Семейдегі жарты ғасырлық жарылыс зардабы 116 Чернобыль апатына тең

Семейдегі жарты ғасырлық жарылыс зардабы  116 Чернобыль  апатына тең

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелері жөніндегі Киев саммитінің пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Биыл 26 сәуірде Чернобыль атом электр стансысында әлемдегі ең ірі ядро­лық техногендік апат орын алғанына 25 жыл толатынына тоқталып өткен Прези­дент Н.Назарбаев: «Асырып айтқандық емес, Чернобыль апаты бүкіл әлемді атом­ды бейбіт мақсатта пайдаланудағы қа­уіпсіздік мәселесімен шындап ай­на­лысуға мәжбүр еткен әрекеттің бастауына айналды. Чер­но­быль апатын жоюға жүз мың­даған адам қатысты, олардың ара­сында 32 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істеді. Олардың көбі денсау­лық­та­рынан айырылды, біразы өмірімен қош­тасты. Чернобыль қасіреті яд­ро­­лық ра­диация әсерінің жағымсыз сал­­дар­ла­рын естіп-білген қазақстандықтар ара­­сын­да әлі күнге дейін ауыр қа­был­да­на­ды. Қазақстан жерінде әлемдегі ең үлкен Се­мей ядролық сынақ полигоны әрекет еткен. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы онда 456 ядролық жарылыс жа­сал­ды, бұл 116 Чернобыль апатының зар­да­бы­на тең. Әлемдік қоғамдастық осы қор­қы­нышты трагедияға әлі күнге дейін ба­ға­сын берген жоқ. Бұл сынақтардың сал­­дар­лары әлі де ұзақ уақыт сезілетін бо­лады», – деп, Қазақстан Президенті ретінде қол қойған алғашқы Жарлық­тардың бірі Се­мей ядролық полигонын жабу туралы құ­жат болғанын айтып өтті. Президент мүд­де­лі барлық халықаралық ұйымдар мен мем­лекеттерді 2011 жыл­дың қазан айын­да Қазақстанда Се­мей по­лигонының жа­был­ғанына 20 жыл то­луы­на орай өтетін «Яд­ролық қарусыз әлем форумы» атты ха­лық­аралық форумға шақырды.
Елбасы атап өткендей, АЭС пен басқа да азаматтық атомдық нысандардың қа­уіп­­сіздігі жаһандық ядролық қауіпсіз­діктің ма­ңызды құрамдасы ретінде мо­йын­далуы керек. Атом энергиясы ны­сан­дары қа­уіп­сіз­дігінің бірыңғай, қатаң жә­не ха­лық­ара­лық деңгейде мойындалған стан­дарттары мен белгілерін жасап шы­ғару керек, олар қатаң түрде сақталмаған жағ­дайда әлем­дегі бірде-бір АЭС пай­далануға берілмеуі тиіс. «Бүгін тағы да, бұдан 25 жыл бұрынғы тәрізді әлем ал­дында атом энергиясының қауіпсіздігі мә­селесі өткір тұр. Жапондық «Фу­ку­си­ма» АЭС-індегі төтенше жағдай мұның қайғылы мысалы болып табылады. Ол атом энергетикасын дамыту саласында жа­һандық тәуекелдерді басқарудың жал­­пы­п­ланеталық механизмдері тапшы екенін ай­қын көрсетті. Сірә, АЭС құры­лысының ал­дағы жоспарында принципті түрде жаңа көзқарастар қажет шығар. Бұл әсіресе осы са­лада бұл уақытқа дейін тәжірибесі бол­маған, атом энергиясын дамыту ниетіндегі ел­дер ескеру үшін керек. Үстіміздегі ға­сыр­дың ортасында әлемнің 50-ге жуық елі атом стансыларын орналастыруды ой­лас­тыруда. Кез келген АЭС-тегі ядролық апат­тың жағымсыз салдарлары міндетті түр­де транс­ше­каралық өлшемдерге ие бо­лады. Осыған байланысты АЭС-тің және өз­ге азаматтық атомдық нысандардың қа­уіп­сіздігі жа­һандық ядролық қауіпсіздіктің ма­ңызды құ­раушысының бірі ретінде танылуы ке­рек», – деді Елбасы.
АЭС пайдаланушы мемлекеттер мен ком­панияларды толық көлемде өз хал­қын және халықаралық қоғам­дас­тықты кез кел­ген, тіпті өздерінің ядролық объек­­ті­ле­рін­дегі ең елеусіз оқиға туралы тез арада ха­бардар етуге міндеттеу қа­жет. Осы заңды талапты бұзған жағдайда қа­таң санкция қа­растыру керек. Атом энер­гетикасын да­мы­тушы елдің үкіметі өзге мемлекеттердің экономикалық мүд­де­леріне және жаһан­дық экологияға нұқ­сан келтіргені үшін то­лық жауап­кер­ші­лікті алуға дайын болулары ке­рек. Қа­зақстан Чернобыль АЭС-іне ар­нал­ған ха­лықаралық жобаны аяқтау үшін қаржы бөлетін болады.
Киев саммиті аясында Мемлекет бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық ко­миссияның президенті Жозе Мануэль Бар­розумен, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун­мен, Украина Президенті Виктор Яну­ко­вичпен кездесті.
Кеше Президент Н.Назарбаев Эсто­ния­ға ресми сапары барысында Эстония Президенті Томас Ильвеспен, Эстония пре­мьер-министрі Андрус Ансиппен жә­не пар­ламент спикері Эне Эргмамен кездесіп, үкі­метаралық, мекемеаралық жә­не ком­мер­циялық компаниялар дең­гейінде екі­жақты құжаттарға қол қойылды.
Кадриорг сарайында Эстония Респуб­ли­­касына мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевты қарсы алудың ресми рәсімі өтті. Пре­зиденттер Н.Назарбаев пен Т.Ильвес бір­ге суретке түсіп, сыйлықтар алмасты. Н.На­­зарбаев Құрметті қонақтар кітабына өз қолтаңбасын қалдырды.
Елбасы Н.Назарбаев Эстония Респу­бли­­ка­сының Президентімен болған ке­ліс­­­сөз­дер­ден кейін Кадриорг сарайында өткен бас­пасөз мәслихатында Эстония Пре­­зи­денті Т.Ильвесті Қазақстанға са­пармен ке­луге шақырды.
«Саяси тұрғыда біздің өзара қарым-қа­­тынасымыз қарқынды деңгейде. Елі­міз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезеңде қолдау біл­діргені үшін біз Эстонияға алғыс айта­мыз», – деді Президент. Ел­басы екі ел ара­сын­дағы сауда-эконо­ми­калық ынтымақ­тас­тықты жандандыру керектігін айта ке­ліп, бүгін қол қойылған келісімдер алдағы уа­қытта Қазақстан мен Эстония ара­сын­дағы қарым-қаты­нас­тың нығаюына және оны қолдауға кө­мектеседі деген сенімін біл­дірді. Сон­дай-ақ Елбасы Н.Назарбаев Эс­тония кә­сіп­керлерін Қазақстандағы ин­вес­ти­циялық жобалардың жүзеге асы­ры­луы­на қатысуға шақырды. «Біз Еуро­одақ­пен көбірек сауда жасауға деген тал­пы­ны­сы­мызды қолдағаны үшін Эстонияға алғыс айтамыз және осы негізде қазір небәрі 74 мил­лион долларды құрап тұрған сау­да-эко­номикалық бай­ла­ны­с­та­ры­мызды кө­те­руіміз керек. Бұл – өте төмен көр­сеткіш, ал өз­ара инвестиция бүгінгі таңда жоқ», – де­ді Н.Назарбаев. Оның атап өтуінше, Қа­зақ­стан әртүрлі жүктерді, соның ішінде энер­гия тасымалдаушы­лар­ды тиеу үшін эс­тон порттарын пай­да­лануға мүд­делілік та­нытып отыр.
Сонымен бірге Қазақстан мен Эсто­ния Пре­зиденттері студент алмасу ту­ра­лы уағ­даласты. Бұл туралы Қазақстан Пре­зиденті Нұр­сұлтан Назарбаев Эс­тония Президенті Томас Ильвеспен бол­ған кездесуден кейін Кадриорг са­ра­йында өткен баспасөз мәс­ли­хаты ба­ры­сында мәлім етті. «Біз жоғары тех­но­ло­гиялар саласында, әсіресе Эсто­ния­дағы «электронды үкіметтің» дамуы, ай-ти технология мен студенттер алмасу жө­ніндегі оқыту бағдарламасы саласында тә­жірибе алмасуға мүдделілік біл­діреміз», – деді Н.Назарбаев. Енді үкі­мет­аралық ко­мис­сия аталмыш уағ­даластыққа сәйкес осы бағытта жұмыс істейтін болады. Сон­дай-ақ Қазақстан мен Эстония арасында ин­вестицияларды өзара қолдау мен қор­ғау туралы келісімге қол қойылды. Бұл ке­лі­сім Қазақстан Республикасы мен Эстония Рес­публикасы арасындағы өзара тиімді сау­да-эко­но­ми­калық және ғылыми-тех­ни­калық ын­ты­мақтастықты дамытуға ық­пал ететін өз­ара тиімді капитал құюды жү­зеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау мақ­сатында жа­салып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста