Ұсталық өнер ұмыт қалып барады

Көздің жауын алатын небір техниканы жасап шығарып жатқан бүгінгі заманда өткенге оралып, ұмытыла бастаған ұсталық өнер жайында сөз қозғаудың өзі біреуге қызық көрінетін шығар. Алайда қазақ халқының ежелден ешкімнен кем түспейтін қолөнері болғанын өзге жұрттың алдында қалай насихаттай аламыз? Түп-тамырын тереңге тартқан біздің ұлтымыз да ешкімнен кем түскен жоқ. Елдің арасында темірден түйін түйген, сан алуан ағашты кәдесіне жаратқан және өзге де өнердің майын ішкен шебер қолды адамдар саны аз болды ма? Расын айтқанда, олардың саны өте көп. Бәлкім, олардың кейбірін кейінгі ұрпақ жадынан жоғалта бастаған да шығар.
Аттың үстінен түспей, күн-түн деместен кірпік іл­мей, сынық сүйем жердің қасиетін бағалап, сол үшін қанын да, жанын да құрбан еткен қайран бабаларға қару-жарақты алтын қолды ұсталар жасап берді емес пе?! Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық өнерді киелі кәсіп түрінде бағалап, осындай шеберлерді төрге оздыр­ғанын кез келген ұлтжанды азамат зердесіне тоқып өскені бесенеден белгілі. Өкінштісі сол, кие бізден жо­ға­лып бара жатыр ма деген ойға қаласың. Өйткені бү­гінгі ұрпақ ұсталық өнерді ұмыт қалдырып, жаһандану заманының иіріміне терең батып бара жатқанын қалай­ша жасырамыз?! Замана көші қанша жерден тоқтаусыз жылжи түс­ке­німен, біз өткенімізді, тарихымызды, ше­жіреге бай өмі­рімізді ешқашан ес­тен шығара алмай­мыз. Алайда бү­гінгі ұрпақ ға­сырдан-ғасырға жал­ғасып, ұрпақтан-ұр­паққа аманат болған төл өнер­ді босағадан оздыра ал­май жүрген жайы бар. Қайран қазақ қадірін жете түсініп, төбесіне көтерген ұсталықтың киелілігі мынада жатыр. Ол атадан балаға қан арқылы тарап, қаншама дәуір бойы дүйім елдің жүрегінде мақтаныш туғызды. Қазіргі күні бұл өнерді саусақпен санарлық бірен-саран адам ғана жанына серік етіп, одан өзіне рухани ләззат алып жүр десек те болатындай. Себебі оған ешқандай қы­зы­ғу­шылық жоқ. Кейде шетелден келген мейманға кә­десый ре­тін­­де ұсынуға қажетті бұйымды таппай, кө­ше кезіп сенделіп қалатынымыз тағы да бар. Өйткені бұл бұ­йым­дар арнайы жерде са­тыл­майды. Оны жасату үшін шеберге арнайы тапсырыс бе­руің қажет. Олар да та­была қойса жақсы. Бүгінгі на­рық заманында әркім тір­­ші­лік қамымен түрлі жұмыстан нәпақа табудың қа­мына кі­рісіп кеткен. Бұл орайда ұсталарға өкпе ар­тудың да еш­қандай реті жоқ секілді. Себебі ешқандай қол­дау көріп жатпаса, ата-баба өнерімен шиттей бала-шағаны асырай ала ма? Тіпті ұсталық өнерді білетін жандардың арасында жас­тар­дың сирек кездесуінің басты себебі де осында жатқан секілді. 
Сайділда СӘДУАҚАСОВ, Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы қолөнер шебері:
– Ұсталық – өте қызық өнер. Көздің жауын алып тұ­ратын дүниені жасап шыққан сайын рахат күйге бөленесің. Сол кәсіптің қыр-сырына одан әрі қаныға түскің келеді. Темірден түрлі бұйымдар жасау мен ағаш жонуға асқан ептілік қажет етіледі. Болмаса, ой­лаған дүниең шыға қоймайды. Әрбір істі бастар алдында жасайтын дүниеңді ойша жоспарлап ала­сың. Содан кейін барып жұмыс басталады. Жалпы, зер­герлік те, ұсталық та қаншама уақытыңды талап етеді. Осыған шыдамың жетсе, ойыңдағы орын­да­ла­ды.

Соңғы жылдары елдің арасында ұсталық өнердің ұмы­­тылып бара жатқаны жасырын емес. Қазіргі таңда көп­­шілік тұтынатын зат­тардың барлығы дерлік техни­ка­ға қатысты болып отыр. Қандай затты қажет етсең де, ал­­дыңнан табыла кетеді. Сол се­бепті елдің арасында қол­­дан жа­салатын дү­ние­лерге сұ­раныс күрт азайып ба­рады.
Кейінгі буынның арасында ұлттық өнер­ді үйренуге деген ынтаның төмен бо­лып тұр­ғаны сондықтан шығар. Ұста­лар­дың ай­туын­ша, зергерлікпен айналысуға ши­­кі­зат көзі де тапшы. Бүгінгі күні күміс тең­гелер көзден ға­йып болды. Ол бұрын зер­герлікке зер салатын адам­дар­дың не­гізгі шикі­зат көзі еді.
Күміс теңгелерді қай­та қо­рыту ар­қылы сақина-білезік жасалатын. Тіпті ер-тұр­ман­дарға сән беруге де жаратылатын. Сайділда ағамыздың айтуынша, ке­зін­де елдің арасында осын­дай қолөнер бұ­йым­дары арқылы кеңінен танылған аза­мат­тар көп болған. Бір ғана Тереңөзектің тө­ңі­ре­гінде Құрманғали, Мамырай, Жұ­матай есім­ді зергерлер болған екен. Олар­дың жа­саған бұйымдары халықтың игі­­лі­гіне ай­налды. Атап айтқанда, әйел­дерге ар­нал­ған жүзік, сақина, білезік, шашбау, бой­­тұмар, алқа елдің сұранысын өтеп жат­ты. Қазір пышақ және шалғы секілді егін­ші­­лерге қажетті дүниелерге де сұраныс жоқ.
Өркениетті елдерде қолөнер бұйым­да­рына деген қызығушылық өте жоғары. Қол­дан жасалған дүниелер үлкен сұра­ныс­қа ие. Өкінішке қарай, бізде әзірге ондай көз­­қарас жетіспей жатыр. Мәселен, қазір елі­мізге зергерлік бұйымдар, негізінен, сырт­тан келеді. Ал өзімізде алтын қолды аза­­маттар аз емес. Қаншама қаржы өз­ге­нің қалтасын толтырып жатыр. Сондай орын­­дарды өзімізде ұйымдастыра ал­май­мыз ба? Қазақ жерінде металдың түр-түрі бар. Арнайы шеберханалар ашып, онда ше­бер­лердің басын қоссақ, көздің жауын алар­лық қаншама дүние көпшіліктің кә­десіне жарар еді. Біздің елдегі шеберлердің де тәжірибесі мол. Олардың осындай көп жыл­ғы еңбегін жас ұрпақ бойына сіңіре ал­сақ, атадан балаға жалғасып келе жат­қан ұлттық қолөнер өркенін жая түсетіні ай­қын.
Ғалымдардың айтуынша, қазақ жерін­дегі ұсталық өнер қола дәуірінен бері ха­лық­­пен бірге жасасып келеді. Олар қа­лыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу секілді дүниелерді жасап шығарған. Қолдағы шикізатына қа­рай қолы алтын шеберлерді мүйізші, ерші, ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші және темірші деп бірнешеге бөлген. Шынын айтайық, қазір дайынға үйір болып алдық. Керек-жарақты армансыз шетелден тасып жа­тыр­мыз. Басқаны айтпай-ақ қоялық, қара­пайым балтаның басын алып қарайық. Қа­зақтың қара шаруасы оны Қытайдан жеткізеді. Оны жергілікті жерде де жасауға болады емес пе? Сондай-ақ әйелдер өзге елден жеткізілген ыдыс-аяққа құмар. Кезінде оны өзіміздің ұсталар жасады емес пе?
Есенжол НАЗАРОВ, ғалым:
– Расында, бізге ұсталық өнер ата­дан балаға аманатқа айналған ардақты өнер еді. Қаншама ғасырдан бері сол игі іс үзілмей келді. Дегенмен соңғы уа­қытта оған жастардың тарапынан қы­зы­ғушылық байқала бермейді. Бәлкім, өзі­міз қызықтыра алмай жүрген шы­ғармыз. Қазір елдің ішінде ұсталық өнер­ді кәсіп еткендер баршылық. Өкі­ніш­ке қарай, олардың барлығы – жасы үлкен кісілер. Олардың қасында жас буынды көре бермейсің. Осындайда ұл­тымыздың сан ғасыр бойғы жан се­рігіне айналған осы өнер жадымыздан жо­ғалып кете ме деген ой келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста