Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.