Түрмеден қашқандар түгел құрықталды

Түрмеден қашқандар түгел құрықталды

Ақтаудағы 172/1 колониядан өткен сейсенбі күні қашқан жазасын өтеуші қылмыскерлердің жасырынып жүрген тобын ұстау операциясы аяқталды. Арнайы операция барысында қарулы қарсылық көрсеткен қылмыскерлердің алтауы ұсталып, қалған жеті қашқын мен олардың төрт сыбайласы өздерін жарып жіберді.

Өткен аптаның басында, дәлірегі, маусымның 22-сі күні «Ақтаудағы түрмеден қанқұйлы қылмыскерлердің бір тобы қашып кетті» деген хабар жалғыз Маңғыстауды былай қойып, бүкіл Қазақстанның халқын тіксінтіп, бәрімізді де бір үрей билегені өтірік емес. Себебі түрмеден қашқандардың жартысынан астамы 20 мен 30-дың аралығындағы жастар болғанымен, бәрі дерлік мойнына кісі қанын жүктеген, ең кемі тоғыз жылға сотталған қандықол қылмыскерлер.
«Қылмыскерлердің қашуына сырттан көмек жасалды» деген күдік пен оқиғаның ұйымдасқан сипат алуы да жұртшылықтың үрейін күшейте түсті.

Өйткені сол күні түрмеде электр қуаты кенет өшіп қалған. Электр қуаты өшіп, дабыл жүйесінің істемей тұрғанын пайдаланып, қашып бара жатқан жазасын өтеушілерді байқап қалған күзет сарбазы қару қолданғанда, түрме маңына келіп тұрған екі көліктегі белгісіз біреулер оған қарсы оқ атқан. Осы атыста қашқындардың үшеуі өлген және күзет сарбазы да жараланған. Артынша жедел із кесу жасағына қарсылық көрсету кезінде тағы төрт қылмыскер оққа ұшып, біреуі жараланып ұсталды. Ал қалған 13 адамнан із кесушілер қара үзіп қалған еді.

Содан бері ізім-қайым жоғалып кеткен қылмыскердің қарасын тек өткен сенбі күні кешкілік арнайы шолғыншы тікұшақ Маңғыстау ауданының Шетпе ауылынан 18 шақырым жердегі Қызылсай шатқалынан байқап қалып, сол жер дереу арнайы жасақтың қоршауына алынады. Қашқындарды құрықтау операциясына ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы қызмет жасақтары, ішкі істер әскерлерінің «Бүркіт» және облыстық ІІД-нің «Арлан» жасағы қатысты. Облыстық Ішкі істер департаментінің деректеріне қарағанда, шатқалда жасырынғандардың жалпы саны – 17, оның 13-і – түрмеден қашқандар да, қалған төртеуі қашуға көмектескен сыбайластары болған. Операция кезінде арнайы жасаққа қашқындар өліспей берілмейтіндіктерін танытып, оқ жаудырған. Нәтижесінде бес қылмыскер жараланып, қолға түскен. Қалғандары, оның ішінде қашуға көмектескен төрт сыбайлас та бар - бір көлікке мініп алып, өздерін өздері жарып жіберген. Сонымен, түрмеден қашқан 21 қылмыскердің алтауынан басқасы түгелдей жойылды. Ал оларды құрықтау кезінде ішкі істер органдары мен ішкі әскердің үш қызметкері жарақаттанды.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұмановтың кеше шұғыл брифингте мәлім еткеніндей, Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден қашқан қылмыскерлер жарты жыл бойы дайындалыпты.

«Полиция қызметкерлерінің алдын ала алған мәліметтерінше, бұл жоспарлы қашуға тұтқындар жарты жыл бойы дайындалған. Оқиға орнынан азық түлік, қарулар, компас, 3,5 млн теңгеден астам ақша табылды», – деген Қ.Жұманов қашқындардың бірінші тобы ұсталған, Ақтаудан 13 шақырым жердегі ғимаратта түрлі қарулар, қопарғыш заттары бар сөмке, қолдан жасалған, ішіне темір сынықтары толтырылған жарылғыш құрылғы, өртенгіш қоспасы бар 16 құты, сондай-ақ 4 мыңдай қаржы табылғанын да айтты.

Сонымен қатар түрмеден қашудың осы оқиғасына байланысты Ақтаудағы қылмыстық түзеу мекемесінің бастығы, оның кезекші-көмекшісі және жедел бөлім бастығы күдікті ретінде ұсталып, уақытша оқшаулау орнына жабылды. Оларға қатысты әзірге ҚР Қылмыстық кодексінің қызметтегі «салғырттық» бабы (316-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста