Қазақтың зарын домбыра айтар, домбыраның зарын кім айтар?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

1986 жылы көрнекті этнограф-ғалым Жағда Бабалық­ұлы тапқан таста домбыраның және онда билеп тұрған бес адамның суреті бей­неленгені мәлім. Оны ғалым­дар неолит дәуіріне жатқызғаны және аян. Қазақтың дөңмаңдай ғалымдары сонау алты мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдеп берген қазақтың сол қасиетті домбырасы бүгінде арзандап кетті. Бүгінгінің сәнді сөзімен айтқанда, қазақтың бренді болуы тиіс ұлттық аспап құнтқа мұқтаж.
Домбыраның қадір-қасиетін, тарих-тағылымын жата-жастана зерт­теген қазақтың ғалымдары дом­быра сапасызданып бара жат­қанын жарғақ құлақтары жастыққа тимей айтудан әсте жалыққан емес. Алты мың жылдық тарихы бар қазақтың домбырасының бүгінде тек қолөнер бұйымы деңгейінде қалып қойған­ды­ғын құлындай шыр­қырап, ашына айтқан ғалым­да­рымыздың сөзі  жетімсіреп әлі жүр. Қара базардан бастап, хан сарайын­дай сыңғырлаған дүкендерде тұрған домбыра көз алдау үшін кәдесыйға жарағанымен, қазақтың нағыз домбырасы деген атаққа лайық еместігін де домбыраны танитын жұрт көріп жүр. Ал кәдесый атаулының өзімізге емес, өзгеге, сырттан келген қонаққа арна­ла­тынын ескерсек, тілі күрмелген, үні бу­лығып шыққан домбыраны көр­ген олар қазақтың домбырасы осы екен демесіне шүбә жоқ. Дом­бы­раның мұндай күйге түсуін ға­лым­дар, зерттеушілер арнаулы ғылыми орталықтың, оны жасайтын цехтың жоқтығымен тікелей байла­ныс­тырған-ды. Домбыраның ішегін ба­лық аулайтын жіп алмастырғаны да домбыраның қадірін мосқалдап емес, батпандап кемітіп барады.
Естуімізше, кеңес кезінде Семей қалалық ет комбинатында домбыра үшін қой ішегін өңдеу цехы болып­ты. Консерваторияның қасынан ғылы­ми орталық ашылып, қой іше­гін дом­быраға жарату ісі де қол­ға алынған. Бірақ оның бәрі бү­гінде жоқ. Алайда жоғымызды түгендеп, барымызды паш еткен осы күнде домбыраның қадір-қасиетін қал­пы­на келтіру үшін ондай орталық пен арнаулы цех қажеттігін талай айт­қан-ды баспасөз беттерінде ға­лым Жұмагелді Нәжіме­денов.
«Қазіргі домбыраға қатысты нөмірі бірінші проблема – ішектің жоқ­тығы.
Дыбыстың дұрыс шығуы 50-60 пайыз ішекке байланысты. Баяғы шешен дом­бы­ралардың орнына қазір маңқа дом­бы­ралар қаптап кетті. Ал ол маңқа дом­бы­рамен қазақтың рухын көтере ал­майсыз. Қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыра. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақтың ақыл-ойы, санасы өзге­реді. «Домбыра тартқан бала жамандыққа бармайды», «Домбыра ұстаған бала адаспайды» деген тақырыптарда мақала да жаздым. Биліктегі кейбір қазақтарда домбыраға деген менсінбеушілік қалыптасқан сияқты. Мәдени саясат және өнертану институттың директоры Ерлан Саиров былтыр республикалық форум­да «Домбыраны бренд қылып алайық» деген бастама көтерді. Қабылданбай тасталды емес пе? Мәңгілік рухани бай­лы­ғымыз қазір мемлекеттік стандартқа кірмей отыр. Биліктің қазақ руханиятына деген көзқарасы осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па? Домбыра қазіргі жағдайда тек қолөнер ретінде қалып отыр. Ғылыми орталық ашқанда ғана акустикасын зерттеу арқылы домбыраны мемлекеттік стан­дарт­қа енгізе аламыз. Сосын мықты ғылыми кеңес қажет болады. Арнайы ішек жасай­тын цех ашу мәселесі өз алдына. Гитара мен скрипканың арнайы өзінің ішегі бар. Домбыраның ішегін шығаратын цех неге болмауы керек? Қатты бұрауға шыдайтын болғандықтан, кейін балық аулайтын лескіні тағып қойдық. Ал ол созыла береді. Ішектің созылуы музы­канттарға кері әсерін тигізіп жатыр. Сахнада тұрып ішегі созылып кетеді де, құлағын бұрай береді. Баз біреулер қой­дың ішегінен жасалған ішекті үзілгіш, түтілгіш, кірлегіш деп жүр. Бос сөз. Дом­быраны зерттеп жүрген кейбір жігіттердің ілімі, білімі бар, бірақ ғылымы жоқ. Украи­наның Полтава деген жерінде қойдың ішегін біздің елімізден алып, халықаралық стандартқа сай өндіреді екен. Ендеше өзімізде де неге ғылыми орталық, цех ашып өндірмеске? Кезінде ұршықтан иірген ғой. Келісемін, ұршықтан иірген ішектің диаметрі жуан немесе жіңішке болып шығуы мүмкін. Ал арнайы цехта қалай сақталуы керектігі, көлемі ескеріліп жасалатын еді» деген-ді. («Абай.кз»)
«Кеңестік жылдарда Семей қалалық ет комбинатында домбыра үшін қой ішегін өңдеу цехы болған, кейін ол жабылып қалды. Жұмагелді әмірі, мүмкіндігі барларға сол цехты қайтадан ашу жайында әл­денеше рет тілек білдірді, бірақ «көрейік» деген селқостыққа тап бола берді. Ондай цех Украинада бар дегенді естіген Жұмагелді өз қаражатымен әдейі­леп барып, мән-жайға қанып, он пар ішек алып қайтты да, мұндағы атақты күйші ағаларына үлестіріп, өзімізде ішек цехын ашуға атсалысуды өтінді...» деп жазады Ғаббас Қабышұлы («Адырна»).
Оған қоса, домбыра жасаушы шебер­лердің арасында сабақтастықтың жоқтығы да шеберлерді кемітіп отыр. Яғни бүгінде домбыра жасайтын шеберлер елімізде санаулы-ақ болса, олардан дәріс алып оның үрдісін жалғастырып отырған мектеп­тің де кемшіндігі көрініп тұр. Ал «әлемде ұлттық саз аспаптарын әспеттеп, көкке көтеріп отырған жұрттар ұрпақ сабақ­тастығын берік ұстанған» дейді дерек­тер. Айталық, Италияның Кремон қаласында XVI ғасырдың аяқ шенінде қалыптасқан скрип­ка жасаушылар мекте­бінің май­тал­ман қас шеберлері – Амати, Гварнери, Страдиварилер жасаған аспаптардың дүниежүзіне әйгілі болуының сырын қысы-жазы бір жерді мекен еткен мек­тептің дәстүр сабақтастығының үзіл­меуін­де, бір тәжірибені бастаған ұстаз оны өз шәкіртіне ұластырып отыруында, шәкір­тінің сол істі жалғастыруымен бай­ла­ныстырады. Бұл сөздің де жаны бар.Өкінішке қарай, бізде бұл да ақсап тұр.
Бір кездері қазақтың ұлттық киімі – шапанды қытайдың арзанқол шүберегі арзандатып жіберген күйді кешпес үшін ұлттың ұлы аспабы – домбыраға ден қоятын кез келгелі қашан?! Бірақ соған мойнымыз жар бермейді. Ұят, тіпті!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста