі бола алады. Яғни оқиға барысын жеке блогына жазу ар­қылы қоғамды дәстүрлі ақпарат құрал­дарынан бұрын құлағдар етеді. Тиісінше, ол блоггердің оқырмандары да арта түседі.
Блоггерлер азаматтық журналисти­каны қалыптастыруда дейтін себебімізге дәлелдер көп. Мысалы, Ресейдегі «Норд-Ост» лаңкестік оқиғасы кезінде халық дәс­түрлі ақпарат құрал­дары­мен қатар, мәс­кеулік жеке блог­герлердің жазбала­рын да көп қараған. Ирактағы соғыс ке­зінде ақпарат құралдары айта бермейтін кейбір мәліметтерді жеке блоггерлер фотосуреттермен көмкеріп, ақпаратты шынайы әрі ашық жеткізіп отырды. 2005 жылғы Қырғызстандағы төңкерісті өз бло­гына тұрақты түрде жазған бішкектік Елена Скочило ресейлік «РОТОР» интернет қызметінің «Жыл блогы» номинациясын жеңіп алған болатын. Әзірге біздің блог­герлердің саны айтарлықтай көп емес.
Асхат ЕРКІМБАЙ, журналист, блоггер:
– Бұрындары компьютер десе, көз алдымызға үлкен компьютер ғана елес­тейтін. Қазір оның қызметін планшет, ноутбук, нетбуктер де атқара беретініне көзіміз жетті. Сол сияқты техникалық мүмкіндіктер артқан сайын интернет-журналистиканың да аясы кеңейіп келеді. Әзірге қазақтілді бло­гос­фе­ра­ның дамуына журналистер ғана ең­бек сіңіріп жүр. Бұл — түсінікті жайт. Қо­ғамда болып жатқан барлық жағ­дай­дан хабардар, ақпараттың қайнар көзіне жақын жүретін журналист бол­ғандықтан, олардың блог жүргізуі — заң­дылық. Қазір шетелде барлық маман иесі блог арқылы жұмыс істейді. Бізде енді ғана басталғандықтан, әзір­ге журналистер ғана белсенді болып отыр. Бұл – барлық елдің тәжіри­бесінде болған құбылыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста