Түсіністік пен татулық формуласы — төзімділікте

Түсіністік пен татулық формуласы — төзімділікте

Кеше Алматыда Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы­на орай Орталық Азиядағы толерант­ты­лық мәселелері жөніндегі азамат­тық форум болды. Қазақстан халқы Ассам­­блеясы мен ҚР Мәде­ниет министр­лігінің ұйымдастыруымен өткен форумға ҚР Парла­мен­ті­нің депутат­тары, Қазақстан халқы Ассам­блеясының, мемлекеттік ор­ган­дардың, ғылыми және шығар­машылық интеллигенцияның, са­рап­шылар қауымдастығының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің бас­шылары, сонымен қатар Иран, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тә­жік­стан­нан келген шетелдік сарапшылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Толеранттылық мәселелеріне арналған бұл форум Азиядағы мәдениетаралық үндесуді дамыту мен тұрақтылықты ны­ғайту жөніндегі аймақ ел­дерінің әріп­тестігін қалыптастыруды көздейді. Атал­ған форум аясында «Қоғамда толерант­тылық қалыптастырудағы азаматтық қоғам институттары», «Толеранттылықты БАҚ ар­қы­лы насихаттау», «Толерант­тылық және мә­дени әралуандық», «Толе­рант­тылық — ғы­лыми пайымдау және тәжірибе» сын­ды тақырыптар бойынша пікірталастар ұйым­дасты­рылды. Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев атап өткендей, Президент Н.Назарбаев Қа­зақ­стан халқы Ассамблея­сының 16-сессиясында сөй­леген сөзінде толеранттылыққа байланысты Қазақ­стан­ның тәжірибесін шетелдерде насихат­таудың маңыздылығын ескеріп, толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумды өткізуді тапсырған болатын. Қазақстан бұл бағытта нақтылы жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз қоғамдағы тұрақ­тылық, этносаралық жарасымдылық, келісім, рухани және діни саладағы түсіністік орната білді. Қазақ­станның ұлттық саясаттағы моделі мәде­ниет­аралық диалог құруға себін тигізе ала­ды. Қазақстан батыс пен шығыс, ислам дүниесін жақындастыру, диалог ала­ңын жасау мақсатында жұмыс істеп келеді. Ислам конференциясы ұйымының Ислам ынтымақ­тастығы болып өзгеруі Қазақстан­ның осы бағыттағы нәтижелі жұмысын көрсетеді. Бүкіл ғаламдық ой-сана «өрке­ниеттер қақтығысы» емес, «өркениеттер альянсына» ойысқаны абзал. ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі Дудар Жәке­нов айтқандай, қазіргі кезде бүкіл дүние­жүзінде толеранттылықтың болмауының салдарынан сипаты бойынша әртүрлі, бірақ мағы­насы бір әлеуметтік қайшылықтар көп байқалады. Тәжікстан өкілі Исомиддин Салохидди­новтың пікі­рін­ше, толерант­тылық ұғымы XVII ғасыр­да Англия­дан бастау алып, ке­йін басқа еуропалық елдерге кең таралған. Ға­сыр­лар бойы толерант­ты­лық­тың мәні мен мазмұны айқындала түс­кен. Былтыр еліміздің ЕҚЫҰ-ға тө­раға­лығы тұсында Елбасы Н.Назар­баевтың Төзім­ділік пен кемсітпеушілік мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ орталығын құруды ұсынуы осы нәзік мәселенің өте өзекті екенін аңғарт­са керек.

Форумдағы пікірлер:
Людмила Хочиева, Мәжіліс депутаты:
– Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында 20 жылдың ішінде Қазақстан жоғары деңгейге көтерілді. Мұндай жетістікке жету үшін бірнеше ғасыр керек болар еді. Қазақстанда біз бақытты халықпыз, бәріміз бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осы арада сөзімнің түйіні ретінде бір аңызды айтқым келеді. Бірде жолдың бойында қайыршы кісі садақа тілеп отырады. Бір күні ақ боз ат мінген біреу әлгі қайыршыны сабап тастайды. Қайыршы адам өзіне озбырлық көрсеткен кісіге бақыт тілейді. Сонда қасындағы кісілер қайыршы адамға: «Сіз неге оған бақыт тіледіңіз?Соншалықты төзімді ме едіңіз?» —  деп сұрайды. «Егер ол кісі бақытты болса, маған қол көтермейтін еді», — деп жауап беріпті қайыршы. Сол сияқты көптеген келеңсіз жағдайлар біздің бақытсыздығымызға байланысты дер едім.
Халакуйеширази Мохаммадреза Хусейн, Иран-Қазақстан ақпарат орталығының төрағасы, «Қазақстан» қосымша басылымының жауапты редакторы, www.kaziran.com сайтының жетекшісі:
– Қазіргі кезде адамзат қауымдастығына адамның өзі қауіп төндіріп отыр. Ғылыми ашылуларға, тың жаңалықтарға қарамастан, адамдар бір-бірін түсіну, сыйластықта қарым-қатынас мәселесінде кежегеміз кері тартады. Махаббат, достық, қуаныш — адамның ажырамас құндылығы. Қазақ­стан — ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты үйлестірген мемлекет. Иран­дағы қазақ диаспорасы өзінің ұлттық келбетін, салт-дәстүрлерін сақтап келеді, қазақ қыздары ұлттық киімдерін киіп, ана тілінде сөйлейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста