Түркілер ренессансы туар күн қайда?

Бағзы дәуірден бері сонау Дунай өзенінен Хуанхэ аңғарына дейінгі ұлан-ғайыр кеңістік әскери өркениетімен мәшһүр һәм айбарлы түркі жұртының Тәңір берген несібесі еді. Ат тұяғы жетер жерлерде 40 шақты еңселі ұлыс рухани қауызын сақтап, «түркі» деген ортақ атаумен өсіп-өнді. Сан ғасыр тарих тәлкегіне түскен түркілердің сағы сынбады, шөкелеп жығылса да, тірсегі қиылмады, еңсесін тіктеді. Қатал уақыттың сынына қарамастан, рухани қауыз бүршік жарып, тамырын тереңге жая бастады. Бөрілі байрағын биікке көтерген Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Әзірбайжан бастаған алты арыс түркі ұлысының төл мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың иығындағы жауапкершілік жүгі ауыр. Түркітілдес елдердің бауырлас мәдениеттерін біріктіру және түркі әлемі шеңберінде жаңа мәдени кеңістікті құру идеясын жүзеге асыру, түркілер ренессансы туар күнді жақындату Көкбөрі ұрпағының арлы ісі болмақ. Ендеше, түркілер мәдениеті мен өнерін жаңғыртып, алыс-берісі кем ағайынды біріктіруді мақсат тұтқан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы хақында аз-кем тоқталсақ.

Алтай мен Анадолы арасын жақындатқан ұйым
Сонау Алтайдан Анадолы түбегіне дейін ен жайлаған түркітілдес елдердің халықаралық ұйымы түркілердің ЮНЕСКО-сы деп те аталып жүр. Алғаш рет ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында (Түркия) түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің бірінші кездесуі барысында қаланған. 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында ұйымды құрушы және тұрақты мүшелері болып табылатын алты мемлекет – Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан «ТҮРКСОЙ-ды құру және оның жұмыс істеу қағидаттары туралы» келісімге қол қойған болатын.

Әзірбайжанның мәдениет министрі, атақты әнші Полат Бюл-Бюлоглы ТҮРКСОЙ ұйымына 15 жыл бойы төрағалық етсе, 2008 жылдың 27 мамырынан бастап ТҮРКСОЙ төрағалығы Қазақстан Республикасының қолына көшіп, халықаралық ұйымның бас директорлығына Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы ҚР мәдениет министрі Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов сайланған болатын. ТҮРКСОЙ-ды басқаруды мүше және бақылаушы 14 елдің мәдениет министрлерінен тұратын Тұрақты кеңес атқарады. Тұрақты кеңес жылына екі рет бас қосып отырады. Ал атқарушы қызметі Бас дирекцияға жүктеліп, оның басшысы – бас директор әр үш жылда Тұрақты кеңес отырысында жаңадан сайланады.

ТҮРКСОЙ ірілі-ұсақты кездесулер мен концерттерден өзге, бірнеше көрме, симпозиум мен фестивальдер өткізіп келеді. Әсіресе ТҮРКСОЙ-дың бас директоры Дүйсен Қасейіновтің еңбегі арқасында ұйымның екінші тынысы ашылғандай әрі Қазақстанмен мәдени байланысы нығая түскендей. Мәселен, ұйым келесі жылға дейін «Түркі халықтарының музыкалық аспаптары энциклопедиясын» шығарып, «Түркі елдерінің түркітанушылары» атты библиографиялық көрсеткіш құрастыруды қолға алмақ. ТҮРКСОЙ ұйымы қазақ халқының ғажайып ғашықтық жыры – «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығына орай жетінші рет өткізілетін дәстүрлі опера күндерін «Қыз Жібек» эпосына арнамақ. Сондай-ақ Түркияда «Қыз Жібек» фильмінің күндерін ұйымдастырып, түрік жастарын қазақтың ең белгілі киносымен таныстыруға басты рөлдерде ойнаған әртістерді шақыру, үшіншіден, «Қыз Жібек» эпосын түрік тіліне аударып, көркем кітап етіп бастырып шығару жоспарланып отыр. Алматы қаласында 27-30 сәуір күндері ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қатысуымен «Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық симпозиум, Астанада «Астана-Арқау» халықаралық фестивалі өткізілді. Сондай-ақ ұйым Оғыз хандығының астанасы болған Жанкенттің орнына әзірге шартты түрде «Оғыз хан» деп аталған ескерткіш орнатуды көздеп отыр.

Түркі елдеріне ортақ тіл, ортақ жазу керек пе?
Әлемде дәл түркі жұртындай тарих талқысымен шартарапқа тарыдай шашырап, тілі мен ділі әлденеше мәрте өзгеріске ұшыраған ұлыс жоқ шығар. Бүгінде түбі бір туысқан түркі елдері үшін ұғынықты ортақ тіл енгізу күрделі шаруа болып тұр. Өйткені түркі халықтары тағдырдың жазуымен латын, кириллица және араб әріптерін қолданады. VІ-VІІ ғасырларда ең әдемі оймақ (руна) жазуын қолданған түркінің бүгінгі ұрпағын латын харпімен қайта қауыштырмақшы. Алайда ТҮРКСОЙ-ға құрылтайшы елдердің ішінде әзірше Қазақстан мен Қырғызстан ғана латын харпіне көше қойған жоқ. Жағрапиялық алшақтық өз алдына, бүгінгі тіл мен діл, діни, мәдени әралуандық түркітілдес елдердің бірігу үдерісіне үлкен кедергі болып тұр. Әзірге ұйымның ресми қызмет тілі – түрік тілі. Алайда түрік тілі ұйымға мүше елдерді ұйыстыратын тіл деуге келмейді. Елбасының 2006 жылы Анталияда өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының VIII саммитінде Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясын құру туралы ұсынысын іс жүзіне асыратын кез жетті. Осыдан біраз жыл бұрын түркі халықтарының ортақ тарихын жазу мәселесі көтерілгенімен, аяғы сиырқұйымшақтанып кеткен сыңайлы. Енді ғана ортақ тіл табыса бастағанда ортақ тарих туралы әңгіме қозғау қисынсыз болар еді.

Ұйымға үш ұсыныс:
Біріншіден,
ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің басшыларының саммитін Наурыз мейрамына сәйкестендіріп, бірлесіп тойласа, туыс елдердің арасын жақындата түсер еді.
Екіншіден, ТМД елдеріне ортақ «Мир» телеарнасы үлгісінде «ТҮРКІ ТВ» халықаралық телеарнасын болашақта іске асырса, құп болар еді.
Үшіншіден, бір кездері көтерілген түркі халықтарының ортақ тарихын жазу бастамасы аяқсыз қалмаса игі. Өйткені ортақ тарих отарсыздану үрдісін, түркілік рухты қалыптастырады.

Алаш-анықтама:
ТҮРКСОЙ құрылтайшылары: Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан. Бақылаушы елдер: Алтай Республикасы, Башқұртстан,  Ғағауыз, Сақа, Татарстан, Тува, Хакас, Солтүстік Кипр Түрік республикасы.

Ой-тұжырым
Әлемдік саяси карта мәдени, этникалық-тілдік интеграциялық құрылымдармен ерекшеленеді. Өкінішке қарай, түркітілдес елдерде мұндай интеграция қалыптаспай отыр. Онсыз түркі пассионарлығы туралы айту қиын. Біздіңше, ТҮРКСОЙ-дың еншісіндегі маңызды миссия осы болса керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста