Стан, республика, ел — қайсысы шежіре-тарихымызға сай болады?

Ⓒkapital.kz

Бүкіл әлем елдері тілдеріндегі кез-келген атаулардың шығу тарихы сол дүниені, сол ұғымды дүниеге әкелген адамның, немесе сол елдің атымен аталса, Қазақтың ұзындық, яғни ара қашықтық өлшемдерінің бөлшектері тұтастай ел тарихынан хабар береді. Ел деген сөздің қазақтың төл сөзі екендігіне ешкім дауласа қоймас деп ойлаймын. Осы екі дыбыстан тұратын бір ауыз сөз Қазақ елінің бүткіл жер бетіндегі ең алғашқы ел екендігіне толықтай куәлік ете алады.

Баршамызға белгілі ана тілімізде негізгі ұзындық өлшемдері елі, сүйем, қарыс, кере қарыс, табан, кез, қадам, аршын, шақырым, ұзын, қысқа, таяқ тастам, иек астында, қозы көш жер, көз ұшында, тай шаптырым, құнан шаптырым, ат шаптырым, бір күндік жер, айшылық жол деген ұзындық өлшемдері бар.

— Елі, ұзындық өлшемінің ең қысқасы және ең біріншісі. Бұл бес саусағыңның біреуінің енінің ұзындығы. Өлшем бір елі, екі елі делініп, бес елімен аяқталады. Мысалы, «Бетінің кірі бес елі». Бұл атау ең алғашқы Адам атадан тараған ұрпақтың басында ел деп аталғанын, сонымен қатар қазақ елі жер бетіндегі барлық елдердің ең біріншісі, яғни бастау алатын жері дегенді білдіреді. Күні бүгінге дейінгі қазақтардың аузынан тастамай «бір рулы ел болды» дейтіндері осыдан. Бұл тұжырым Қаз Адайдың шежіре дерегінде былайша беріледі. Адайдан екі бала, үлкені Құдайке, кішісі Келімберді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Құдайке атамыздың есімінің бірінші буыны Қу. Бұл сөздің толықтай мағынасы Қу Адай Әке, яғни Қу Адай әкенің баласы дегенді білдіреді. Біздің сөздік қорымыздағы Қу, Ру, Ту, Су, Бу, Жу, Ну, Ау, У, Аққу, Ару, Тау сөздерінің шығу төркіні осы. Келімберді атамыздың есімінің сөз түбірі Ел. Өздеріңіз көріп отырғандай Адам ата ұрпақтары өздерінің ел, мемлекет болуының басталуын елден бастаса, ұзындық өлшемі де өз бастауын «елі» деген атаумен атайды. Демек, басында, осы ұзындық, яғни ара қашықтықты білдіретін «елі» деген сөздің өзі осы алғашқы ел деген атаудың баламасы ретінде дүниеге келген. Біздің әлемдік тарихи қолданыста жүрген «алғашқы қауымдық құрылым», яғни «қауым» дегеніміз осы ел сөзінің баламасы. Сонда бұл сөз, Қазақ елінің бүкіл жер бетіндегі ең алғашқы ел екендігіне осы қазақ тіліндегі «елі» (бір елі, екі елі, үш елі т.т.) деген сөздің ұзындық өлшемінің ең төменгі сатысы екендігі толықтай дәлел бола алады.

— Еліден кейінгі өлшемнің атауы Сүйем, яғни бас бармақ пен сұқ саусақтың, немесе рет санымен есептегенде бірінші мен екінші саусақтардың керілген арақашықтығы. Сүйем — біріккен сөз. Өздеріңіз көріп отырғандай, құрамы: cу, үй, сүй, ие (ия), ем, ием. Су сөзінің шығу төркіні Ау (ана), Ру, Қу, Ту, Бу, Жу тобына жатады. Бұл топ Ауа анамыз бен Құдайке атамыздың атынан басталады. Бұл атаулардың бәрін дүниеге әкелген солар. Бүкіл әлем елдері ауыздарының суын құртып, ұлы мәдениетімен күні бүгінге дейін таңдандырып, бірақ олардың шыққан тегін және олардың бүгінгі ұрпақтарының кімдер екенін анықтай алмай келе жатқан Шумерлерімізде (Шу мер, Шу жер, Су жер) осылар. Иемізде, Киемізде, Қия (Қарақия) мен Қиянымызда осы ұғымның ішінде. Соңғы буын Ем, Адай Атаның алтыншы немересі Жеменей атамыздың аты, яғни Адам Ата ұрпақтарының жетінші буыны. Рет санымен айтқанда бірінші буын мен жетінші буынның арасы. Сонымен қатар, бұл жағдай осы ұзындық өлшемдерінің атауларын дүниеге әкелгендердің солар екендігін білдіреді. Демек, бұл кезең алғашқы қауымдық құрылымнан бастап, ер адам мен әйелдердің бірін-бірі сүйіп, үйленіп, үй болған кезеңін, ел болып бірігіп, мемлекет құрып, олардың елге, жерге толықтай ие болған кезеңін білдіреді.

Сүйемге тарих көзімен қарар болсақ: Сақ, Үйсін, Ие (Қиян), Жемен (Бұзау) деген ұлы аталарымыздың есімдерін және солардың заманын толықтай қамтиды.

Бұл ұғымның негізін қалаушылар қазақтың Аға Арысынан (Ағарыс, Ұлы жүз) тарайтын Сақ Үйсіндер, жалғастырушылар Қияттар (Мұңалдар), ал авторлық құқық туыстығы бөлінбейтін, жеті мен жебе деген лақап атты иемденген Бұзау-Жеменейлерде жатыр.

— Одан кейінгі өлшемнің атауы Қарыс, бас бармақ пен шынашақтың керілген аралығы. Сөз түбірі — Ар, Арыс, Арыстар (Арын қорғай білетін арлы ұлдар), Қазақтың үш арысы, Сегіз арыс Адайлар, Сегіз Арыс Түрікпендер, арап, парсы т.т. Ал, Қарыстың бастапқы буыны Қа, Қазақ пен Қараның бірінші буыны. Сонда бұл сөздің негізгі мағынасы Қазақ Арыстары болып шығады. Сонау Еуропадағы өздерінің тегін Кет, Хет (Кете) тайпаларының тарататын Германдардың өздерін «Арыс (Ариец)» деп атайтындарының да сыры осы.

Бұл ұғым Қазақ Арыстары мен Адайдың үшінші немересі Рысқұл (Құнанорыстар) арасын қамтиды.

Түсініктеме: Қазақ пен Арыс синоним. Шындығында, Арыстар Қазақтың ұрпағы. Қазақ 13-1-9-1-13 болса, Арыс 1-21-29-22 сандық жүйені құрайды. Бұл жерде Арыстар Ад пен Ман (Нұқ) қауымдарын түгел қамтып тұр.

— Кез (Ез, Кез) шынтақ пен қол басының ара қашықтығы. Бұл өлшемнің атауы Қаз атамыздың есімінің баламасы. Себебі, қазақтың сөз жасау қағидасында «Қ» мен «К», «А» мен «Е» ауысылып қолданыла береді. Бұл кезең Қазақ арыстары мәдениетінің бүкіл әлемді мойындатып, жер бетін кезіп кеткенінен хабар береді. Аталарымыздың үйінен шықпайтын, арын қорғауға шамасы келмейтін адамдарды «ез», көп қыдыратындарды «кезбе» деп атайтындары осыдан.

— Қадам — бұл да біріккен сөз. Қа (қара мен қазақтың алдыңғы буыны), Ад (Ад қауымы), Ада (Ата), Адам (Атам), Адам Сапиолла. Жүру үшін қамданып бір аяғыңды алға созып, жерге басқан кезіңдегі екі аяғыңның арақашықтығы. Негізгі мағынасы Қаз Адам. Қазақтың сөз жасау қағидасында екі сөзді біріктіріп, біз сөз жасағанда дыбыс үндестігіне сәйкес бірінші сөздің соңғы дыбысы, немесе екінші сөздің бірінші дыбысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Отан (От Ман), Құдайке (Қу Адай әке), Бидай (Би Адай), Әкел (Алып кел), Үстірт (Үстіңгі жұрт), Күш қуат (Қу мен үш (Қосайдың сандық атауы), Қу мен Ад (Адай)) т.т. Бұл ұғымның тағы бір мағынасы Қ-ада-м. Қам ата, яғни жылқы мен жылқышылардың пірі Қамбар ата. Арғы тегі Нұқ пайғамбардың үш баласының үлкені Қам (Хам) атамыздың аты. Қазақтың сөз жасау жүйесінде мұндай мысалдар баршылық. Мысалы, С-аға-қ (Сақтардың ағасы. Мақал «Су басталмайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан»), С-ада-қ (Сақтардың атасы, С-ене-к (Сақтардың енесі), С-аба-қ (Сақтардың апасы), Қ-аға-н (барлық Хандардың ағасы).

— Құлаш — (Қу (Құдайке, Адай атаның тұңғыш ұлы), Ұл (бала, баласы, ұрпағы), Құл (негізгі мағынасы Қудайкенің ұлы, қазіргі қолданыстағы ауыспалы мағынасы басыбайлы үй қызметшісі), Аш (аналық текті, (Ашури, Ашуда, Ашөйде), сонымен қатар Ос, Ош, Қосай ата дегенді білдіреді). Екі қолыңды екі жаққа созған кездегі екі қолыңның ұзындығы. Сонда Құлаш дегеніміз, ортасында Қу Адай әке, екі жағында екі баласы Тәзіке мен Қосай дегенді білдіреді.

— Аршын – сөз түбірі «Ар», әр азаматтың қорғауына міндетті ары: ар-иманы, отаны, Атамекен туған жері, отбасы деген ұғым береді. Бастауын Келімберді атамыздың есіміндегі «Ер» ұғымынан алады. Ын (қын, ындын) қылыштың, семсердің немесе пышақтың қыны, осыған сәйкес адам қатты шөлдегенде «ындыны кепті» делінеді. Шын (рас, нағыз), Шынның баламасы Шың (биіктік). Бұл сөздер (түбірі ын мен ың, барлық іші қуыс дүниелер сияқты аналық текке жатады. Сонда Аршын дегеніміз Адайдың алты немересінің әкесі Келімберді (сөз түбірі ел мен ер) атамыздың лақап аты болып шығады. Балама мағынасы, арын қорғай алатын, нағыз аршыл ұлдар. Аршын мен Алшын - синоним.

Шынның негізгі мағынасы Сын (Сын, сыни көзқарас), Сынды, Сынтас, Сынай (Синай тауы) бұл Торатта (Тауратта) айтылатын Мұса пайғамбарға Ұлы Жаратушы – Алланың «аян» беретін жері. Сынды (Синай) тауы бұл қазіргі Үстірттің (қырдың) ежелгі атауы.

— Шақырым — сөз түбірі Ақ, Шақ (сыртқы дүние мен ішкі дүниенің сәйкес келуі. Мысалы, киген киімі шақ келіп тұр), Ыр (Адам баласының Ыр-ға тілі келу кезеңі), Ым (ишара), Ырым (ырым ету, жақсылықтан үміт ету), ырымын жасау (істі аяғына дейін жеткізбеу), шақыру (дауыс жеткен жерге дейін айқайлау). Бүгінгі мағынасы километрдің баламасы, қазақшасы дауыс жетер жердің ара қашықтығы. Негізгі мағынасы Ақиқат пен Адам баласының Ыр-ға тілі келмеген кезеңіндегі Ым-ишарамен түсініскен кезеңінің арасы, яғни бір мен бестің арасы дегенді білдіреді. Сонымен қатар, тек қана ырымын жасап, басталған істің аяғына жетпеген кезеңінің үзілген ара қашықтығы. Қазақта Шақ пен Сақ синоним, Шам мен Сам деген сияқты. Бұл ұғымның авторы Ақпандар, Сақтар, яғни Қас Сақтар (Қазақтар) болып табылады.

Қазақстанды Қазақ елі деген атауға ауыстыру мәселесіне келсек, бұл атау біздің шежіре-тарихымызға толықтай сай келеді. Қазақ елі деген сөзде, ең алғашқы ел деген мағынасына сай болады. Батыс елдерінің «ил» (Еділ (Итил), Елек (Илек), Ертіс (Иртыш), Есіл (Ишим), Ел ата (Гомердің Илиадасы), «мил» (1,6 км), деп жүргендері осы біздің ел деген сөзіміздің синонимі. Демек, олар Ил-дің Ел-мен синоним сөздер екенін жақсы біледі. Білмейтіндерге білдіру қажет. Бұл қазақтың бір елісі, яғни «бір рулы елімен» мен олардың арақашықтығы он алты ата (буын) деген сөз.

Стан ба, әлде ел ме? қайсысы бұрын дүниеге келген деген сұраққа жауап іздесек, бұл жерде Ел деп батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Қазақ Алып биінің сандық жүйесіне сәйкес, Ел 7-14 болса, cтанның сандық жүйесі 22-23-1-16 болып елден көп кейін тұр. Біз бұл сандық және таңбалық (дыбыстық) жүйеден Ел ұғымының Нұқ пайғамбарға дейін (Ад, Аз қауымдары заманында), ал станның Нұқ пайғамбар заманында Нұқ-пен бірге дүниеге келгенін айқын аңғарамыз.

Сөз қадірін аса жоғары бағалап, бір ауыз сөзге тоқтаған мәрт халық ұлан-ғайыр ата қоныстарының қақ ортасында орналасқан теңізді Қас би (Қаз би), тасқа салған таңбасын тіл, билер сөзінің қағазға түскен таңбасын Алып би деп атамай басқаша атауы мүмкін де емес қой!

Ежелгі Қазақ Алып биінде (әліппесінде) 30 дыбыс (таңба) бар. Олар 1.А,Ә,Е, 2.Б,П, 3.Г,Ғ,К,Қ, 4.Д,Т, 6.Ж,З, 7.И,Й,Ы,І, 8.Л, 9.М, 10.Н,Ң, 11.О,Ө, 12.Р, 13.С,Ш, 14.Ү,Ұ,У, 15.Һ. болып, 15 топқа бөлінген. Қазақ Алып биінің кереметі, барлық таңбалар мен буындар осылай 15/15 болып белгілі бір математикалық жүйеге, яғни Адам Атамыздың шежірелік жүйесіне сай орналастырылған.

Қазақ Әліппесінде толып, толысқанды білдіретін 9 дауысты дыбыс бар: 1.а, 2.ә, 3.е, 4.о, 5.ө, 6.ү, 7.ұ, 8.ы, 9.і. Дауысты дыбыстар Аталық текті білдірсе, жіңішке дауысты дыбыстар әйел мен баланы білдіреді. Адамзат болмысының барлығы осылай табиғатпен тұтастықта жаратылған.

Ежелгі қазақтар да, солардың ізін жалғастырған Алаш арыстары да Алып биді (Әліппені) осылай жасаған. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов атамыздың басшылығымен жасалған соңғы Әліппеміз де осы қағидаға сай болған.

Қазақтың-әріп таңбаларының рет саны Адамзат баласы мен олар құрған елдердің дүниеге келу, есею, және оның Ата салтының (Ата заңының) және әлем елдері тарихының қалыптасу кезеңін көрсетеді. Бір, екі, үш; А, Ә, Б; Ата, Әке, Бала, т.т. болып сан мен әріп қатар өріледі.

Тарихқа үңілсек, осыдан 28 жыл бұрын тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрдық деп, қуанып «бөркімізді аспанға аттық». Алайда, «Қазақ елі» емес, Қазақстан атанып, «стан» деген сөздің байыбына бара алмадық. Бұл ел есімді белгілеуде Бізге Ресейшіл орыс тілді биліктің ықпалы үстемдік жасады.

«Стан» - орыс тілінде «уақытша тұрақ» деген мағына береді. Мысалы, «охотничий стан (аңды бір жерден мәңгі ауламайсың)», сенокосный стан (шөпті бір жерден мәңгі шаппайсың), вражеский стан (жау алдыңда мәңгі тұрмайды)», станция (поезд 10-20 мин. қана тоқтап өтеді)», станица (орман шетіндегі екі, үш үй) т.т. болып кете береді.

Бұл сөз парсы тілінде өзіне тиесілі ел шетіндегі шалғай аймақ дегенді білдіреді.

Демек, Қазаққа жалғанған «стан» сөзі Қазақтардың уақытша тұрағы деген мағына беріп тұр. Бұл жерде орыс тілді билік қазақты қайда апара жатыр деген сұрақ өзінен өзі туындау да.

Ана тілімізде «стан» сөзі жеке-дара қолданылмайды. Бұл жерде «стан» сөз арасында қолданылып, еліміздің бас қаласына АСТАНА атауы берілуі өте сәтті қадам болды. Себебі, «станның» алды мен артындағы әрқашанда тек қана бастапқы Ата дегенді білдіретін «А» таңбасы Астана қаласы тек қана қазақтың емес, бүкіл әлем елдерінің Астанасы деген мағына беріп тұр.

Ал, елімізді республика деп атау жөніндегі ұсыныстарға келсек, бұл атау  қазақтың төл сөзі емес, жаттың сөзі.

Сөз соңында айтарым: Қазаққа жалғанған «стан» деген сөзді алып тастап, «ҚАЗАҚ ЕЛІ» деп атағанымыз шежіре-тарихымызға толықтай сай болады.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

qamshy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста