Жапон қызы, қазақтың келіні ретінде Елбасы Н. Назарбаевқа иіліп сәлем салды

Бүгін Ақордада Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен кездесуі барысында жапон қызы, қазақтың келіні Сэрина Сунагава Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа салтымызға сәйкес сәлем салды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы. "Мен жапон қызымын, қазақтың келінімін. "Астана-операның" солистімін. Жалпы қазақ пен жапон ұқсас халықтар. Мен қазақтың салтымен, жапонның дәстүрімен Сізге сәлем саламын", - деп иіліп сәлем салды Сэрина Сунагава кездесу барысында.Елбасы бұған ризашылығын білдіріп: «Бақытты бол» деді. Айта кетейк, Сэрина Сунагава "АстанаОпера" театрының балеринасы. Ол өзінің балалық шағын Окенава аралында өткізсе, кейін Санкт Петербор қаласында ресейлік балет мектебін тамамдаған. 2005-2013 жылдар аралығында Астанадағы К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында еңбек етті. 2013 жылдан "Астана Опера" театрында. Опералық әртіс Сүндет Байғожинге тұрмысқа шыққан. Екеуі отбасында Сәния атты төрт жасар қызды тәрбиелеп жатыр. "Астана- Опера" секілді театрда өнер көрсету менің арманым болған еді. Қазір менің арманымның бәрі осы театрда көрініс тапқан, ол орындалды. Осы үшін Сізге үлкен алғысымды айтқым келеді", - деді қазақтың келіні Сэрина.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста