«Қазақстанға бір палаталы парламент жетеді» - қоғам белсендісі

Екі күннен кейін яғни 12 тамызда елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Сенат сайлауына 88 кандидат ұсынылып, барлығы да жеңістен үмітті болып отыр. Алайда қоғам арасында басым бөлігі қарттардан құралатын Сенат палатасын басы артық дүние деп санайтындар аз емес. Солардың бірі  - қоғам белсендісі, «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртай. Оның айтуынша, Сенат – қызметтен босағандар барып қалғып-мүлгіп отыратын жылы орын ғана, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Азаматхан Әміртайдың ойынша, Қазақстанға бір палаталы парламент жетеді.

«Қазір қоғамда «бізге қос палаталы парламент керек пе, әлде жоқ па?» деген әңгіме жиі қозғалады. Еске сала кететін бір жайт, елімізде қос палаталы парламент 1995 жылғы Конститутцияға сәйкес дүниеге келген. Сенат депутаттары 47 адамнан тұрады. Оның 32-ін мәслихат сайласа. 15-ін президент тағайындамақ. Яғни сенаторлардың үштен бірі мемлекет басшысының сенімді өкілдері.

Мұны мен неге қозғап отырмын?

Өйткені алдағы сәрсенбіде елде сенат сайлауы өтеді. Мерзімі таусылған 17 сенатордың орнына соншама жаңа азаматтар келмек. Хош делік. Жалпы Сенаттың қызметі не? Оның бар миссиясы: төменгі палата Мәжілістен келген заңдарды сүзгіден өткізу, жарамсызын кері қайтару, мемлекет басшысының оң жамбасына келетін заңдарды мақұлдап, қол қоюға әзірлеу т.б секілді тірлік. Бар жоғы осы», - деп жазады ол өзінің facebook парақшасында. 

Яғни Сенат ешкімге пайдасы жоқ, тек қызметтен босағандар барып қалғып-мүлгіп отыратын жылы орын ғана.

«Екінші жағынан, Сенат биліктен шеттетілгендер ат басын тіреп, күн көрісін жалғайтын «жұмақ мекен». Яғни Сенат депутатына жоғарғы лауазымды қызметінен босаған шенеуніктер тағайындалып келеді. Олардан елге не пайда? Не қайыр? Әйтеуір уақыттарын өткізу үшін, қалғып-мүлгіп отырғандары. Егерде ол орындарға мемлекет үшін, халық үшін барын беретін адал азаматтар келіп жатса әңгіме басқа. 

Ақиқатын айтар болсақ, менің ше сенат басы артық құрылым. Оның билікке қажеттілігі бар шығар, бірақ халық үшін, тіпті бюджет үшін қажеттілгі шамалы. Оларды ұстап тұру үшін жылына қаншама миллиардтар кетіп жатыр. Біз қос палаталы парламент ұстайтындай федералды мемлекет емеспіз. Бір палаталы парламент те жетеді», - деп атап өткен. 

Оқи отырыңыз: Сенат депутаттығына үміткерлердің тізімі дайын: көбісі өзін-өзі ұсынған

Қазақстанның негізгі Заң шығарушы органы – Парламент. Оның қос палатасы бар. Сенат пен Мәжіліс. Төменгі палата саналатын Мәжілісте 107 депутат, Жоғарғы палата саналатын Сенатта 47 депутат бар. Барлығы 154 депутат. Бұлар саяси партиялар мен Ассамблеяның өкілдері.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста