Қазақстанның Ата Заңы – әлемдегі ең үздік 50 Конституцияның бірі

Қазақстандықтардың жаппай талқысынан өтіп, басым жұртшылықтың таңдауына айналған Ата Заңның қабылданғанына биыл – 15 жыл. Өткен уақыттан бері негізгі Заңымыз Тәуелсіздіктің, елдегі тұрақтылықтың алтын қазығына, елдігіміздің бағдарына, келешектің кепіліне айналғанын көрсетіп келеді. Ең бастысы, Конституция – ел Тәуелсіздігін айғақтайтын құжат. Сол үшін де Конституция күні – елдігіміз үшін қастерлі күн.

Тоқтала кететін тағы бір жайт, Қазақстан Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат 15 жасқа енді толды. Осы тұрғыдан алғанда, бағдардың басым бөлігін қамтыған негізгі Заңның алдағы заман ағымында да өзгеріске ұрынарын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан да Ата Заң жөнінде пікір алмасу, оны жұрт болып талқылап, ол жайында басқаның да пікіріне құлақ аса отырудың маңызы зор. Мұндай мақсаттағы басқосу кеше Астана қаласы әкімдігінде де өтті.
Дөңгелек үстел жиынына қатысқан заңгерлер, Мәжіліс депутаттары, Конституциялық кеңестің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Ата Заңның мемлекет пен қоғам дамуындағы рөліне баға берді. Оның әлеуетін, жүзеге асуы тиіс тетіктерін саралады. «Жалпы, Конституция – құқықтық жүйенің заңы емес, бүкіл мемлекеттің, қоғамның негізгі діңгегі. Ал көп зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі болып саналады екен. Мұның өзі Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдіреді», – деді Астана қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы Болат Тілепов.
Ал Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл Конституцияның бірқатар негізгі ерекшеліктері ретінде ең алдымен қос палаталы кәсіби Парламенттің дүниеге келуін айтады. «Мен 1995 жылы қабылданған Конституцияның негізгі авторы – Елбасы Н.Назарбаев деп толық айта аламын. Неге десеңіз, Президент сол кездері Еуропа мен Азияның және Солтүстік Латын Америкасының 20-дан астам дамыған және дамушы елдерінің Конституцияларын оқып, зерделеген. Содан соң 1994 жылы Әділет министрлігіне өз қолымен жаңа Конституцияның үлгі-жобасын әкеліп берді. Нақ осы жоба биыл 15-ке толып отырған Ата Заңымыздың негізі болатын», – деді       А.Смайыл.
Тоқтала кететін жайт, 1995 жылы қабылданған Конституция жобасын әзірлеу кезінде оған Еуропаның білікті заңгерлері, халықаралық беделді зерттеу орталықтарының өкілдері атсалысты. Сонымен бірге Конституция бүкілхалықтық талқылауға салынып, көптеген пікірлер ескерілген. Мәселен, қолдағы деректерге қарағанда, Ата Заңды талқылауға 3 млн 345 мың адам қатысқан, ел-жұрттан 31 886 ұсыныс түскен. Соның 1100-і Конституция жобасына енгізілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста