Шіркін, шенеуніктердің бәрі Гүлшарадай болса...

Кәрім Мәсімов кабинетінің дағдарыспен күресте алдағы жылдарға жасалып отырған бағдарламалар аясында қарқынды жұмыс істеуінде атқарушы билік мүшелерінің еңбегі зор. Үкіметтің динамикалық түрде жұмыс істеуіне үлес қосып жүрген министрлердің бірі – Гүлшара Әбдіхалықова.
Абонент әрқашан байланыс аясында
Біз, журналистер қауымы, әр­да­йым ақпарат іздеп, пікір жинап жүреміз. Бел­гілі бір мәсе­ле­лерге байланысты сала бас­шылығымен бай­ла­нысуға тура келеді. Осындай сәттерде бю­ро­кра­тияның кесірінен министр тұрмақ, комитет, департамент бас­шыларымен сөйлесу мұң болады. Жұ­мысбастылықты түсінеміз, десе де, кей­бір шенеуніктер ақпаратты оқыр­манға, кө­ре­р­менге дер кезінде жеткізуді мақсат тұ­татын журналистерге бір-екі ауыз пікірін біл­діруден жалтарып жатады. Ал Гүлшара Нау­шақызының осындай сәтте ақпарат құ­рал­да­рымен тығыз қарым-қатынаста еке­нін, тіпті қал­та телефоны арқылы да сұ­рақ­тарымызға жа­уап беретінін айта кеткі­міз келеді. Ол кісінің қа­рапайымдылық, табандылық, жанкештілік қасиеттері көпке үлгі боларлық. Қызметтің мәң­гілік емес еке­нін және анадан бастық болып ту­ма­ғанын ұмытып кететіндер аз емес. Бәлкім, әлеуметтік сатының барлығынан, яғни бө­лім ма­маны қызметінен министр лауа­зы­мы­­на де­йінгі жолды өз еңбегімен өт­кен­діктен шығар, Гүл­шара Наушақызы қа­ра­пайымдылық прин­ци­пін ұстанады. Шір­­кін, шенеуніктердің бәрі Гүл­шарадай бол­­са игі дейміз. Сонымен, Гүл­шара Әб­ді­ха­лы­қова деген кім?
Әлеуметтің отымен кіріп, күлімен шыққан министр
Гүлшара Наушақызы қазірде 16 млн-нан астам адамның әлеуметтік жағдайына ті­келей жауапты министрлікті басқарып отыр. Мемлекет халқының тағдырына жауапты қызмет кез келген шенеунікке бұ­йы­ра бермейді. Бұл саланың талабы мен жауап­кершілігі жоғары. Министр ха­ным­ның қызметтік өмірбаянына көз жү­гірт­се­ңіз, Гүлшара Наушақызы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне әбден лайық екеніне көз жеткізесіз. Жоғары білім алғаннан кейін ол Қы­зылорда облысының халықты әлеу­меттік қорғау бөлімінде табаны күректей жеті жыл қызмет етті. Алдымен бас маман, одан кейін бөлім бастығы болды. Бұдан кейін, яғни 1994 жылы заң шығарушы орган – сол кездегі Жоғарғы Кеңестегі ха­лық­ты әлеуметтік қорғау комитетінде ке­ңесші болып жұмыс істейді. Жоғарғы Кеңес тарап, саяси жүйенің реңкі өзгерген сәт­т­е Гүлшара Әбді­халықова қазір өзі бас­қарып отырған министрлікке келді. Оның бұрнағы жылдарда жинаған кәсіби тәжірибесі мен ұйымдастырушылық біліктілігі осы ведомствода көрініс берді. 1995-2003 жылдар аралығында Гүлшара Нау­ша­қызы бөлім бастығының орынбасары, бө­лім бастығы, зейнетақымен қамту бө­лімінде басшы, әлеу­меттік қамсыз­дан­дыру және әлеуметтік саясат, зей­нета­қымен қамту және халықтың кірісін реттеу департаменттерінде басшылық қызметте болды. Еліміздің қазіргі жүйесінің іргетасы 1995 жылғы Конституция негізінде қа­лан­ғанын ескерсек, сол кезеңнен бастап Гүл­ша­ра Әб­ді­халықованың аталған ми­нистр­лік­­тің қалып­та­суына, дамуына, қазіргідей жағдайға жетуіне қос­қан үлесі орасан зор екенін байқаймыз. Бұдан әрі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2003-2005 жж.), «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрайымы (2005-2006 жж.), Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінде жауапты хатшы (2007-2008 жж.) қызметттерін атқарды. Қаржы дағдарысы кезінде жауап­кершілігі ең жоғары саланы қолына алып, халыққа қиындықты сездірмеуге тырысты. 2009 жылдың наурыз айынан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi болып келе жатқан Гүлшара Әбдіхалықова сонымен қатар 2008 жылдың қаңтарынан бастап – Президенттің кеңесшісі – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер мен отба­сылық-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы. Бір салада 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеуі оның кәсіби біліктілігінің деңгейін көрсететін сияқты. Елі­міз­дің маңызды тетігінің дамуына үлес қосқан еңбегі еленіп, 2009 жылы Елбасы оны «Парасат» орденімен марапаттады.
Қайырымдылық – қайырлы іс
«Жетім көрсең, жебей жүр» деген атам қазақтың аталы сөзін қаперде ұстаған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова апта ортасында Ас­та­надағы жетім балалар үйіне барып, қайырымды іс тындырып қайтты. Гүлшара Наушақызы ба­с­қа­ратын ұлттық комиссия үш жылдан бері «Сезон» журналымен бірігіп, отбасылы әйелдер арасында дәстүрлі түрде «Қазақстан ханымы» деген байқау өткізіп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты – отбасы деген «шағын мемлекеттің» ұйытқысы болып отырған әйелдердің қо­ғам­дағы рөлін арттыру. Сондай-ақ әлеуметтік аз қам­тамасыз етілген топтарға қайырымдылық көр­сету. Қайырымдылық мақсатына келсек, ұлттық комиссия байқауға қатысты ұйымдас­ты­рылған шараға сатылған билеттерден тү­сетін қаржыны түгелімен жәрдемге мұқтаж жандарға беруді ұйғарыпты. Содан беріде екі жыл қа­та­рынан бұл қаржы қарттар үйіне берілсе, биыл жетім балалар үйіне бұйырып отыр. Реті келіп тұрғасын министр ханымнан Тә­уел­сіздігімізге 20 жыл толуына орай нау­рыздың 5-і күні респу­бли­камызда тұңғыш рет өтетін Қазақстан әйел­дерінің съезі жайлы да сұраған едік. Аталмыш съезге еліміздің барлық ай­мағынан 700-ге тарта делегаттың қа­ты­суы жоспарланыпты. «Съезде балалар мен әйел­дердің мәселесі қаралмақ. Оның ішінде ұлттық комиссияның бір отырысын жастар арасындағы суицид мә­се­лесіне арнаймыз. Қазіргі таңда бұл мәселе бо­йын­ша жергілікті жерде зерттеулер жүр­гі­зі­ліп, өз-өзіне қол жұмсаудың себептері анық­талып жатыр. Суицидтің алдын алу үшін қандай шаралар қабылдау керектігі жө­нінде ұсыныстар жасалуда», – дейді Гүлшара Наушақызы.

Түйін
Бұл айтқандарымыз – көпе-көрінеу мақтау немесе министрге мәй­мөң­келеу емес. «Жақсының жақсылығын айт, мерейі тасысын» демей ме қазақ. Министр ханым туралы бұл жазбамыз Гүлшара Нау­шақызының қызметтік жолына жасалған шолу мен күнделікті қа­рым-қатынаста көріп-біліп жүрген ақ­па­рат­тар негізінде ғана дайындалды. Көпке үлгі болсын деген ниетпен...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста