Саясаттың айқайлап айтатын, сыбырлап жеткізетін тұстары да болады

Нұрлан ӨНЕРБАЙ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Сіз мемлекеттік қызметті ат­қардыңыз, арнайы мектептің ди­ректоры да болдыңыз Қазір де­путатсыз. Шыныңызды ай­ты­ңызшы, қай қызметіңіз жаны­ңыз­ға жақын?
– Адам өмірге келгенде әке-шешесін таң­дамайды ғой. Адамның дүниеге келген сәтінен бастап, өмірден өткенге дейінгі тағдыры пешенесіне жазылып қойылады. Аллаға шүкір, осы уақытқа дейінгі өмі­рім­де біршама қызметті атқардым. Олардың еш­қайсысын бөле-жара қараған жоқпын. Қандай жұмыс болмасын, өзіме жүктелген міндеттерді сезініп, жауапкершілікпен қызмет жасадым.
– Әжептәуір мемлекеттік қызмет­тен мектеп директорлығына барды­ңыз. Ішкі түйсігіңізде қайшылықтар бол­ған жоқ па?
– Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде мен аз ғана, төрт айға жетер-жетпес уақыт жұмыс істедім. Өзіңіз айтып отырғандай, ішкі түйсігімде қайшылықтар болып үлгермеді де. Сол алтын ұядан шә­кірт ретінде түлеп ұштық қой. Бірақ ұстаз­дық қызметке, жалпы, білім саласына кел­ген­де, біраз тосырқап қалғаным рас. Қара ша­ңырақ бұрын республика деңгейіндегі мек­теп еді. Кейіннен белгісіз себептерге бай­­ланысты республикалық дәрежесінен айы­рылып қалды. Сол мектептің мәр­те­бесін қалпына келтіруден бастаймын деп бар күшімді салып жүргенде Парламентке кел­дім. Бірақ депутаттық қызмет те аяқас­тынан бұйырды деп айта алмаймын. Бұдан үш жыл бұрынғы сайлауда партия­ның тізімінде болғанмын, яғни сайлауға түс­кенмін. Партияның шешімімен де­пу­таттық мандатқа ие болған жайым бар.
– Қазақтың жанын «Қазақтың жа­ны» телебағдарламасы арқылы жақсы жет­кізген едіңіз, депутаттық мінберде қа­зақтың жанайқайын дәл теле­ар­на­дағыдай жеткізу қиынырақ па?
– Кез келген қоғамның жанайқайы бо­ла­ды. Бірақ сол жанайқайды жеткізудің амал­дары мен тәсілдері өзгеріп келеді. Ұлы Абай көтерген проблемалардың бі­ра­зы әлі күнге дейін шешімін таппай келе жа­тыр. Кезінде телеарна арқылы жет­кіз­сем, бүгін Парламент мінберін пайдалана оты­рып, қоғам алдында айтарымды айтып жа­тырмын. Сондықтан қиын деп айта ал­маймын.
– Халыққа саясаткер Нұрланнан, ән­ші ұлдары жақынырақ сияқты. Сіз қа­лай ойлайсыз?
– Мен өзім де солай ойлаймын. Ха­лық­пен кездесулерде де осы мәселелер ал­дымнан шығып жатады. Менің өнеріме сұ­раныстың барына өзім қуанамын. Шы­ғар­машылықтан бұрынғы қызметтерімде де қол үзіп қалған кезім болды. Бірақ әлі күн­ге дейін менің әнімді сұрап жатады. Ха­лықтың ықыласын біле тұра, өнерден кете алмаймын деп ойлаймын. Саясатқа ара­ласқанымды сынап та жатқандар бол­ды. Қоғамдық жұмыспен айналысу менің өнер­ге деген құштарлығыма кедергі бола ал­майды.
– Өнер адамдары гуманист болып келеді. Ал саясатта түлкібұлаңға са­луға тура келетін жағдайлар кездесіп жатады. Сізге қиын емес пе?
– Өнер адамдары тек қана гуманист емес, сонымен қатар эмоцияшыл болып келеді. Мен де қоғамның бір мүшесі ре­тін­де Парламент мінберінде айтылған про­блемалар тез шешілуін талап етемін. Бірақ саяси процесс өте ұзақ процесс екен. Саясат сайқалдықты қажет етеді деп жа­тады ғой. Менің түсінігімде саясаттың ай­қай­лап айтатын жері де, сыбырлап жет­кізетін тұстары да болады.
