Сенаттың жаңа депутаты Әсем Рахметова ант берді

Бүгін Сенат отырысында Солтүстік Қазақстан облысынан жаңадан сайланған депутат Әсем Рахметова ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант беремін", - деді Рахметова.
Депутаттық корпустағы әріптестері оны сенатор болып сайлануымен құттықтап, осы салада табыс тіледі. 
Ант қабылдағаннан кейін Әсем Рахметова Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комиссия құрамының мүшесі болып сайланды.

Еске салайық, 2 маусымда қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына сайлау болған еді. Сенатор мандатына облыстан екі үміткер ұсынылды. Дауыс беру нәтижесінде Amanat партиясы Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалдың төрағасы Әсем Рахметова жаңа сенатор болып сайланды. Ол сайлаушылардың 74,4 пайыз дауыс жинаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста