Тоқаев: Әлеуметтік желіні сауатты пайдалану керек
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бюро отырысында депутаттарды, орталық және жергілікті билік органдарының өкілдерін қоғамдағы түрлі жағдайларды дұрыс түсіндіру үшін әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін сауатты, жауапты пайдалану керектігін айтты. «Сенат депутаттарының көбі Парламентте өңірлердің мүддесін қорғайды. Депутаттық корпус пен атқарушы билік органдары, әсіресе өңірдегілер халықтың әлеуметтік проблемалары мен сұраныстарына баса назар аударуы керек. Бұған қоса, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіретін жағдайларға жол бермес үшін алдын алу шараларын уақытылы әрі жедел түрде қабылдауы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол сенаторларға Президент стратегиясының мақсаты мен міндеттері халыққа ресми түрде түсіндірілмеуі керектігін баса айты. Қоғамдағы өзекті мәселелер, мемлекеттің бүгіні мен ертеңі жайлы тартымды әңгіме күйінде болуы қажет екеніне тоқталды.