Саясатта «қосылғыштар ауысқанмен, қосынды өзгермейдi» деген амал қате екен

Саясатта «қосылғыштар ауысқанмен, қосынды өзгермейдi» деген амал қате екен

Жер-жаһанды шарпыған қаржы дағдарысы көптеген елдердiң экономикалық потенциалының қандай екенiн уақыт өткен сайын көрсетiп келедi. Ертеңiн ойлап, ел игiлiгi үшiн қор жинап келген елдердiң әзiрге мұртын балта шаба қойған жоқ. Алпауыт АҚШ-тың өзiнде Ұлттық қор деген жоқ екен, соның зардабын мықтап тартып-ақ жатыр. Әрине, судан құрғақ шығу мүмкiн емес. Дей тұрғанмен, iргелес елдер қал-қадiрiнше ұлттық экономикасын қиындықтан алып шығу үшiн күресiп бағуда. Әзiрге «қазақстандық жолдың» негiзгi критерийi болған – «алдымен экономика, содан кейiн саясат» принципi уақыт өткен сайын өз өмiршеңдiгiн дәлелдеп келедi. Қанша адам болса, сонша пiкiр болатынын ескерсек, бұл қағида бiреулер үшiн күлкiлi, ендi бiреулер үшiн мән-мағынаға ие болып қала бермек.

ӘРҚИЛЫ АМАЛДАР

БIРIНШI АМАЛ
Аты жаман келмей тұрғанда, баз бiр мемлекеттердiң демократияшыл болып кеткенi ел есiнде. Аударып, төңкерiп, жерде жұмақ орнатқысы келгендер қазiргi уақытта дағдарыспен бетпе-бет келiп, халқы тұрақсыздықтан титықтап кеттi. Гүржiстанда Эдуард Шеварнадзе билiгiнiң күлiн көкке ұшырған Михаил Саакашвили «түрлi-түстi» төңкерiс нәтижесiнде таққа отырды. Халықтың сенiмiне кiру өте оңай, ал сенiмнен шығу одан да оңай екенiн жас перi ендi түсiнген сыңайлы. Кейiнгi кезде елдi қайтадан саяси дағдарыс керней бастады. Елдегi iргелi деген он екi партия бiрiгiп, Саакашвилидi өз еркiмен билiктен кетуге шақыруда. Себебi де жоқ емес. Тым батысшыл болып кеткен билiктiң қиқар мiнезiнен қара шекпен гүржi халқы жапа шегiп келедi. Экономикасы бiте қайнасқан Ресеймен қақтығысу өздерiне тиiмсiз екенiн бiле тұра, бiрiншi кезекке экономиканы емес, саяси мүдденi қойған Саакашвили ел экономикасына шығын әкелдi. Мамандардың болжамы бойынша, елдiң IЖӨ көлемi 12 пайыздан 5-6 пайызға құлдырауы мүмкiн. Жыл сайын АҚШ-тан бiр млрд доллар көмек келiп тұратынына кепiлдiк жоқ. Cары майдай сақтайтын шарабы ең көп тұтынушы Ресейге жiберiлмейтiн болған соң, қай жыртығын жамамақ? Мiне, осындай экономикалық ахуалды ескерген саясатшыл бiр топ қазiргi Президентке оқтын-оқтын доқ көрсетiп келедi. Ал кезектi саяси тұрақсыздық экономикаға өзiнiң керi әсерiн тигiзбей қоймасы анық.
ЕКIНШI АМАЛ
Осыдан үш жарым жыл бұрын «қызғылт-сары» төңкерiстi басынан өткерiп, ел билiгiн ауыстырған Украина өздерiне революция не бердi деген заңды сұрақ қойып отыр. Жауап, елде тек төңкерiс қана болды. Олай дейтiнiмiз, бiрiншiден, елде экономикалық өсiм тежелдi. Екiншiден, жаппай материалдық игiлiктердi қайта бөлiсу орын алды. Тоқетерiнде төңкерiстен таяқ жеген тек қарапайым халық қана. Өйткенi тұрғындардың әлеуметтiк жағдайын назардан тыс ұстайтын амбицияшыл жекелеген саясаткерлер билiкке талас-тартысын толастатар емес. Алдымен елдi гүлдендiру – бiздiң қолымыздан ғана келедi деген В. Ющенко мен Ю. Тимощенко блогы ыдырап тынды. Уақыт өте келе бiрiн-бiрi ата жауындай көретiн халге жеттi. Қазiр олардың сары басылым беттерiнен түспейтiн сайқымазақтардан айырмашылығы болмай қалды. Нәтижесiнде, халқы құрдымға кетiп барады. Оған Карнеги қорының сарапшысы Андерс Ослундтың «түрлi-түстi» төңкерiстiң алдындағы бес жылда Украина экономикасы едәуiр жоғары болып едi деген пiкiрi дәлел. В. Ющенко шiлде айына дейiн саяси талас-тартысты қоя тұрайық деп, премьер-министрдiң, қауiпсiздiк комитетi басшысының және Жоғарғы Рада спикерiнiң келiсiмiн алды. Әзiрге президенттiң қолынан келгенi осы ғана. Ұлт мүддесi үшiн бiрiгудiң орнына алауыздық танытқан қайраткерлер қазiр анекдот кейiпкерлерiне айналды.
ҮШIНШI АМАЛ
Тағы бiр “түрлi-түстi төңкерiс” – Қырғызстандағы А.Ақаевтың билiгiнiң құлатылуымен 2005-iншi жылдың көктемiнде авторитарлық жүйе орнады. Бәкиевтiң билiкке келуiнен кейiн де Қырғызстандағы саяси ахуал әлi бiрқалыпқа түсiп, нығайып кете алмады. Сарапшылардың пiкiрiнше, қырғыз экономикасы бес-он жылға кейiнге қалып қойды. Демек, Президент ауысқанмен, жүйе сол қалпында қалды. Ал айыр қалпақты ағайынның әлеуметтiк жағдайы сын көтермейдi. Кезiнде Ақаев билiгiнiң шаңырағын шайқаған оппозиция қатарында Бәкиевтiң үзеңгiлесi болған Роза Отунбаева ендi Құрманбектiң қарсыласына айналған. «Асаба» партиясының жетекшiсi, дипломат Роза Отунбаеваның айтуынша, төңкерiстiң төрт жылдығын бүгiн жеңiс емес, жеңiлiс деп атау керек. Елде Президент сайлауына дайындық басталып кеттi. Ал оппозициялық күш ендi елде жаппай наразылық шараларын ұйымдастырамыз деп отыр. Мiне, саясатты бiрiншi кезекке қойған тағы бiр елдiң жағдайы осындай.
Жоғарыдағы үш амалмен де шешiм табылмады. Iшiмiздегi оппозиция жетекшiлерiнiң идеал тұтқан «түрлi-түстi» төңкерiс елдерiнiң сиқын көрдiк. Бұл елдерде саяси дағдарыс та тоқтаған жоқ, экономиканы да ұшпаққа шығара алмады.

Дерек
Орташа жалақы
Қазақстанда – 340 АҚШ долларына
жеттi.
Украинада – 216 долларды құрайды.
Қырғызстанда – 145 доллар.
Гүржiстанда – 30 доллар көлемiнде.
Жұмыссыздар саны
Гүржiстанда – 13 пайыз. ТМД елдерi
бойынша рекордтық көрсеткiш.
Қырғызстанда – 11 пайыз
Украинада – 9 пайыз
Қазақстанда – 7 пайызды қамтиды.

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА
Ал қарадүрсiн саясаттан гөрi, экономиканы алдыңғы қатарға қойған Қазақстан қазiр астығын 40-тан астам елге экспорттау арқылы әлемде алғашқы орынға шықты. Мемлекет шағын және орта бизнесте тұрақты қамқорлық жасамаса, бүгiнгiдей экономикалық өсiм болмайтын едi. Қазiр шағын және орта бизнестiң IЖӨ көлемiндегi үлесi 30 пайыздан асып түседi. Қазақстан реформалардың көшбасшысы деп танылып, посткеңестiк елдердiң арасында бiрiншi болып нарықтық экономикасы бар ел мәртебесi және инвестициялық рейтингi жоғары деп бағаланды. Халықтың жан басына шаққандағы тiкелей шетелдiк инвестициялардың көлемi бойынша, Қазақстан ТМД iшiнде даусыз бiрiншi орынды иеленiп, Шығыс Еуропаның бiрқатар елдерiн артқа тастады. Бүкiләлемдiк банктiң бағалауы бойынша, қазiр Қазақстан әлемнiң инвестициялар үшiн барынша тартымды жиырмалығына кiредi. Әлбетте, бұл «тәртiпке бағынған құл болмайды» дегендей, елдегi қатаң тәртiп пен саяси тұрақтылықтың арқасында жеткен жетiстiктерiмiз.

ОЙ-ТҮЙIН
Алдымен экономика, сосын саясат бағытын ұстанған Қазақстан экономикалық дағдарысты еңсеруге күш салуда. Сары майдай сақталған Ұлттық қордың қаржысы қазiр ел игiлiгiне жұмсалып, тығырыққа тiрелген банктерге демеу, қарапайым халыққа қолдау болып отыр. Ал қазiр осы экономикалық дағдарысты саяси мақсатқа пайдаланып қалушылар жоқ емес. Пиғылы бөтендер, алдымен, мұндай тәсiлден қарапайым халық зардап шегетiнiн түсiнсе игi. Сонымен, жоғарыда атап өткендер, экономика + саясат = ел игiлiгi, ал саясат + экономика = тұрақсыздық деген ой түйгiзетiн сияқты. Демек, «қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосынды өзгермейдi» дейтiн формуланың саясатқа сәйкес келмейтiнiне тағы бiр мәрте көз жеткiземiз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста