Трамп президенттікке қайта сайланса Украинадағы қақтығысты 24 сағатта шешуге уәде берді
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты Мемлекет басшысы болып қайта сайланған жағдайда шешу «қиын болмайтынын» мәлімдеді.
Ол украин қақтығысын бір күн ішінде шешуге болатындығын атап өтті.
«Мұның қиын міндет болмайтынына сендіргім келеді. Егер адамдар не істеу керектігін білсе, мұны 24 сағат ішінде жасауға болады», - деді Трамп.
Алайда бұрынғы Америка президенті нақты қандай жоспары бар екенін айтудан бас тартты. Ол бұл ақпаратты ашу оған жоспарды жүзеге асыруға және жанжалды тоқтатуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл үшін президенттік өкілеттікке ие болу қажет. Сондай-ақ, Трамп «егер мен Мемлекет басшысы қызметін атқарғанымда, Украинадағы қақтығыс болмас еді» деп баса айтты.
Бұған дейін Трамп Флоридадағы өз жақтастарының митингісінде тағы бір сайлауалды уәдесін жариялаған болатын. Өз сөзінде Трамп «егер Мемлекет басшысы болып қайта сайлансам, Ресей басшысы Владимир Путинге және Украина президенті Владимир Зеленскийге «сол түні» қоңырау шаламын» деген еді.
Өз кезегінде саяси ғылымдар кандидаты, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының доценті Павел Фельдман 22 ақпанда Дональд Трамптың Мәскеу мен Киевтің диалогын құру ниеті сайлауалды пиар-қадам екенін айтты.
Ал 29 қаңтарда Трамп адамзат үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрғанын және оны сол жерге американдық президент Джо Байден әкелгенін мәлімдеді. Ол 2020 жылы қайта сайланғанында Ресей мен Украина арасында қақтығыс болмайтынына сенімді.