– Саясатқа бейімделуіңіз қиынға со­ғып жатқан сияқты...
– Саясатқа толық бейімделе қалдым деп айта алмаймын. Әлі де болса кедер­гі­лер кездесіп тұрады.
– Бір кездері киноға да түстіңіз, сәтті шыққан туындының кең тарал­ма­уына не себеп?
– Жамбыл бабамыздың жастық шағы ту­ралы көркем фильмге түскенмін. Ке­йін­нен «Қазақстан» телеарнасы түсірген «Бір бала» фильміне қатыстым. Бұл қазақтың менталитетіне, мәдениетіне өте жақын туын­ды болып шықты. Бірақ қазір ки­но ма­мандары киноны тек қана табыс кө­зіне ай­налдырып алды. Табыс, ақша та­буды мүд­де етіп, бір сәттік жылт еткен дү­ниелерге басымдық беріліп, ұлтқа берері мол, тәрбиелік мәні жоғары дү­ниелер шет­теп қалып жатыр. Бұл менің жа­нымды ауыр­тады.
– Сізді мықты бильярдшы деп естиміз. Қазір тастаяқ ойнауға уақыт таба алып жүрсіз бе?
– Иә, бұрын жұмыстан қол босай қал­ған­да бильярд ойнай кететінмін. Тіпті таң­ға дейін көзіміз қызарып, тастаяқ ойнаған кездерім болды. Бірақ дін жолына бет бұр­ғаннан кейін уақыттың қадірін түсіндім. Қа­зір тіпті бильярд ойнауға уақыт та жоқ. Са­лиқалы жарыстар өтіп жатса, қатысуға қар­сы емеспін.
– Аңшылыққа да бір табан жа­қын­сыз. Бұл салаға көңіл бөліп жүрсіз бе?
– Бүркітшілердің жыл сайын «Сонар» деген жарысын өткізіп тұрамыз. Сол шараның ұйымдастыру жұмыстарын ат­қа­рамын. Ал жеке басыма келер болсаңыз, аң­шылықпен айналысып жүрген жоқпын.
– Сіз әншісіз, саясаткерсіз, жалпы, бесаспап азаматсыз. Фамилияңызға әбден лайықты өнерге бай жансыз. Өзіңізді осы ғасырдың сал-серісі деп есептейсіз бе?
– «Мен салмын, серімін!» деген жерім жоқ. Халық тұрғанда, олай айтуға хақым да жоқ. Жалпы, бұл атақтарды адамға қоғам, орта телиді. Егер мені солай атап жатса, менің бойымнан сал-серілердің белгілерін байқайтын шығар.
– Өнер адамдарының табысына са­лық салу енгізілді. Сіз бұған қалай қа­райсыз?
– Мұны өте дұрыс шешім деп ойлай­мын. Әншілерге салық салу туралы бас­та­маны Алматы қалалық әкімдігінде қызмет етіп жүргенде еліміз бойынша біз бірінші болып бастағанбыз. Алла адам баласына несібесін береді ғой. Ал адам Алланың ризашылығы үшін зекет береді. Мем­ле­кет­тің принципі де дәл солай. Осы мем­ле­кетте жүріп табыс тапқан кез келген азамат қа­зынаға белгілі бір мөлшерін қайтаруы ке­рек. Бұл бастаманы түсінгендер де, қар­сы болғандары да болды. Бұл бастама, не­гізінен, ешқандай өнер мекемелеріне тіркелмей жүрген әншілерге қатысты.
– Сырт көз сізді мінезді деседі, өзіңіз қалай сипаттар едіңіз?
– Өз басым ондай сыбыстың барын естімеппін. Әр адамның өзіне тән мінезі болады ғой. Менің мінезім ауыр деп айта алмаймын. Бірақ өз есемді ешқашан жіберген емеспін.
– Өзіңізді өмірде жолы болған азамат деп есептейсіз бе?
– Иншалла, өмірде де, өнерде де, отбасымда да, саясатта да жолым болып келеді. Сондықтан өзімді жолы болған адам деп есептеймін.
– Әңгімеңізге рақмет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста