Қазақстандық лаңкес. Ол кім?

Қазақстандық лаңкес. Ол кім?

Кеше Мәжілісте «Қа­зіргі кезеңдегі тер­ро­ризмге қарсы іс-қимыл» та­қы­ры­бына арналған бірінші жыл сайынғы халықаралық конференция өтті. Оның барысында Қазақстандағы терроризмге қатысты про­блемалар кеңінен тал­қы­ланып, қатысушылар за­мана қатерімен күрестің тиімді жолдары жайында әңгіме өрбітті, пікірлер ортаға салынды.   
Ескере кететін жайт, соңғы бір-екі жыл­да­ғы елді елең еткізген оқиғаларға дейін Қа­зақстанда терроризм пәлендей шынайы қа­тер ретінде қарастырылмай келген еді. Сон­дықтан да ұлттық қауіпсіздікпен ай­на­лысатындар дәл осы мәселені нысанадан ал­шақ ұстағандай болатын. Жағдайды 2011 жылғы жайт күрт өзгертті. Сосын биыл­­ға дейін ұласқан жан түршіктірген тер­­роризм әрекеттері көп істе кешігіп қалу­дың салдарын алдыға тастаған болатын. Бұл – жоққа шығарылмайтын шындық. Де­генмен жіберілген олқылықтың, жол бе­рілген кемшіліктің орнын толтыру үшін соң­ғы уақытта терроризмге қарсы құры­лым­­дар күшейіп, оның алдын алуға, бол­дыр­­мауға қатысты шаралар жүйеге келе бас­­тады. Заңнамаларға өзгерістер де ен­гі­зілді. Мәжілісте өткен конференция да сол олқылықтың орнын толтыруға ұмты­лыс­тың нақты дәлелі бола алады.
Жыл басынан бері 24 террорлық әрекеттің жолы кесілген
Мүдделі мемлекеттік органдардың, ха­лық­аралық ұйымдардың өкілдері қа­тыс­қан жиын барысында айтылған мә­лі­мет­тер­ге сүйенсек, ағымдағы жыл басынан бе­рі Қазақстанның арнайы қызметі елі­міз­дегі 24 террорлық әрекеттің алдын алыпты. Өт­кен он айдың ішінде лаңкестікке және экс­тремизмге байланысты барлығы 112 қыл­­мыс анықталған. Бұдан бөлек, соңғы бес жылда өзге мемлекеттердің аумағында тер­рористік ұйымдардың қызметіне қа­тысы бар делінген Қазақстанның 40 аза­маты ұсталды. Олардың заңсыз қарулы құ­рылымдарға қатысқаны да анық­та­лыпты. Ал Қазақстанның аумағында ха­лық­аралық террористік және экстремистік ұйым­дардың 68 мүшесі құрықталды. Соң­ғы бес жылда террористік қылмыс бо­йын­ша 148 адам сотталса, экстремистік бел­гі­лері бойынша қамаққа алынғандар саны 160 адамды құраған. Полициямен те­ке­тіресіп ажал құшқандары да біршама. Со­ны­мен бірге Бас прокуратураның талабы бо­йынша Қазақстанда 15 шетелдік ұйым тер­рористік деп танылған. Алғаш рет 2004 жылы Жоғарғы сот Қазақ­стан­да  халық­ара­лық террористік әрекеттерге қатысы бар делінген төрт ұйымның жұмысын жой­ды. Атап айтқанда, әлгі ұйымдар «Әль-Каи­дамен», «Шығыс Түркістанның ислам партиясымен», «Күрд халық конгресімен», «Өзбекстан ислам қозғалысымен» бай­ла­ны­сы бар болғаны анықталған еді. Осын­дай мәліметтердің өзі лаңкестіктің елімізге ден­деп кеткенін және бір айғақтаса керек-ті.
Айтпақшы, жиын барысында тер­рор­ис­тердің нені көксейтіні, мақсат-міндеті ай­тылып, қазақстандық лаңкестердің пор­третіне дейін салынды. «Мамандар «Әл-Каи­да» мен «Талибан»  секілді халық­ара­лық терроризмнің тірегіне айналған ұйым­дардың Ауғанстанда сақталуы, сосын ха­лықаралық күштердің сол елден кетуі экс­тремистік-террористік бағыттағы басқа да топтардың белсенді әрекет етуіне жағ­дай туғызатынын айтады. Жалпы, мұндай топ­тардың мақсаты біреу – Орталық Азия ау­мағындағы барлық республикалардың конституциялық құрылымын бұзып-жа­рып, зайырлы сипаттағы дамуды жою, оның орнына осы аумақта орта ғасырдағы секілді халифаттық басқарулар енгізу», – дейді Бас прокурор орынбасары Иоган Мер­кель. Сосын қауіптің бет-бейнесі ту­ра­лы сөз еткен прокуратура өкілі бүгінгі за­ман­дағы терроризмнің ұйымдасқан транс­ше­каралық қылмыспен тығыз байланысып, ұйысып отырғанын да алға тартады. Ал ондай тұтасудың негізгі себебі террористік ұйымдардың қаржыға тәуелділігіне бай­ла­нысты болып табылады. Террористік ұйым­дар ең алдымен дәстүрлі түрде есірткі биз­несінен, қару-жарақтың заңсыз айна­лы­мынан, адам ұрлап саудалаудан, қоқан-лоқылық әрекеттерден алынған қаражат­тар­мен күн көретінге ұқсайды.
Террорлық топтар мемлекеттік сатып алуларға да араласпақ болған
Қазақстандағы терроризмді қаржы­лан­дыруға келсек, мұның белгісі еліміздегі кейбір ұйымдардан да табылған. «Қар­жы­лық мониторинг комитеті құрылған 2008 жылдан бері қарай қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, сондай-ақ терроризмді қаржыландыруға қатысы бо­луы мүмкін ұйымдар мен тұлғалар ту­ралы 190 материал құқық қорғау орган­да­рына жолданған. Құқық қорғау орган­да­рының 110 сұрау салуы бойынша, же­ке­леген қаржы операцияларының түп-төр­кіні түгел тексеріліп, қадағаланып, со­ған орай сәйкес шаралар қабылданған.  Жалпы, әлемдік қаржылық бақылаудың бө­лімшелерінің арнайы бірлестіктеріне ен­г­ен­нен соң, қаржы мониторингі комитеті тер­рористердің еліміздегі, сондай-ақ ше­телдердегі қаржы мекемелері арқылы жа­са­латын кез келген трансакциясын бақы­лаудың айтарлықтай мүмкіндігіне ие бола алады», – деді Иоган Меркель.
Бұл ретте Бас прокуратура Қазақстанда тер­роризмді қаржыландырған ұйым­дардың тізімі жасалатынын да алға тар­тады. Айтуынша, мұндай тізімді құқық қорғау органдарының мұқият тексерулері негізінде жүргізетін болады. Осыған орай, Бас прокурордың орынбасары қол­да­ныстағы заңнамаға өзгерістер енгізілуі мүм­кін екенін де жоққа шығармайды. Әлбетте, бұл шара кезек күттірмейтін өзекті дүние екені сөзсіз. Өйткені Иоган Меркель кейбір өңірлерде террористік топтардың бизнес саласына бақылау жасауға әрекеттенгенін, тіпті анау-мынауды қойып, өз­дерінің іс-әрекеттерін қаржы­лан­ды­ру­дың көзі ретінде мемлекеттік сатып алу үде­рістеріне қол жеткізуге тырысқанын да айтады.
Ал қатердің осы түріне қарсы атқа­рыл­ған шараларға келсек, Қазақстанда дәс­түр­­лі емес діни топтарды, оның ішінде бі­рін­ші кезекте салафиттерді кри­­ми­нал­­сыздандыру жұмысы қолға алын­ған. Со­нымен түптеп келгенде.
Бүгінгі қазақстандық террорист деген кім?
Дәл осы сауалға жауап беру үшін Бас про­куратура алдымен  статистикаға сіл­те­ме жасауды жөн көреді. «Мәселен, сотты бол­ған лаңкестердің 60 пайызға жуы­ғының жасы 29-ға толмағандар. Басқаша айт­қанда, бұлар – кіл жастар. Сосын бар­лығы дерлік, нақтылап айтсам 95 пайызы – жұ­мыссыздар. Осылайша Қазақстандағы террористің жинақталған портретін суреттеуге болады – бұл өмірде өз орнын тапқысы келетін, білімі жоқ, болашақтағы перспективалары да айқын емес жастар», – дейді Иоган Меркель.
Наталия ЗАРУДНА, ЕҚЫҰ Астана орталығының жетекшісі:
– ЕҚЫҰ құжаттарында айрықша аталып өтілетін адам құқын қорғау мен оны да­мытудың өзі терроризмнің алдын алу­дағы аса тиімді құралдың бірі болып табылады. Бұл ретте лаңкестердің әрекет­теріне жауап ретінде мемлекет адам құқықтарын шектеп, заңын қатайтпайтын болса, онда терроризмді өз мақсаттарына жеткізіп, мемлекет жеңіліс табуы әбден мүмкін. Cол үшін де құқық қорғау органдары төніп тұрған қатерге кәсіби түрде жауап берулері қажет. Алайда мұндай жауаптың адам құқы мен бостандығына негіз болған Конституцияның кепіліне зияны тимеуі шарт.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста