Зорлықтан шошынып жүргенде, мәйітқұмарлық қайдан шықты?

Сонау сақ дәуірінен бастап Кенесары ханға дейін пайдаланылып келген «шолақ соғыс» далалық шайқастарда таптырмас әдіс болды. Мұнда тұтқиылдан жау қосынының бүйірінен соққы беріп, кейін шегіне жөнеледі. Алға озған қуғыншылар заматта бір-біртіндеп жер жастанып жатады. Осындай ғаламат әскери тактиканың арқасында Кир, Дарий, Ескендір сияқты жаһанды жаулаушылардың өзі қазақ жеріне келгенде тауы шағылып, амалы таусылған. Сақ патшасы Иданбарыстың дүниені дүр сілкіндірген Дарийге «Егер де бізбен соғысқыларың келсе, ата-бабамыздың зиратын тауып алып, қол тигізіп көріңдер. Қасиетті ата-баба аруағы үшін біздің қалай соғысатынымызды сонда білесіңдер» деуінде үлкен мән бар. Қасиетті төбені қасық қаны қалғанша қорғайтын өр рухты бабалардың бүгінгі ұрпағында әлгіндей аруақтарды қастерлейтін дәстүр сабақтастығы сақталды ма?

                               Абай ОМАРОВ (коллаж)
Көгілдір экрандардан ғана көрініс табатын жантүршігерлік оқиғалар өмір шын­дығына айналды. Өлі денемен жыныстық қатынасқа түсетін некрофилдер, адам етін жейтін каннибалдар қазақ жерінде де пайда бола бастады. Психи­калық ауытқушылық ретінде қаралатын қоғамға қауіпті дерттің ушығуына арнаулы мамандар да алаң­дау­лы. Алматы облысына қарасты Новоалексеевка елді мекенінде адам етін «азық етушілерді» оқшаулап ұстайтын арнайы интенсивтік бақылаудағы республикалық психиатриялық аурухана бар. Көптеген қыз-­келіншекті зорлап өлтіріп, сосын «ас-ауқат» еткен әйгілі каннибал Николай Жұма­ғалиев те қазір осы ауруханада жатыр. Бір кездері Жұмағалиевті «тәртібі, мі­нез-құлқы жақсарды, істеген ісіне өкінеді, енді қоғамда ел қатарлы өмір сүре алады» деген қорытынды жасалып, ол еркіндікке шығарылған еді. Бірақ көп ұзамай Алматы өңірінде жаншошытарлық мәйіт қал­дық­тары табылып, Жұмағалиевтің «баяғы әні­не басқаны» дәлелденді. Содан кейін атышулы каннибал-маньякты арнайы мекемеде өмір бойы ұстау туралы шешім шықты. Қазір мұнда тек ерлер ғана емес, арасында әйелдер де орын алған екен. Күні кеше Семейде қабір қазып, өлілерге тыныштық бермей жүрген некрофил құрықталды. Тірісінде қолы жетпеген әйелді азғын ол өлген соң армансыз құшқан. Жансыз денелермен «жақындасу» оқиғаларын мәйіт­хана маңайынан іздейтін жұртты бұл жағ­дай, расында, қайран қалдырды. Алматы қалалық сот-дәрігерлік сараптама орталы­ғы директорының орынбасары Тахир Халимназаров «Есі дұрыс жан мұндайға бармайды. Өйткені адам қайтыс болғаннан кейін бір күннен кейін-ақ сасып, бұзыла бастайды. Ауруханалардағы мәйітханалар­да біздегідей қатаң қадағалау жоқ. Күзет қойылмайды. Мүрделерді арнайы бақы­лап отырған ешкім жоқ. Ертеңгілік дәрігер келген уақытқа дейін некрофилизмнің болуы әбден мүмкін. Біз сот-медициналық сараптама орталығы болғандықтан, мүр­делер арнайы қаулымен түседі. Қылмыстық жағдайларға тығыз байланысты болған­дықтан, тұрақты сараптамалық тексерулер жүргізіледі. Қанша заңы қатал дегенмен, Кеңес үкіметі тұсында да мұндай оқиғалар­дың шет жағасын еститінбіз. Мәйітханада жұмыс істегеніме 22 жыл болса да, нақты ондай оқиғамен ұшырасқан емеспін» дейді. Ал психолог Әбдуали Мәмеділдің пікі­рінше, педофилдер балабақшалар мен мек­тептерге жұмысқа тұруға тырысса, некрофилдер патологоанатом дәрігерлерден шығу ықтималдығы көбірек көрінеді. «Дертті адам өз бойындағы сұранысқа орай бейсаналы түрде әлгіндей мамандықтарды таңдап алады» деп есептейді ол.
Дәулет ДҮЙСЕНБЕКОВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және этникалық психология кафедрасының профессоры, психология ғылымының докторы:
– Адам баласы өзінің алғашқы қалыптасу дәуірінде тірі қалу үшін өлексемен қоректенуіне тура келген. Өркениет дамыған соң, мұндай қажет­тілік те жойылды. Бірақ жүз мыңнан бір нәрестеде бұл атавизмдік (тұқымқуа­лаушылық) сипатта көрініс табады деп есептейді ғалымдар. Адам өмірін ата-анадан көрген қатыгездік қатты өз­гертеді. Кеңес үкіметі тұсында елуден астам өрімдей ұл-қызды зорлап-қор­лап өлтірген Чикатило шешесі өмірге келуін қаламаған ұл болыпты. Балалық шақтағы анадан, өмір сыбағасынан тартқан қысастығының кегін жас балалардан алды емес пе? Психикалық дертпен ауыратындарды 9 топқа бөледі. Соның ішінде некрофилдерді өзін-өзі ұстай алмайтындарға немесе әлеуметке қарсылық тудырушыларға жатқызуға болатын тәрізді.

Анар БАЙШҮКІРОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және этникалық психология кафедрасының доценті:
– Әйел затына батылы жетпейтін немесе тіпті көңілі қалған, яғни өз-өзіне сенімсіздік сияқты психикалық ауытқу­шылыққа душар болған адам осындай қадамдарға барады. Өйткені жансыз дене оған ешқандай қарсылық көрсет­пейді. Өзін толықтай қожайын сезінеді. Африкадан шыққан әлдебір тайпаларда мұндай дәстүр де болған. Сол қан қуалап келіп, әртүрлі факторлардың ықпалымен іштегі ақпарат қайта «тірі­леді». Қазақта жеті атадан асырып барып қыз беретін салт бар. Жақын адамдар қосылғанда биологиялық қана емес, психологиялық мутанттардың туы­латынын психогенетика ғылымы дәлелдеп отыр. Әлем қызығып отырған жеті атаны біз құнттай алмай отырмыз. Қандай адам болғанын жеті атасына қарап білген ғой. Өзінің тегін танымайтындар қаншама? Тастанды қыздың ертеңгі күні білместікпен өз әкесімен тұрмыс құрмасына кім кепіл? Нағыз мүгедек сонда шықпай ма? Аналардың мүгедек перзент әкелуіне, ішімдік, темекі, есірткі пайдалану, экологияның бұзылуы әсер етеді. Қарбалас қалада адам саны өскен сайын психикалық дерт көбейеді. Әр адамның жеке пси­хи­калық кеңістігі болады. Сол кеңістік тарылған сайын жүйке-жүйе құртыла береді. Қалада бәрі төртбұрыш болып келсе, далада табиғат құбылыстары әркелкі сипатта. Ұқсас дүниелерді көре бергеннен де ми шаршайды. Кептелісте тұрып қалудың өзі жүйкені құртады.

Көбіне тән дертіне ғана мән беріп, жан сырқатын ұмыт қалдырып жатамыз. Мектепте денешынықтыру пәні бар, бірақ рухани тәлім беретін жан сауықтыру сабағы жоқ. Ұлттық құндылықтар негізіндегі жан саулық пәні оқу орын бағдарламаларына енсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста