Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемқызметшілер мен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мемлекет басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап.
"Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін" -делінген құттықтау мәтінінде.