Қарғыс адам таңдамайды, ірі саяси тұлғалар да одан шет қалған емес

Қарғыс адам таңдамайды, ірі саяси тұлғалар да одан шет қалған емес

Ұсақ-түйекті жиып қойып, ХХ ғасырдың қарғыс арқалаған белді тұлғаларын алайық, мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстың себепкері, миллиондаған адамның қарғысына қалған Гитлер өзіне қол салды. Сол секілді жойдасыз басқарудың арқасында ашаршылыққа, қуған-сүргінге миллиондаған адамды ұшыратқан Сталин де айналасындағылардың мәжбүрлеуімен ит өліммен өлгені белгілі.

Сталинмен ымыралас болып, миллиондардың басын жұтқан Ежов, Берия сол секілді қазақтың жартысынан астамын қырған Голощекиндер де өз ажалынан емес, құмалақтай қорғасыннан жер құшты. Өйткені оларды халықтың қарғысы жіберген жоқ.

Жалпы, ғалымдар «әр сөзде энергия бар» деп жатады. Мүмкін. Өйткені жақсы сөзге жаның марқайып, көңілің көтеріліп қалса, зәрмен айтылған жаман сөзді көтере алмай, ауырып қаласың. Не болмаса біразға дейін еңсең түсіп, жаман күйде жүресің. Содан болар атам қазақ «Жақсы сөз айт. Жақсы сөз, жарым ырыс» деп жататыны. Википедияда «Қарғыс – зәбір-жапа шегіп, қорлық көрген, азапталған адамның жәбірленушісіне ашынып айтқан зілді кейіс сөзі, лағнеті; парапсихологияда тіршілік иесінің жәбірлеушіге қарсы кері әсерлі қуат күші.

Жан-жануарлар да, өсімдіктер де, Жер ана да, аруақтар да өзін қорлаушыға қарғыс айтады. Қазақ халқы қарғысқа өте абайлап қараған. Сондықтан қазақ ұрпағына «қарғыс алма, алғыс ал» деген өнегелі өсиет қалдырған» деп жазылған. Бүгінгі біздің әңгімеміздің арқауы аруақтардың өзін қорлаушыларға айтар қарғысы жөнінде болмақ.

Әлі есімде мектеп бітірген соң, жоғары оқу орнына түсе алмай қалып, әкемнің жанында көмекші болып қой бақтым. Ол кездегі колхоздың малы белгілі, жазда жайлауда, күзде күзеуде, қыста қыстауда дегендей. Жайлаудан түскен соң күзеуде Сартерек деген жерде алғашқы қар қымылықтағанға дейін отырамыз. Сосын барып қыстауға көшуші едік. Сартерек ауылдан алыс отыз-қырық шақырым жер. Айдала. Өзен жағасындағы жалғыз қашар. Жалғыз үй. Үй болғанда да екі жаққа қараған екі есігі бар. Біреуінде осы қашарды күзететін Ауғанбай деген қарт адам тұрады. Жалғызілікті адам. Кемпірі ертеде қайтыс болса керек-ті. Бала-шағасы жоқ. Бір қора ұсақ малы, үйір жылқысы бар. Ермегі сол. Ауылға келіп ешкіммен араласпайды. Жат. Өзін саяқ ұстайды. Оның арғы-бергі тегін ешкім біле бермейді.

«Баяғыда, сонау отызыншы жылдары ел басқарған екен. Сол дүрмек жылдары талай боздаққа жала жауып, өкіметке ұстап беріп, аттырып жіберген екен. Сол азаматтардың жазықсыз төгілген қаны жіберсін бе, бала-шағасы, жары бәрі бірінен кейін бірі қайтыс болып, мүсәпір болып қалған. Содан кейін ешкіммен араласпай қазір елден жырақ тұрады. Қарғыс атқан шал» деген ел арасында қаңқу әңгіме бар. «Бұл аруақ атқыр, осы маңайдағы бүкіл моланы адақтап қазып шықты. Не іздейді екен?» деп кейде әкем бір әңгіменің ұшын қылтитып қоятын. Ол кезде от жетідегі баламыз ғой. Еш нәрсенің байыбына бара бермей, «бай адамдардың моласын қазып, байлық, бірге көмілген алтын-күміс іздеп жүрген шығар» деп қызығушылық танытып қоятынмын.

«Е, балам аруақтардың тыныштығын бұзғандар оңсын ба? Онсыз да қолы қанды адам ғой. Әлі-ақ жазасын тартар» деп әкем құлдыраңдап кашар маңында жүрген шалға жаман көзбен қарап қоятын-ды. Бірде кашар маңында жүрген мініс аттары шығындап, алысқа кетіп қалыпты. Әкем «алып кел» деп жұмсаған соң, жаяу іздеп кеткенмін. Өзен иіндеріндегі қалың талдардың арасын кезіп, бір кезде «жан-жағымды байқайын» деп жар қабаққа шыға келгенмін. Көзім бұрыннан өзім білетін Бектемір батырдың көне моласына түсті. Төрт құлақты, ортасында күмбезі бар, бірақ үгітіліп құлай бастаған моладан бір адам кіріп-шығып бір нәрсе істеп жүр. Сәл тіксініп қалып, жүрелеп отырып тағы қарадым. Әлгі Ауғанбай шал. «Мола қазып жүрген болды ғой» деп топшыладым. Өйткені молаға кіріп кетіп, біраздан соң қазылған топырақты сыртқа төгіп жүр. Аттарды тауып айдап келген соң, әкеме көргенімді айттым.

«Әй оңбаған-ай, Бектемір батыр аруақты адам ғой. Киесі ұрады-ау, бұл жазғанды» деп әкем жерге түкірген. Түстен кейін ауылдан азық-түлік артқан машина келіп, шалдың қайда жүргенін ұмытып кеткенбіз. Жиналып шай ішіп отыр едік, шапқан аттың дүрсілі естілді. «Кім болды екен?» деп елеңдесіп сыртқа шыққанбыз. Ауғанбай шалдың аты, иесі үзеңгіге сүйретіліп жүр. Қан-қан. Ат үркіп, бауырында сүйретілген денені тебе-тебе, адам көргісіз етіп тастапты. Қаумалап жүріп атты ұстап, шалдың аяғын үзеңгіден шығардық. Денеден жан шығып кеткен, мылжа-мылжа. Моладан қазып алған заты болар, атқа артқан қабы бар. Шамасы моланы қазып, тапқанын қапқа салып кері қайтқан шалдың жолда басы айналып аттан құлағанға ұқсайды. Аяғы үзеңгіден шықпай қалған соң, ат үркіп иесін сүйреп, тепкілеп өлтірген секілді.

«Бектемір батыр киелі адам ғой. Аруағы ұрған ғой. Онсызда отызыншы жылдары талайды қан қақсатып, өкіметке ұстап беріп, қарғысқа ұшыраған адам еді. Енді аруақтардың тынышын алып, олардың да қарғысын алды. Бұл соның зауалы ғой» деп әкем бетін сипаған. Өзгелер де әкемнің айтқанын мақұлдап, Ауғанбай шалдың соңғы кездегі адам сүймейтін тірлігі жөнінде әңгімелеп кетті. Сөйтсек бұл шал аяғы жеткен жердегі бүкіл молаларды қазып, әлденені іздеп жүреді екен. Ақыры аруақтардың қарғысына ұшырап, ит өліммен өлді. Бұл өзімнің көзіммен көрген оқиға еді.

Жалпы, «аруақтардың тынышын алсаң, қарғысына қаласың» деген сөз бар. Негізі, осы тәмсілдің өзегінде бір шындық бұғып жатқаны ақиқат. Осыдан бірер жыл бұрын, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының аумағынан Сақ ханшайымының мүрдесі табылғанын жұртшылық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіді. Бір қызығы, экспедиция мүшелерінің айтуынша, сақ қызының мүрдесін қазу кезінде ерекше оқиға орын алған көрінеді. Түн сайын сақ сұлуы әркімнің түсіне еніп, үрейін алыпты. Тіпті экспедицияның бір мүшесі тастан жасалған саркафакқа түсіп көрмек болған кезде Үржар ауданында кенеттен ауа райы өзгеріп, шаңдатып қатты дауыл тұрған. «Мұның бәрі тегін емес. Ханшайым тылсым күшке ие» деседі археологтар. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Өйткені көр қазып, қарғыс арқалап, жазымға тап болғандар, мүрде ақтарылған жерде аяқасты табиғатты түлен түртіп, зілзалалар, дауылдар көтерілгені жөнінде алыпқашпа әңгіме көп.

Мәселен, Алтай ханшайымы. Айта кетейік, Алтай ханшайымын новосібірлік археологтар 1993 жылы Укок шоқысындағы Ак-Алах-3 қорғанын қазу барысында тапқан. Мумияның жасы 2,5 мың жылды құрайтын көрінеді. Мүрдені жатқан жерінен қазып алған соң, сол маңда қатты зілзала болды. Дауылдар мен борандар соқты. Талай дүние қирады. Жұрты бар, бақсы-балгері бар бәрі: «бұл – Алтай ханшайымының қаһары. Тыныш жатқан жерінен бекер қозғадық» десті. Бұл – кеше ғана болған оқиға.

Бұған дейін «перғауындар қарғысы» дегенді талай мәрте естідік. Перғауындар қарғысы, бұл не өзі? Сәл арғы тарихқа көз жіберер болсақ, Пирамида тасын қалап, оның ішіне перғауынның үлде мен бүлдеге оранған табытын қояр кезде, біраз амалдар қарастырылғаны белгілі. Өйткені жер дүние патшаларының мүрдесі тоналмас үшін, көр қазушылар түрлі қулық жасаған. Мәселен, табытқа апаратын жолдарға тосқауыл қою, адастыру, өзге бағытқа бұрып, алдап жіберетін жерасты жолдарын қазу, жалған табыт қою секілді. Ал перғауынның мүрдесі жатқан шын табыт мұқият жасырылған. Тіпті оны көр ақтарып, қазына іздегендер таба қалғанның өзінде, олардың бірден сілесін қатыру үшін табытқа мыңдаған жыл қуатын жоймайтын у жағылған. Жын-шайтанмен тілдескен бақсылар түрлі қарғыстарын айтып қалдырған...

Перғауынның табытын ашу өмірмен қоштасу екені, өткен жүз жылдықтың ортасында ғана белгілі болды. Өзгесін былай қойғанда, атақты Тутанхамон табытын тауып, ашқандардың не болғанын еске алсақ та жетеді. Мәселен, көр қазушылардың басшысы болған лорд Карнарвон кенеттен өмірмен қоштасады. Одан кейін оның бауыры, достары, қызметтестері дегендей. Тутанхамонның табытын ашуға атсалысқан 21 адамның бірі де қалмады. Барлығы белгісіз жағдайда о дүниеге аттанды. Бұл әлемдік деңгейде үлкен әңгіме туғызды. «Перғауындар қарғысы» деген атау сол кезде пайда болды. Пирамидаларды зерттеп жүргендер дүрлігісіп қалды. Ешкім де тектен-тек жан қиғысы келмейтіні белгілі. Біраз уақыт пирамидалар зерттелмей, тоқтап қалған. Алайда көнеден қалған нысандарды ақтарып-төңкеруге деген құмарлық ажалға да қаратпады, перғауындардың мүрделерін іздестіру қайта жалғасын тапқан... 1950 жылдың соңында ғалымдар жорамал жасап, «Тутанхамонның көрін қазғандар белгісіз вирустан қайтыс болды» десті. Ол не қылған вирус, оны нақты ешкім айта алмады. Өйткені мыңдаған жыл табытта сақталған ондай жойқын ауру тудырушы жұқпалы вирусты табуға сол кездегі ғылымның деңгейі жетпесе керек-ті.

Қалай десек те, перғауындардың мүрдесін белгісіз бір тылсым күш күзетіп тұр дегенге сенуге болатындай... 1957 жылы бір перғауынның табытындағы: «Табытты бүлдірмеңдер! Тиіспеңдер! Әйтпесе менің қарғысым сендерді оңдырмайды!» деп шекіп жазылған таңбаларды ғалымдар оқыған. Өкініштісі, соны оқыған ғалымдар да қарғысқа ұшыраған көрінеді... Бұл Мысыр пирамидаларында болған тосын оқиғалар дейтін болсақ, Америкадағы үндістердің пирамидаларын ақтарып-төңкеріп, қазына іздеген тонаушылар да, сырын білсек деген ғалым зерттеушілер де белгісіз зауалдарға тап болыпты. Кездейсоқтық па, әлде не? Пирамидалардың сыртқы ұқсастығы өз алдына, ондағы болып жатқан мистикалық жағдайлардың ұқсастығы да жағаңды ұстатады.

(Мақала тақырыбы өзгертіліп берілді, түпнұсқадағы атауы «Қарғысқа ұшыраған жандардың оңғаны жоқ»).

Сейсен Әмірбекұлы
aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста