Соғыс тарихын жас сана дұрыс түсініп жүр ме?

Статистика – аяусыз ғылым. 1941 жылы мектеп бітірген 15-16 жастағы өрендердің тек 3 пайызы ғана соғыстан аман-есен оралған. Басқаша айтқанда, жүз жігіттің үшеуі ғана ата-ана, ағайын-бауырымен тірілей қауышқан. Суреттер сөйлей алмайды. Егер ғайыптан тіл бітсе, талай сырға қанықтырар еді. Мәселен, мына бір ұяң жігіттің жау дзотын кеудесімен жапқандығын, қайсар мінез бозбаланың неміс окопын танкімен таптағанын, зеңбірек болып атылып, басқыншының басына бомба болып құлағанын құлағымызбен естір едік. Айтпақшы, соғысты тек ерлердің ісі деп кім айтты? «Отан» ұғымы ұлға да, қызға да ортақ емес пе. Суреттегі нәзік жандылардың арасында құралайды көзге атқан мергендер, мейірімді медбикелер, қаһарман барлаушылар мен байланысшылар да тұрған шығар, бәлкім. Біз бүгін олардың іс-әрекетін бір ауыз сөзбен «Көзсіз ерлік» деп бағалаймыз.

ПАРЫЗ

Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында кезінде әлдебір себептермен баспана ала алмаған ардагердің арманы орындалса, денсаулығын түзеуіне мейлінше мүмкіндік жасалып, тиісті материалдық игіліктерге еш кедергісіз қолы жетсе, мүмкін, біз аталар алдындағы парызымыздың титімдей ғана бөлігін өтеген болар едік. Тіріге құрмет – өз алдына бөлек әңгіме. Енді көп ұзамай соғыс та рихын, батырлар ерлігін жас ұрпақ жадына мықтап сіңіру жайы алдыңғы қатарға шығады.

Жалпы, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы өскелең ұрпақтың санасына мүлде сіңірілмеген деп бірінші дабыл қаққан біз емес, Батыс Еуропаның ғалымдары. Британдық Эрскин орталығы жүргізген сауалнамаға сенсек, ағылшын еліндегі екі жүгермектің бірі нацистер көсемі Адольф Гитлерді футболдан Германия құрамасының бас бапкері ретінде «таниды» екен. Алғашқы атом бомбасы Перл-Харборға тасталды деп ойлап жүрген америкалық оқушылар Жеңіс күні қашан екендігінен де бейхабар. Дәл осындай мәселе Қазақстанда жоқ десеңіз, қателесесіз. Әріге бармай-ақ, бүгінгі білім беру саласындағы ахуалды сараптап көргенімізде көңілді көншітпейтін фак тілерге кезіктік. Жалпы, білім беретін орта мектептегі қа быр ғалы пәндердің бірі – Қазақстан тарихы. Басқа-басқа жаһандық сұрапылға 1 млн 200 мыңнан аса ұл-қызын жіберген, сан мыңдаған зауыт-фабрикаларды өз жерінде қабылдап, майданды оқ-дәрі, азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз еткен Қазақстанның тарихында Ұлы Отан соғысына ойып тұрып орын берілсе керек-ті.

Өкінішке қарай, 10-11 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарында ҰОС туралы бір ауыз сөз жоқ.

11-сыныпқа арналған оқулықтың төртінші тарауы «1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір» деп аталыпты. Логикалық тұрғыдан келесі тарау соғыс тарихы болуы тиіс еді. Бірақ авторлар тұтас бір тарихи кезеңді аттап өтіп, бірден Тәуелсіз Қазақстанға сарт ете қалады. Есесіне, алтыншы тарауда келмеске кеткен Қазақстандағы партия және комсомол жастар ұйымдарына бақандай 27 бет арнап (172- 199 беттер), тәптіштей тоқталады. Өткенді білген дұрыс-ау. Бірақ сан миллион адамның қасық қанымен келген Ұлы Жеңіске бір жолда арналмауы өкінішті. Рас, соғыс тарихы оқулықтарда мүлде айтылмайды деген пікірден аулақпыз.
Академик Манаш Қозыбаевтың жетекші-лігімен шыққан 9-сыныптың «Қазақстан тарихында» ҰОС дербес тарау түрінде көрініс тапқан. Алайда қуануға асықпаңыз. Тарау деп дырдай қылып отырғанымыз сегіз-ақ (!) бет. 244 беттік кітаптың сегіз бетіне не сыятынын ойлаудың өзі қорқынышты. Әйтеуір дәтке қуаты қазақша оқулықта қысқа болса да, жартусыз болса да соғыс тарихы өрескел қатесіз берілсе, орыс тіліндегі оқулықтарды оқымай-ақ отқа жаға беруге болады.
Алысқа бармай 9-сыныптың «Новейшая история Казахстана» оқулығын парақтайық. 162-бетті ашқан кезде «Майданға Қазақстаннан шақырылғандардың саны 8 миллион 200 мың адамнан асып түсті» деген «жаңалыққа» тап боласыз. Апырай, ол уақытта республика халқының саны алты миллионның о жақ, бұл жағында болды емес пе деп бір таңырқайсыз.

Жаудың 50 танкісінің көзін жойған 28 панфиловшы батырдың ерлігін кітап авторлары тұтас дивизияның үлесіне жаза салған. 163-бетте 30-гвардиялық дивизия әуелі 328-атқыштар дивизиясы болып өзгертіледі, артынша (167-бет) дәл сол әскери құрама 238-дивизияға айналып шыға келеді. Оқулықтардағы мұндай сорақылықтардан кейін тілі тестімен тақылдаған, көңілі компьютерге көгенделген бүгінгі ұрпақты Ұлы Отан соғысының тарихын дұрыс білмейсің деп жазғырудың өзі қиын. Оқулығы қандай болса, оқушысы сондай.

Демалыс күндерінің бірінде Оралдың Арбатын аралап, демалып отырған жастардан қарапайым бірер сауалға жауап іздедік. «Бауыржан Момышұлы кім?» деген сұраққа біразы: «Есімі таныс, бірақ нақты кім екенін ұмытып тұрмыз» десе, өзін Айбар деп таныстырған бозбала: «Әнші емес пе?» деп өзімізді састырды. «Курск доғасы», «Панфиловшылар ерлігі», «Батыр қаланың бірін ата» деген сауалдарға да жарытып жауап бергендер табыла қоймады. Әсем мен Әсел есімді қыздар «Гитлердің жауыз адам болғанын» біледі екен. Алайда әрі қарай тарқатуға білімдері жетпеді ме, осыған да риза болыңыз деген кейіп танытып кете барды. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Соғыс тарихын, аталар ерлігін жатпай- тұрмай жаттап, жадына құйып жүрген өрендер де бар шығар. Дегенмен ертемен тұрғызып сұрасаң да, кештетіп қыспаққа алсаң да, ХХ ғасырдың ең сойқан соғысы жөнінде жұмған аузын ашпайтын шәкірттің кез келген мектептен табылатыны күмәнсіз. Бұған және ол шәкірт кінәлі емес.

Кінәнің үлкені – отбасы мен қоғамда. Өздерін жеңім паз буынның жалғасы санайтын аға ұрпақ тың жады неге мұншалықты жұтаң болды екен? Мұны бізге кім түсіндіріп бере алады?!

Ғабділрашит ҚАЙЫМОВ, тарихшы-ұстаз:
– Шынымен де, отандық тарихты жас ұрпаққа оқытуда әлі күнге белгілі бір жүйе, бірізділік жоқ. Мәселен, 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі аралық тағы тарих оқулықтарында ежелгі дәуір, орта ғасыр, осы заман тарихы дегеніңіз хронологиялық тәртіппен емес, қойыртпақ күйінде берілген. Тас дәуірін енді тамамдай берген шәкіртке бірден ұжымдастыру кезеңі, төңкеріс, тағы да басқа ұғынуға ауыр тақырыптар ұсыны лады. Осыдан келіп оқушы не оқып, не қойғанын, қай уақыттан соң қай уақыт келетінін шатастырып алады. Ең өкініштісі, бүгінгі Қазақстан тарихында ата-әжелеріміздің қасық қанымен келген Ұлы Жеңіс өз дәрежесіне лайық орын алмай тұр. Берілген материалдар шалағай, жалпылама. Одан отансүйгіш тік рухта тәлім-тәрбие беретіндей бірдеңе табу қиын. Әрине, тарихымыз әлі ақтаңдақтардан арылып, толыққанды жа зылады. Сол кезде жоғарыдағы келеңсіздіктер түзетілсе екен дейміз.

 

«Алаш айнасының» мұрағатынан алынды 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста