Санкциялар тарихта соғысқа ұласқан

Санкциялар тарихта соғысқа ұласқан

Санкция әлемдік қауымдастықтың халықаралық құқықты бұзған қандай да бір мемлекетті ымыраға келтіруі үшін пайдаланатын тетігі. Алайда тарих көрсетіп беріп отырғандай, ол мәселені қысқа мерзім ішінде шешпейді, керісінше оны күрделендіре береді, тіпті оның ақыры соғысқа да әкеп тіреп жатады.
Көптеген мамандар І және ІІ-Дүниежүзілік соғыстың туындауының бір себебі ретінде әлемдегі күшті мемлекеттердің арасында орын алған сауда-саттық шиеленістері екенін баса айтады. Бұған санкция да өзіндік үлес қосыпты.
Өйткені санкция бір-бірімен экономикалық байланыстағы дүниежүзі елдерінің экономикасына үлкен залал әкеліп, дамуды тежеп, баршаны тығырыққа тірейді. Бірақ соған қарамастан санкция қолдынысы соңғы онжылдықта тіптен жиілеп кеткен.
Бұл тетікке жиі жүгінетін мемлекет – АҚШ. Ол 1918-1992 жылдар аралығында санкцияны 54 рет қолданса, ал 1993-2002 жылдары 61 рет пайдаланған.
Өткен ғасырдың 20-жылдардағы бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс, әсіресе 30-жылдары көптеген елдің кеден тарифін көтеруге, импорт тауарларға берілетін жеңілдіктерді шектеуге әкеліп соқты. Бұл ІІ-Дүниежүзілік соғыстың туындауына ықпал етті. Сол секілді еуропалық сауда-саттық әріптестерімен дүрдараз боп қалғандықтан да Жапония осы соғысқа араласуға мәжбүр болғанын естен шығармалық.
1935 жылы 4 қазанда Италия Эфиопияға бас салды. Дуче Бенито Муссолини Рим империясына ұқсас ұлы Италия империясын құруға бел буғанын ешкімнен жасырмады. Өз кезегінде Эфиопия Ұлттар лигасынан көмек сұрады. Бес державадан тұратын комитет құрған олар Италияға экономикалық санкция жариялады. Оған 51 мемлекет қосылды. Қару-жарақ, каучук, қорғасын, мырыш хром тасымалына шектеу қойды. Бірақ мамандар бұл санкция әсері әлсіз болды деседі. Себебі ол кезде мұнай секілді тез әсер ететін ірі экспорт тауарларға тыйым салуға ешкім мүдделі болмаған.
1928 жылы, мәселен Чехословакия бәтеңке, етік және тәпішке саудасында әлем бойынша алға шықты. Бірақ бұл жас мемлекеттің өмірі 20 жылға ғана созылды (1918-1938 ж.ж.). Өйткені Париж бен Лондон кейпіндегі экономикалық бақталастары оны Гитлердің «аузына салып беру» арқылы құтылуды жөн көреді. Осы жағынан алғанда, ол кезде білектілер санкциядан гөрі қара күшке көбірек сенім артқан. Дегенмен қаржылық тетік кез келген соғыста бірінші рөл атқарып отырды.
Мысалы, І-Дүниежүзілік соғыстан жеңіліп шыққан Германия экономикалық және саяси дағдарысты өз бетімен шешуге қауқарлы болмады. Сондықтан мемлекетке елдің сенімін оятатын, рухын асқақтатын тұлға қажет болды. Осылайша билікке Адольф Гитлер келді. Ал осы кезең барысында Германияның қаржы жүйесі арқылы мұқым Орталық Еуропаны басқару үшін мұхиттың арғы жағынан орасан қаржы құйылып жатты:
1. 1919-1924 ж.ж. - неміс экономикасына АҚШ көптеп несие түрінде қаржы құйды;
2. 1924-1929 ж.ж. - Германияның қаржы жүйесі сырттан толықтай басқарылды, ұлттық-социалистер қаржылай қолдауға ие болды;
3. 1929-1933 ж.ж. - қаржылық-экономикалық дағдарыс басталды, осылайша әсіре ұлтшылдар билікке келді
1933-1939 ж.ж. басқыншылық сыртқы саясаты ақшалай қолдауға ие болды. Германияны ұлы державалар жаңа соғыс ашуға итермеледі. Өстіп АҚШ Еуропаға ықпал ететін қауқарға ие болды. Ал санкция әсері күшті болу үшін мықты одақтастар қажет еді. Тағы бір жағынан әлемге қаржылық ықпал етуші орталық әлеуеті күшейе түсті.
Алайда тарихта күтпеген мына жағдай орын алады. 1973 жылы араб елдері АҚШ-қа мұнай өнімдерін жеткізуден бас тартты. Олар мұсылман елін жаулаушы Израилді қолдаған Вашингтонға, Батысқа осылай қыр көрсетті. Салдарынан 1974-1975 жылдары Солтүстік Америка және Батыс Еуропа экономикалық ауыр кезеңге тап келеді. Араб мемлекеттері де бұдан көп зиян шегеді.
Мұнай шектеуінен соң Батыс индустрия саласындағы саясатын күрт өзгертіп, үнем бойынша ғылыми жетістіктерін пайдалана бастайды. Көліктен бастап, суға дейін үнемдеудің барлық техникасы мен технологиясын өндіріп шығарады. Ал АҚШ балама энергия көздерін игеруге ден қояды. Бұл санкция тетігін күшейтуге ықпал еткен факторлар боп табылады.

ІІ-Дүниежүзілік соғыстан соң Батыс әлемдік экономикаға жабық формациядағы КСРО көп залал келтіріп отыр деп шешті.
Сөйтіп АҚШ пен Батыс КСРО экономикасы тәуелді табыс түрі мұнайдың бағасын қолдан құлатты. Ал бұған дейін Рейган санкция жариялап, КСРО-ға құбыр сатудан бас тартқан. Бірақ оның әсері онша болмапты. Бірақ Батысқа тартылуы тиіс газқұбыры жобасы сол кезде жүзеге аспай қалғаны рас. Қалай дегенмен де қолдан жасалған бұл шара КСРО-ны ыдыратып тынған.

АҚШ өзі құрған қаржы институттары арқылы бүкіл әлемдегі қаржы ағымын қадағалауға мүмкіндік алып отыр. Көптеген мемлекеттен миллиардтап ағылып шыққан заңсыз ақшалар белгілі бір саясаткердің немесе кәсіпкердің шетелдегі шотына бекітілетінін олар жақсы білді. Сондықтан жеке тұлға санкциясы деген пайда болды. Бұл соңғы кездері ғана Иран Республикасы мен Ресей Федерациясына қатысты сыналды. Сол секілді замана ағымына сай карталарды, шоттарды, интернет-ресурстарды блоктау сынды жаңа тыйым түрлерімен танысып жатырмыз (кестеден таныса аласыздар).
Солтүстік көрші - Ресей Федерациясына қарсы санкция салуда Мәскеудің Қырымға әскер енгізуі ілік болды. Қалай дегенмен де мұның бәрінің іргеден орын алып жатуы біз үшін, әрине жақсы емес.
Бір пікір
Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
– Бейнелеп айтқанда, санкция дегеніміз асықпай буындырып «өлтіретін» немесе тізе бүктіретін мойынға түскен қылбұрау. Егер санкция тарихына жүгінетін болсақ, бұл тетікті жиі пайдаланған бірегей мемлекет – АҚШ екенін біле аламыз. Осыдан-ақ санкция салу тек білектілердің қолынан ғана келетінін аңғаруға болады. Сол секілді санкция бар жерде даму кілт тежеледі. Көбіне санкция халықаралық тәртіпті бұзғандарға қарсы қолданылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста