Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Анкараға барды. Президент мінген ұшақ кеше кешкісін Түркия астанасының әуежайына қонды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады.
Бұнда апат пен төтенше жағдайлар кезінде елдер бір-біріне гуманитарлық көмек көрсетудегі басым бағыттарды қарап, талқылайды.
Сондай-ақ сапар барысында Қазақстан мен Түркия Президенттері кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.