Көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерінен (туы, әнұраны, елтаңбасы) тыс мемлекеттік ұрандары болады. Бұл ұрандар сол мемлекет халқының мұң-мұқтажын, арман-мұратын, ұмтылатын биігін айқындайды, елдік идеясы мен идеологиясына негіз болады.
Осы 23 жылда қаншама ұранды бастан өткердік. 3-4 жылда бір ұранды ауыстырып, тоздырып жатамыз.
Осыған орай сұрақ: біздің мемлекетке ұран керек пе? Керек болса қандай?
Маған екі нұсқасы ұнайды:
1) Азаттық. Бірлік. Өрлеу.
2) Ұлт. Азаттық. Еңбек.
Сіздер не ұсынасыздар...
Ерінбей басқа елдердің мемлекеттік ұрандарын жиып-тергендей болдым. Салыстырып, ойланып көріңіздерші.
ТМД елдері
Әзірбайжан – «Odlar Yurdu» – Оттар елі
Армения – Бір ұлт – бір мәдениет
Белоруссия – Жыве Беларусь! (белор., Жасасын, Беларусь!)
Грузия – ძალა ერთობაშია! (Dzala ertobashia) (груз., Күшіміз – бірлікте)
Украина — Слава Україні! (укр., Украина жасасын!)
Өзбекстан — Kuch Adolatdadir! (өзб. Күш әділеттілікте!)
Түрікменстан — Garaşsyz, Bitarap, Türkmenistan – Тәуелсіз, Бейтарап Түрікменстан.
Еуропа және Батыс елдері
Австралия – «Advance Australia» - Алға, Австралия!
Андорра – Virtus, Unita, Fortior (лат., Иман, Бірлік, Күш-Қайрат)
Бельгия – Eendracht maakt macht, L’union fait la force and Einigkeit gibt Stärke (голл., фр. және нем., Бірлік күш береді)
Болгария – Съединението прави силата (болг., Бірлік күш береді).
Германия – Einigkeit und Recht und Freiheit (нем. Бірлік, Құқық және Азаттық).
Грекия – Ελευθερία ή θάνατος (Eleutheria i thanatos) (грек. Азаттық немесе өлім).
Ирландия – Éirinn go Brách (Ирландия мәңгілік).
Испания – Plus Ultra (лат., Шектен тыс).
Канада – A mari usque ad mare (лат., Теңізден теңізге дейін).
Латвия – Tēvzemei un Brīvībai (латыш., Атамекен мен азаттық үшін!).
Литва – Tautos jėga vienybėje (лит.,Ұлт қайраты бірлікте)
Лихтенштейн – Für Gott, Fürst und Vaterland (нем., Құдай, патша және атамекен үшін).
Люксембург – Mir wëlle bleiwe wat mir sinn (люксем., Біз өзіміз болып қалғымыз келді).
Монако – Deo juvante (лат., Құдайдың көмегімен).
Нидерланды – Je maintiendrai, Ik zal handhaven (фр., нидерл. Мен сақтаймын).
Польша – Bóg, Honor, Ojczyzna (польск., Құдай, намыс, Атамекен).
Сан-Марино – Libertas (лат., Азаттық Свобода).
Сербия – Само слога Србина спасава (серб.,Сербтерді тек бірлік қана құтқарады).
Словения – Stati inu obstati (словен., Тырмысып нәтижеге жету).
АҚШ – In God We Trust (англ., Құдайға сенеміз) және E pluribus unum (лат., Көптен – бірлік).
Франция – Liberté, égalité, fraternité (фр., Азаттық, теңдік, бауырластық).
Чехия – Pravda vítězí! (чех., Шындық жеңеді).
Швеция – För Sverige – i tiden (швед., Әрқашан Швеция үшін!).
Азия елдері
Вьетнам – Ðộc lập, Tự do, Hạnh phúc (вьетн., Тәуелсіздік, Азаттық, Бақыт).
Үндістан – सत्यमेव जयते (Satyameva Jayate) (санскрит, Ақиқат жеңеді!).
Камбоджа – Nation, Religion, King (ағыл., Ұлт, Дін, Патша).
КХДР – 강성대국 (强盛大國, Gang Seong Dae Guk) (корей., Дамыған және ұлы мемлекет).
Корея Республикасы – 홍익인간 (弘益人間, Hong Ik In Gan) (корей., Барша адамзат мұраты).
Лаос – Peace, independence, democracy, unity and prosperity (англ., Бейбітшілік, тәуелсіздік, Демократия, Бірлік және Өркендеу).
Непал – (санскрит, Ана мен Отан аспан патшалығынан да қымбат).
Тайланд – ชาติ ศาสนา พระมหากษัตริย์ (тай.,Ұлт, Дін, Патша).
Сингапур – Majulah Singapura (малай., Енді тек Сингапур).
Филиппины – Maka-Diyos, Maka-Tao, Makakalikasan at Makabansa (филипп., Құдай, халық, табиғат және ел үшін).
Мұсылман елдері
Албания - Feja e Shqiptarit është Shqiptaria (алб., Албандықтардың ұстанымы – албанизм!; Ti, Shqipëri, më jep nder, më jep emrin Shqiptar (Сен, Албания, маған намыс бердің, сен маған албан деген ат бердің!)
Алжир – بالشعب و للشعب Bil-shaʿb wa lil-shaʿb (араб., Адамдардан және адамдар үшін)
Бруней – الدائمون المحسنون بالهدى (араб., Алланың айтқанымен қызмет ету).
Индонезия – Bhinneka Tunggal Ika (Әралуандылық бірлігі).
Иордания – الله الوطن المليك (Allah, Alwattan, Almaleek) Құдай, Ел, Тәуелсіздік.
Ирак – الله أكبر (Allahu Akbar).
Иран – Esteqlāl, āzādī, jomhūrī-ye eslāmī[33] (парс., Тәуелсіздік, Азаттық, Ислам Республикасы) және Allaho Akbar.
Мавритания – شرف إخاء ع or Honneur, Fraternité, Justice (араб. и фр., Намыс, бауырластық, әділеттілік).
Малайзия – Bersekutu Bertambah Mutu (малай., Бірлік – күш).
Марокко – الله، الوطن، الملك (араб., Құдай, Ел, Патша).
Біріккен араб әмірліктері – Құдай, Ұлт, Президент.
Пәкстан – Ittihad, Yaqeen-mukkam, Nizam (урду, Бірдік, Сенім, Тәртіп).
Сауд Арабиясы – لا إله إلا الله محمد رسول الله (lā ilāhā illā-llāhu; muhammadu-r-rasūlu-llāhi).
Сирия – وحدة ، حرية ، اشتراكية (Wihdah, Hurriyyah, Ishtirākiyyah) (араб., Бірлік, Бейбітшілік, Социализм).
Судан – النصر لن (Al-Nasr Lana: араб., Жеңіс біздікі!).
Тунис – Order, Freedom, and Justice (англ., Тәртіп, Бейбітшілік, Әділеттілік).
Түркия – Egemenlik kayıtsız şartsız milletindir. (Егемендік ұлтқа жауапкершілік жүктейді)
Африка елдері
Ангола – Virtus Unita Fortior (лат., Бірлік күшке айналады)
Бенин – Fraternité, Justice, Travail (фр., Бауырластық, Әділеттілік, Еңбек).
Ботсвана – Pula (тсвана, Жаңбыр).
Буркина-Фасо – Unité, Progrès, Justice (фр., Бірлік, Өрлеу, Әділеттілік).
Бурунди – Unité, Travail, Progrès (фр., Бірлік, Еңбек, Өрлеу).
Габон – Union, Travail, Justice (фр., Бірлік, Еңбек, Әділеттілік).
Гамбия – Progress, Peace, Prosperity (ағыл, Өрлеу, Бейбітшілік, Өркендеу)
Гана – Freedom and Justice (ағыл, Азаттық және әділеттілік).
Гвинея – Travail, Justice, Solidarité (фр., Еңбек, Әділеттілік, Ынтымақ).
Гвинея-Бисау – Unidade, Luta, Progresso (порт., Бірлік, Күрес, Өрлеу).
Замбия – One Zambia, One Nation (ағыл, Бір Замбия — бір ұлт).
Зимбабве – Unity, Freedom, Work (ағыл, Бірлік, азаттық, еңбек).
Кабо-Верде – Unidade, Trabalho, Progresso (порт., Бірлік, Еңбек, Өрлеу).
Камерун – Paix — Travail — Patrie (фр., Бейбітшілік, Еңбек, Атамекен).
Кения – Harambee (суахили, Бәріміз бірге жұмыс істейікші).
Конго ДР – Justice – Paix – Travail (фр., Әділеттілік, Бейбітшілік, Еңбек).
Конго Республикасы – Unité, Travail, Progrès (фр., Бірлік, Бейбітшілік, Өрлеу).
Кот-Д,Ивуар – Union, Discipline, Travail (фр., Бірлік, Тәртіп, Еңбек).
Лесото – Khotso, Pula, Nala (сесото, Бейбітшілік, Жауын, Өркендеу).
Либерия – The love of liberty brought us here (ағыл., Азаттыққа деген махаббат бізді осында алып келді).
Мадагаскар – Tanindrazana, Fahafahana, Fandrosoana (малагас., Атамекен, Азаттық, Өрлеу).
Намибия – Unity, liberty, justice (англ., Бірлік, Азаттық. Әділеттілік).
Нигерия – Unity and Faith, Peace and Progress (ағыл, Бірлік пен Сенім, Бейбітшілік пен Өрлеу).
Свазиленд – Siyinqaba (свати, Біз – қамалмыз).
Сенегал – Un peuple, un but, une foi (фр., Бір халық, бір мақсат, бір дін).
Уганда – For God and My Country (англ., Құдай мен мемлекетім үшін).
ОАР – !ke e: /xarra //ke (ксам, Әртүрлі адамдар бірігеді).
Латын Америкасы елдері
Антигуа және Барбуда – Each endeavouring, all achieving (ағыл. Әркімнің ұмтылысы – баршаның жеңісі).
Аргентина – En Unión y Libertad (исп., Одақта және азаттықта).
Боливия – La Unión es la Fuerza (Күшіміз – бірлікте).
Багам аралдары – Forward, Upward, Onward Together (ағыл, Бірігіп алға, жоғары, әрі қарай).
Барбадос – Pride and Industry (ағыл, Намыс және Талап).
Белиз – Sub umbra floreo (лат., Мен көлеңкеде де гүлденемін).
Бермуд аралдары – «Quo fata ferunt» (лат. Тағдырдың жазғаны болады).
Бразилия – Ordem e progresso (порт., Тәртіп пен өрлеу).
Венесуэла – Dios y Federación (исп., Құдай және Федерация)
Гаити – L’union fait la force (фр., Күш – бірлікте).
Гайана – One people, one nation, one destiny (ағыл, Бір халық, бір ұлт, бір тағдыр).
Гватемала – Libre Crezca Fecundo (исп. Азат және бай болып өркендеу).
Гондурас – Libre, Soberana E Independiente (исп., Азат, Егемен және Тәуелсіз).
Гренада – Ever Conscious of God We Aspire, and Advance as One People (ағыл., Құдайды мойындай отырып, біз біртұтас ұлт болуға тырысамыз).
Гуам – Where America’s day begins (англ., Американың күні басталатын жер).
Доминика – Après Bondie, C’est la Ter (патуа, Құдайдан кейін Жерді жақсы көреміз).
Доминикан Республикасы – Dios, Patria, Libertad (исп., Құдай, Мемлекет, Азаттық).
Кайман аралдары – He has founded it upon the seas (англ., Құдай оны теңізде жаратты).
Колумбия – Libertad y orden (исп., Азаттық және тәртіп).
Коста-Рика – Vivan siempre el trabajo y la paz (исп., Еңбек пен Бейбітшілік жасасын).
Куба – Patria o muerte (исп., Отан немесе өлім).
Мексика – Viva Mexico! – (Мексика жасасын!)
Никарагуа – En Dios Confiamos (исп., Құдайға сенеміз).
Панама – Pro mundi beneficio (лат., Адамзат игілігіне).
Парагвай – Paz y justicia (исп., Бейбітшілік және әділетті сот).
Сент-Китс и Невис – Country Above Self (англ., Елім өзімнен биік).
Суринам – Justitia, pietas, fides (лат., Әділеттілік, иман, адалдық).
Уругвай – Libertad o Muerte (исп., Азаттық немесе өлім).
Чили – Por la razón o la fuerza (исп., Құқықпен немесе күшпен).
Эквадор – Dios, patria y libertad (исп., Құдай, Отан және Азаттық).
Ямайка – Out of many, one people (англ., Көптеген адамнан – біртұтас халық).
Айдос Сарым, саясаттанушы
Facebook-тегі парақшасынан