ҚАЗАҚ САНЫ 90 ЖЫЛДАН СОҢ ҒАНА ҚАЛЫПҚА КЕЛЕ АЛДЫ. НЕГЕ?..

31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
КСРО әр жылдағы санақ туралы деректерді, әсіресе ел басына нәубет түскен заматтардағысын аса құпия сақтаған. «Алаш айнасы» тәуелсіздік алған жылдардан бері демографияны зерттеген ғалымдар дерегіне сүйене келе, 1911 жылғы қазақ санын араға 90 жыл (!) салып жаңғырта алғанымызды, оған кеңестік кезеңдегі бірқатар тарихи оқиғаның, сонымен қатар жүйелік мүдделердің себеп болғанын айтады.

Ғасыр басындағы қазақ саны туралы ресми деректер жоқтың қасы. Тек бертінде 2010 жылы 1911 жылғы санақта қазақ халқының саны 8 миллион болғанын айғақтайтын ресми дерек табылған. Бұл хабарды елге жеткізуге асыққан жазушы, сол кездегі "Мемлекеттік тіл" қоғамдық қозғалысы төрағасы орынбасары Смағұл Елубай: «Жақында Мырзатай Жолдасбеков ағамыз профессор Шолошниковтың Орынборда 1921 жылы шыққан кітабын берді. Онда қазақ халқының саны 1911 жылы 8 миллион болды деп көрсетілген. Бұған дейін біз алашшылардың ауызша айтқан дерегіне сүйенетін едік. 1926 жылғы санақта қазақтың саны 4 миллионға бір-ақ түсіп, қазақ жерінде 1939 жылы қазақ халқының саны 29 пайызға жетпей қалды. Алдымен демографиялық апат орын алып, содан кейін рухани апат басталды. Бұл демографиялық апат біздің ұлттық қасіретіміз болды» деген еді.
Демек, тарихта тіркелген екі ашаршылыққа дейін де қазақ саны баудай қысқарып отырған. Ал 1921-1922 және 1932 жылдары аштықтан 4 миллион қазақ көз жұмған. Бұған саяси қуғын-сүргін құрбандары қосылмайды.

Міне, 1911 жылда қазақ саны 8 млн болды десек, онда әр жылдағы санақ мәліметтеріне сүйене келсек, оны 90 жыл өткен соң (сызбаға қараңыз) ғана жаңғырта алған екенбіз. Ал екінші ашаршылық алдындағы көрсеткішімізге 40 жылдан кейін, яғни 1969 жылы қол жеткіземіз.
1926 жылдан бастап 1959 жылдар аралығын қамтитын санақты тарихшы, заңгер Жетпіс Талдыбаевтың еңбегінен алдық. Онда қазақ саны - 1926 жылы 3 млн 713 мың 394, жалпы республика халқының 57,1 пайызын құрайды делінеді. Ал 1939 жылы 2 млн 327 мың 625 болып, республика халқының 37,8 пайызын құраймыз, ал орыстың үлесі осы кезде жергілікті ұлттан 2 пайызға асып түседі. Осыдан-ақ түрлі тарихи оқиғалар арқылы тұрғылықты ұлт санын кеміту, ал қазақтың ұлы даласын ұлттар лабораториясына айналдыру, әу бастан, ойластырылғанын аңғаруға болады. Демек, бұл санақ деректері социализмнің бет-пердесін ашатын, жүйе ауысқанымен империялық пиғылдың еш өзгермегенін танытатын фактілер.
Голощекиннің кіші Қазан төңкерісіне дейінгі уақытта қазақ даласында 372 шаруалар көтерілісі болып, оның барлығы аяусыз басып-жаншылған. Онда да бұл фактілерді тәуелсіздік алғаннан кейін біліп жатырмыз. Осы жағынан алғанда, қазақты қынадай қыру саясатын большевиктер бірден қолға алған деуге болады.
Ашаршылықты ушықтырған күштеп ұжымдастыру салдарынан қазақ қолындағы малдың алынып қойылуы еді. Егер 1929 жылы қазақтың қолында 40 млн мал басы болса, 1933 жылда одан қалғаны - 4,5 млн. Әр отбасы үйде кем дегенде 40-тан аса мал басын ұстаса, ол аштықтан соң екеуге дейін қысқарған.

Санақ деректері көрсетіп отырғандай, тәуелсіздік алғанға дейін қазақ саны 50 пайыздан аса алған емес. Мұның үлкен саясат болғанын бір санақ деректері арқылы аңғаруға болады. Сондықтан қазіргі қазақ бүгінгі күнге тәубе етіп, өтірік идеологияға тұнған социализмді аңсауды доғаруы керек.

Ашаршылық кезеңін зерттеген М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, М.Қозыбаев, Қ.Алдажұманов, Ж.Әбілғожин, М.Мырзабеков сынды ғалымдардың қай-қайсысының еңбегін алып қарастырсаңыз, ашаршылық кезеңі әлі толық бағасын алмады делінеді. Сол секілді азаматтық соғыс кезінде қылышын жалаңдатқан қызылдардың да, ақтардың да алдындағы малын, барын тартып алып, қазақты басынғаны жайлы тарихи деректер толық ашылмаған.
Ашаршылықтан кейін де қазақтың басынан қара бұлт сейілген емес. ІІ-дүниежүзілік соғысты айтпағанның өзінде оның алды мен артындағы «ұлтшылдар», «тап жаулары», «әлеуметтік қауіпті элемент» ретінде қазақтар саяси-қуған сүргінге ұшырап отырған. Шамамен 200 мың қазақ саяси қуғын-

сүргінге ұшыраса, оның 25 мыңы ату жазасына кесілген делінеді тарихи деректерде. 1920 жылдан басталған саяси қуғын-сүргін 1950 жылдарға, яғни Сталин көз жұмғанға дейін бір сәтке дамыл таппаған.
Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген аталы сөз бар. Сондықтан қызылдардың қанды қырғынының ащы шындығын ашу бүгінгі ұрпақтың мойнындағы жауапты парыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста