Түркия қазақ тілінің сөздік қорынан сөздер алуды қарастырып жатыр

Ахмет АЛЯЗ, «Қазақстан-Zaman» газетінің бас директоры:

– Қазақ тілін үйренуге қандай себептер болды?
– Білім іздеу себеп болды. Мен Қазақстанға 1992 жылы жоғары білім алу мақсатында келдім. Менімен қатар Түркиядан Қазақстанға білім алу мақсатында алғаш болып келген жастар он шақты адам еді. Осында келгеннен кейін бізге орыс немесе қазақ тілінің бірін таңдауға тура келді. Әрине, мен қазақ тілін таңдадым. Оның себептері көп. Біріншіден, біз тамыры бір халықпыз, екіншіден, тіл үйрену жеңіл тиеді деген ойда болдым. Өзіммен қатар келген жастардың ішінде қазақ тілін игеріп, оны болашағыммен байланыстыра білген мен ғана десем болады. Тіліміз қаншалықты жақын болғанымен, оны үйрене алмай, кетіп қалған жігіттер болды.
– Біз, қазақтар қауымы, өзгелерге «тіл үйреніңдер, тіл үйреніңдер» деп айта береміз ғой. Бірақ соны меңгеруге қиындық тудыратын, айтарлықтай кедергі болатын себептер қандай деп ойлайсыз?
– Қазір тіл үйренушілерге жағдай жасалып жатыр. Біз алғаш келгенде қазақ тілін үйрететін бірде-бір оқулық болған жоқ. Тіл оқулықтарын былай қойғанда, жалпы, басқа пәндер бойынша да оқулықтар болған жоқ. Барлығы орысша. Сондықтан бізге орыс тілі мен қазақ тілін қатар үйренуге тура келді. Там-тұмдап үйренген қазақшамызды көшеде, тұрмыстық жағдайда пайдалануға мүмкіндік болмады. Себебі көшедегінің бәрі орысша сөйлейді. Меніңше, қазір ондай құбылыс жоқ. Қоғам біртіндеп қазақыланып келе жатқан сияқты.
– Сонда сіз қазір қанша тіл білесіз?
– Қазір мен үш тіл білемін десем болады — түрік, қазақ және орыс тілдері.
– Қазақ тілін үйрену барысында өзіңіз түсіне алмай әлек болған мәселелер болды ма? Мысалы, сөйлемнің құрылымы жағынан немесе жұрнақ, жалғаулардан деген сияқты...
– Сөйлем құрылысы жағынан түрік тілі мен қазақ тілі өте ұқсас екені белгілі. Дегенмен түрік тіліне қарағанда, қазақ тілінің түсінуге ауыр тұстары да бар. Мысалы, түрік тілінде көптік жалғау «лер», «лар» арқылы ғана жасалады. Ал қазақ тілінде оған «дер», «дар», «тер», «тар» секілді жалғаулар қосымша пайдаланылады. Біз үшін бұл түсініксіз болып көрінді. Сондай-ақ қазақ тілінің сөйлем құрылысы ауызекі қолданыста бір бөлек, жазбаша нұсқасында бір бөлек болып келеді. Жазбашада сөздердің орын тәртібі мүлде басқаша болып кетеді. Әрине, бұл жағдай тілді алғаш үйренушіге түсініксіз.
– Түрік тілі мен қазақ тілінің сөздік қорының ерекшелігі қай дәрежеде?
– Негізі, бертін келе енген сөздерді алып тастайтын болсақ, қазақ тілі түріктердің бұдан жүз жыл бұрын сөйлеген тіліне едәуір жақын. Қазір Түркия мемлекеті қазақ тілінің сөздік қорынан сөздер алу мәселесін қарастырып жатыр. Мысалы, «қонақүй» деген сөз. Түркияда мұны халықаралық қалып бойынша «отель» деп алып жүр. Меніңше, сөздік қор мәселесіне келгенде қазақтар түріктерден, түріктер қазақтардан сөз алмасса, екеуі де ұтады.
– Тілді алғаш үйреніп жүргенде сөздерді шатастырып алып, ыңғайсыз жағдайда қалған кезіңіз болды ма?
– Әрине, болды. Түріктердің кейбір сөздері дыбысталуы жағынан орыстың сөздеріне қарама-қайшы мағына беріп қалады. Мысалы, біз аялдаманы «дұрақ» деп атаймыз, яғни «тұрақ». Жұрттан «автобус тоқтайтын тұрақ қайда екен?» деп сұрағанымызда, бетімізге бажырайып қарайды. Шамасы, «дұрақ» дегенімізді «дурак» деп естіп қалатын болуы керек. Осы сөзбен бір-екі рет ыңғайсыз жағдайға қалып қойдық. Кейіннен «аялдама», «остановка» деп айтуды үйрендік. Сол сияқты мысалдар аз емес.
– Қазақ тілін үйренудегі ең оңай болатын әдіс-тәсілдерді ұсына аласыз ба? Өз тәжірибеңіз бойынша тіл үйренушілерге қандай кеңес берер едіңіз?
– Тіл үйрену үшін, ең бірінші, адамның қалауы мен шын ықыласы, ынтасы болуы керек. Бұл – негізгі қажеттілік. Екіншіден, меніңше, қазақ тілін үйрену барысында жазу мен оқып-үйренуді қатар алып жүру керек. Себебі ауызекі қолданысты ғана үйрену жеткіліксіз. Жазып үйренген адам сөйлем құрылысына көп мән береді. Және болашақта сөйлеген сөздері де әдеби норма бойынша құралады. Ал ауызекі тілге бір жаттығып алса, одан арылу оңайға соқпайды. Бірақ адамды ынталандырушы құрал нақты қарым-қатынасқа келу, сөйлесу ғой. Сондай-ақ тілді алғаш үйреніп жатқанына қарамастан, мақал-мәтел, тақпақтарды, әзіл-оспаққа айтылған қалжың сөздерді жиі қолдану керек. Өйткені адам қалжыңды жақсы көреді. Ал көңілге ұнайтын нәрсе тез жатталады. Оның үстіне сөздің әрін кіргізеді.
Содан кейін тіл үйренушіге ұятты ысырып қою керек. Қарапайым бір мысал, кез келген тіл үйренуші «ойлаймын» деген сөзді «оолаймын» деп айтады. Оған жұрт күледі. Осындай сәттерде жұрттың күлгенін елемеуді үйрену керек. Құрбы-құрдастың әзілдеп мазақтауынан жасқанып қалса, тіл сындыру қиындау болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста