Respublica партиясы: Елде 546 ғана шикізаттық емес экспорттаушы бар

Respublica партиясы: Елде 546 ғана шикізаттық емес экспорттаушы бар

Respublica партиясының сайлауалды туры бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығы – еліміздің 18-ші өңірі Өскемен қаласында жалғасты. Мұнда партияның тең төрағалары Максим Барышев, Руслан Берденов, Сырымбек Тау, сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тұрғындармен жүздесті.

Respublica-лықтар Шығыс Қазақстан облысына сапарын қаланың бизнес қауымдастығымен кездесуден бастады. Партияның тең төрағасы Максим Барышев партияны құрудың алғы шарттарының бірі елдің салық заңнамасындағы кедергілер екенін айтты. Қаңтар оқиғасы кезінде қарақшылық шабуылдан зардап шеккен кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанын атап өтті. Белгілі болғандай, бұл қолдауға да салық салынған, оны өзгерту мүмкін емес.

 

 

«Өткен жылы қаңтарда талан-таражға түскен кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау сұраған болатынбыз, қолдау көрсетілді. Бірақ кәсіпкерлер табиғи апаттан зардап шексе, тиісті қолдауға салық салынбайды. Ал талан-таражға түскен жағдайда салық салу заңнамада қарастырылған.

Біз мұндай жағдайларда салық салуды жою үшін заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсындық, өйткені бизнесті қалпына келтіру мәселесі қиын. Бірақ Мәжілістегі депутаттар бұл норманы жоққа шығарды, бюджеттік шығын екенін айтты», - деді М.Барышев.

Бұл ретте партияның құрылтайшылары қазақстандық шенеунік үшін барлық кәсіпкерлер салық төлеушіден басқа ештеңе емес екенін түсінді.

«Оларды біздің экономикаға, өнеркәсіпке немесе біз ашатын жұмыс орындарына қосқан үлесіміз соншалықты қызықтырмайды. Олар тек бір нәрсені ойлайды – біз салық төлейміз. Мемлекеттік қызметте бізді тіпті кәсіпкер демейді, салық төлеуші ​​деп атайды. Себебі 30 жылда өзінен-өзі осылай қалыптасып кеткен. Сондықтан, бизнеске деген осы көзқарасты өзгерту, сондай-ақ, кәсіпкерлерге қатысты әділ әрі дұрыс қарым-қатынас болуы үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық ету - партияның алға қойған мақсаттарының бірі», - деді М.Барышев.

Respublica партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Зейнолла Абдуманапов партияның кәсіпкерлік мәселелерін жақсы білетіндігін баса айтты. Сол себептен партия азаматтарға жеке кәсібін ашуда бірдей жағдай жасауға ұмтылуды көздеп отыр.

«Бүкіл әлемде шағын және орта бизнеске үлкен көңіл бөлінетінін бәріміз білеміз. ШОБ - экономикалық дамудың негізгі драйвері. Бірақ бұл драйвер өз қызметін атқаруы үшін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге нарыққа бәсекеге қабілетті қолжетімділік болуы керек. Ал біз кәсіпкерлер ретінде Қазақстанның әрбір азаматының бизнесте дамуға, табысқа жетуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндігі болғанын қалаймыз», - деді З.Абдуманапов.

Respublica партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында кәсіпорын құрылған сәттен бастап халықаралық нарыққа шыққанға дейін кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Идеядан экспортқа» жобасын қолға алуға ниетті екенін мәлімдейді. М.Барышев атап өткендей, бүгінде қазақстандық экспортерлерді қолдауға байланысты үлкен мәселе бар.

«Соңғы уақытта шикізаттық емес сектордағы экспорттаушы компаниялардың саны туралы ақпарат қолжетімді болды. Экспорт есебінен біз экспорттық түсім, валюта аламыз. Қазақстанда 546 шикізаттық емес экспорттаушы бар, ол қалай? Біз қай жерде қателестік? КСРО заманынан соң, бізде белсенді экспорттаушылар көп болды. Алматыда ауыр машина жасау зауыты болды, ол өз өнімдерін 86 елге жөнелтетін, бұл бір ғана зауыт. Киров атындағы зауыт Қытайға, Үндістанға және басқа елдерге өнім жеткізді. Бізде жеңіл өнеркәсіп болды, оның өнімін бүкіл ТМД елдеріне жеткізгенбіз», - деп бөлісті М.Барышев.

Айта кету керек, Өскеменде Respublica партиясының мүшелері ауқымды үгіт-насихат бағдарламасын жүргізді. Олар облыстың іскер азаматтарымен, зиялы қауымымен, қоғамдық пікір жетекшілерімен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, жергілікті ауруханаға барды, сонымен қатар «Металлург» мәдениет үйінде сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесулер барысында өнеркәсіпті дамыту, экология және басқа да мәселелер көтерілді. Жалпы барлық іс-шараларға 1200-ге жуық адам қатысты.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста