«Заңға бағыну - барлық қазақстандықтардың міндеті»: Бауыржан Байбек Қордайдағы жанжалға қатысты пікір білдірді

 Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжалға байланысты пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бауыржан Байбектің мәлімдемесі Nur Otan партиясының Instagram-парақшасына жарияланды.

Ол Қордайда қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтты. Елді бейбітшілікке шақырды.

«Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады. Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын. Біз осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабырлылық танытқанымыз жөн. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, Премьер-министрдің орынбасары төрағалық ететін Үкімет комиссиясын құрды. Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі - халқымызға керек. Заңға бағыну - барлық қазақстандықтардың міндеті. Ешкімге құзырлы органдарға күш көрсетуге жол берілмейді», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, Байбек ұлтараздықтың кесірінен халық зардап шегетінін атап өтті. Барлық мәселені заң шеңберінде шешуді ұсынды.

«Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай. Егер елде татулық болмаса, ең алдымен халық зардап шегеді. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс. Баршамыз, ең алдымен, партияластар, осыған ұмтылуымыз керек», - деді Б. Байбек.

Skifnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста