Жеті айға созылған Жамихирияның жыры түгесілді ме?

Жеті айға созылған Жамихирияның жыры түгесілді ме?

Әлем назарын өзіне аударған Мағриб аумағының қиыр шығысында орналасқан Ливиядағы жағдайға жеті айдың жүзі болыпты. Мысыр мен Тунисте болған төңкерістерден кейін ішкі тұрақсыздықпен бетпе-бет келген Ливиядағы оқиғалар­дың салдары көрші елдермен салыстырғанда өзгешелеу болып шықты. Себебі Жами­хи­рияның негізін қалаушы Муам­мар Каддафи Тунис тізгі­нін 23 жыл ұстаған Бен Әли мен Мысырды 30 жыл билеп-төс­теген Хосни Мүбарак сияқ­ты биліктен оңайлықпен кет­пейтінін о баста мәлімдеген еді. «Не бел кетеді, не белбеу ке­те­ді» деп ұрандатқан Кад­да­фидің ақпан айында баста­ған әрекеттері жаппай толқуға әкеліп, соңы азамат соғысына ұласты. Әлемдік қауымдас­тық­тың үлкен қолдауына ие болған Ливия Республи­ка­сы­ның өтпелі кезеңдегі ұлттық ке­ңесі жеңіске жетті десе де бола­ды.

Қақтығыстың үш себебі
Ливиядағы азаматтық соғыстың себе­бін әркім өзінше болжайды. Нақты, дәлелді тұжырым жоқ. Оған себеп те жоқ емес. Мысалы, Мысыр мен Тунистен қарағанда Ливияның әлеуметтік жағдайы әлдеқайда жоғары болған. Сөзімізді дәлелдей кетсек, Бүкіләлемдік валюта қорының есебі бойынша Ливия экономикасының өсімі 5,4 пайыз болды. Қақтығыстарға дейін ІЖӨ 14,878 АҚШ долларын құрады. Бұл мемлекет әлем бойынша адам өлімінің көрсеткіші ең төмен елдердің бірі болды. Ливияда ер адамдардың орта жасы – 80 жас. Тұрғын халықтың 87 пайызы жоғары білімді. Осылай бола тұра, тұрақтылыққа не түрткі болған деген сауалдар жиі қойылады. Біздіңше, ең бірінші, Ливиядағы қарулы қақтығыстың өршуіне елдегі жап­пай жұмыссыздық ықпал етуі мүмкін. Себебі 2009 жылдың деректеріне қараған­да, халықтың 20,7 пайызы жұмыссыз деп танылған. Бұл – әлем бойынша жұмыссыз­дық­тың ең үлкен көрсеткіші. Екіншіден, Муаммар Каддафи Сирия басшысындай дер кезінде оппозициямен келіссөздер жүр­гізбеді. Үшіншіден, Мысыр мен Тунис­те­гі төңкерісті жүзеге асырған әлеуметтік желі факторын да естен шығармағанымыз жөн.
Ливияның тұрақтылығына бүкіл әлем мүдделі
Бұл елдегі қарулы қақтығысты реттеу үшін әлемдік державалар, ірі халықаралық ұйымдар да, жекелеген саясаткерлер де атсалысты. Бірақ бір елді қырық жыл бас­қарған әмірші айтқанынан қайтпады. Әлем бойынша мұнай өндіруден сегізінші орын алатын Ливиядағы жағдайдың тұ­рақ­тануына әу бастан мүдделілер көп болды. Себебі бұл мемлекет қара алтыны­ның 9/10-ы Еуропа елдеріне жөнелтеді. Атап ай­тар болсақ, жамихирия мұнайының Ита­лияға 32, Германияға 13,4, Францияға 10, өзге Еуропа елдеріне 13 пайызы жібе­рілсе, Қытайдың үлес салмағы – 10, АҚШ – 6, Малайзия, Үндістан, Сингапур сияқты үш мемлекетке 4 және Бразилияға 3 пайыз қара алтын экспортталады. Ливияның мұ­на­йына мүдделі болмаса да, Ресейді де ес­тен шығармау қажет. Себебі өткен жылы Ре­сей мен Ливия 1,3 млрд евро көлемінде қа­ру саудасы бойынша ірі келісім жаса­ды.
Каддафиді де қолдайтындар бар
Муаммар Каддафиге Зимбабве мен Си­рия қару-жарақ жіберіп материалдық көмек көрсетсе, Венесуэла Президенті Уго Чавес пен Никарагуа басшысы Даниэль Ортега «АҚШ бастаған озбыр саясатты жасаушылар­дың көкейін тескен Ливия де­мократиясы емес, мұнайы» деп моральдық тұрғы­да қол­даған болатын. Тіпті әлемдік ақ­парат құрал­да­рында Беларусь елі де Ли­вияға қару-жа­рақ жөнелтті деген мәлі­мет­тер жарияланды. Қарулы қақтығыс бол­ға­ннан кейін адам шы­ғыны да аз болған жоқ. Шіл­де айында британиялық The Daily Tele­graph басылымы азаматтық соғыста жалпы саны 20 мыңнан астам адам қаза болғанын жаз­ған еді.
Ресми түрде бейтарап қалған үш елдің бірі – Қазақстан
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Ливияға қар­сы күш қолдану резолюциясына қол қою­дан бас тартқан Қытай елі алғаш­қы­лардың бірі болып бейтарап саясат ұстан­ды. «Бостандық аралы» атанған Куба да осы жолды дұрыс деп тапты. Сыртқы істер ми­нистрлігінің өкілдері «Ливияның еге­мен­дігі, территориялық бүтіндігіне мүдде­лі­міз» деп мәлімдеп, Қазақ елі де бейтарап қал­ған-ды. Жалпы, әлемдік оқиғалар ке­зінде дипломатиялық сауаттылық аса қа­жет. Бұл тұрғыда әліптің артын баққан Қа­зақ­стан арық сөйлеп, семіз шықты. Дүй­сен­бі күні ҚР сыртқы істер министрінің орын­басары Қайрат Сарыбай Ливияның Қа­зақстандағы өкілі Ахмед Әд-Дибті қа­был­дағаны мәлім болды. Айта кетейік, Ливия Республикасының уақытша үкіметін 80 мемлекет мойындады. Ресми Астана Ислам ынтымақтастық ұйымы СІМ Кеңе­сі­нің қазіргі төрағасы ретінде ұйым ресурсын Ливиядағы гуманитарлық дағдарысты еңсеруге бағыттайтын болады.
Каддафидің қарсыластары ел астанасы Триполиді және басқа да маңызды шаһарларды өзіне қаратқаннан кейін әлем елдері бірінен соң бірі уақытша үкіметтің легитимділігін мойындап, дипломатиялық қатынастарға мүмкіндік ашып жатыр. Каддафидің қарсыластары құрған өтпелі кезеңдегі ұлттық кеңес халықаралық қауымдастық тарапынан қолдауға ие болып, Жамихирия әміршісінің әскерін тықсыра бастады. НАТО, БҰҰ сияқты ірі халықаралық ұйымдардың қолғабыс етуімен бірте-бірте Ливияның маңызды қалаларын қолға алды. 80 ел мойындаған ұлттық кеңесті билікке келді деп айтуға толық негіз бар. Алайда уақытша үкіметке посткаддафилік кезеңнің оңай соқпасы анық.
Азаматтық соғыстың гуманитарлық салдары қандай?
Соғыстың аты – соғыс. От тұтанып, адам шығыны болған жерде міндетті түрде әлеуметтік, саяси, мәдени, бір сөзбен айт­қанда, гуманитарлық дағдарыс орнайтыны екібастан белгілі. Екі тараптың әскерилері мен бейбіт тұрғындарды қосқанда, 20 мыңнан астам адам көз жұмды. БҰҰ-ның Жоғарғы комиссария басқармасының деректеріне қарағанда, босқындардың саны 180 мыңнан асқан. 77 мың ливиялық Мысырға қашса, 80 мыңға жуығы Тунис асқан. Із-түзсіз жоғалғандардың саны 6000 адам деген дерек бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста