Премьер арабтарды аузына қаратты

Мансұр ХАМИТ (фото)

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеше Астанаға келген арабтардың «аузын ашқызып, көзін жұмғызды». Олар ғана емес, күнделікті жиындарда Премьеріміздің қазақшасы мен орысшасын ғана естіп жүрген біз де оның кешегі тапқырлығына таңырқап қалдық. Кешеден бері Астанада «Қазақстан және Сауд Арабиясы – даму бойынша серіктестер» атты тақырыпта өтіп жатқан ІІ қазақ-сауд бизнес-форумында Кәрім мырза қазақ тілінде сөйлеген жоқ. Орысша да «әу» демеді. Мінберге шығып, араб тілінде мүдірместен зырылдай жөнелгенде жұрт демін ішіне тартты. Қамсыз отырған журналистер де сасқанынан ілеспе аударма аппараттарына жүгірісті. Сөйтіп, қонақтардың көңілін бір жадыратып алған соң, ағылшын тілінде сөйлеп кетті...
Араб делегаттары өз сөздерінде Премьер-министрге дән риза болғанын жа­сырмады. «Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің бізге жасаған осынау құр­метіне дән ризамыз. Өкінішке қарай, біз қазақша сөйлей алмаймыз», – деп Сауд Арабиясы корольдігінің Инвестициялар бойынша агенттігінің төрағасы Әмір Даббах өзінің бір қуаныш, бір өкінішін қа­тар жеткізді. Сауд Арабиясы корольдігі Сауда-өнеркәсіп палатасы кеңесінің бас хатшысының орынбасары Әбдірахман әл-Джерейси де Кәрім Қажымқанұлының араб тілінде сөйлеуін екі ел арасындағы жақсы қарым-қатынастың бір жемісіне балап, жақсылыққа ырымдап қойды.
Мұсылмандық істен көрінсін...
Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдері арасында исламдық қаржы­лан­ды­руды дамытуға арналған заңнаманы алғашқы болып қабылдап отыр. Осыны ескерте келе Премьер-министр Сауд Арабиясы қаржыгерлерін Қазақстандағы ислам банкингін дамытуға атсалысуға ша­қырды. «Сіздердің өте маңызды әрі қарқынды өсіп келе жатқан қаржыландыру секторындағы тәжірибелеріңізбен таны­сып шығуға қатты қызығушылық танытып отырмыз. Біздің Үкімет өзіне ұзаққа сер­мейтін экономикалық мақсаттар қойып, шетелдік инвестициялар тартуды қа­рас­тыруда. Бірақ бұл мақсаттарға өзіміз жалғыз жүріп жете алмаймыз. Сондықтан бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет», – деді Үкімет басшысы. Экономика атты те­ңізде кеменің бір жақ ескегін сенімді се­рік­ке берсек, еш ұтылмайтынымызды жақ­сы түсінген ол сонымен қатар «серік­тес болсақ» деген ниеттегі бірқатар сала­лар­дың тізімін де тілге тиек етті. Атап айт­сақ, ауыл шаруашылығы, мұнай мен хи­мия, энергетика және туризм салалары араб жұртының серіктестігін қажет етеді.
«Екі ел арасындағы сауда-саттық кө­ле­мі қолда бар мүмкіндіктен төмендеу, тауар айналымы әлеуетін әлі де арттыруға болады», – дейді Әмір Даббах.
Қазақша жеңілдікке арабтың да бар таласы...
Алыстан ат терлетіп келген арабтар Үкіметке «таудай талап» қоя келіпті. Олар өздерін өзекке теппей, бауырына басуды сұрайды. Яғни араб инвесторларына да ұлттық инвесторларға қолданып отыр­ған преференцияларды беруді қалайды. Жергілікті инвесторларға қандай көмек көрсетсе, бізге де сондай жәрдемдер молынан болса деген уәж айтады. Осы талап-тілектері орындалса, Қазақстан эко­но­микасына қазірден инвестиция салуға әзір. «Қазақстанның табиғи жағдайы қо­лайлы болғандықтан, біздер азық-түлік өндіру мен ауыл шаруашылығына инвес­тиция салғымыз келеді. Ал саудтық инвесторлар қазақстандық инвесторларға берілетіндей жеңілдіктерді өздеріне де сұрайды», – деді Әмір Даббах «айран сұрай келсең, шелегіңді жасырмай кел» дегенді ескерген адамша тілегін төтесінен жет­кізіп.
3,5 млн га жерді арабша аршуға болады
Ауыл шаруашылығы демекші, осы­дан екі жыл бұрын өткен Қазақстан мен Сауд Арабиясы бизнес өкілдерінің арасын­дағы алғашқы бизнес-форумда араб­тар өздерінің арпа, бидайға аса зә­ру екендігін байқатқан болатын. Ауыл ша­руашылығы өнімдерін өңдейтін зауыт салуға мүдделі екенін де сол кезде айтқан еді. Тек қолбайлау болып отырған дүние – араб жері табиғатының қолайсыздығы. Осыны пайдаланған еліміз саудтық ин­вес­торларға ауыл шаруашылығы өнім­дерін өңдеу үшін 3,5 млн га жер беруге дайын екенін мәлімдеді. «Бұл не қылған жомарттық?» деген заңды сұрақ та туатыны белгілі. Бұған ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Арман Евниев былай дейді: «Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруа­­­шы­лық жерлерге жасаған талдауы нә­­ти­жесінде әртүрлі себептермен бүгінге дейін айналысқа түспей бос жатқан 3,5 млн га жер бар екендігі анықталды». Министрлік осы жерлерді шетелдіктерге ұсынбақ. Ал жер иесі инвесторлармен бірігіп жұмыс істей береді. Келіссөздерге де өздері барады.
Бір қуантарлығы, осыдан кейін шариғат заңына бағынған корольдік дас­тарқанымызды адал асқа толтыра ма деген үміт ұялайды көңілге.
Визаның кедергі екенін білмеппіз-ау...
Араб инвесторларының тағы бір өтініші – Қазақстанға туристік сала мен инвестиция тартуды дамыту үшін өкіл арасындағы визалық режимнің күшін жою. «Екі ел арасындағы инвестициялық қатынасты дамытудың жолы – туризмді дамыту. Туризм – сауда мен инвестицияның маңызды қақпасының бірі», – дейді Қазақстан-сауд іскерилер кеңесінің тең төрағасы Әбдірахман Замиль. «Қазақстан келушіден виза талап етеді. Ал бұл туризм саласының дамуына басты кедергі болып тұр. Қазақстан Үкіметі виза режимінің күшін жойса болатын еді. Сондықтан мен сіздерге Түркияның, Малайзияның және біздің елдің тәжірибесін үйренуді ұсынар едім», – дейді ол.
Осыған байланысты Сауд Арабия­сының ішкі жағдайымен етене таныс, сол жақтағы елшіміз Қайрат Лама-Шәріптің көзқарасын білдік.
«Форумға қатысушылардың көбісі бұл ұсынысты түсінбеуі мүмкін. 2007 жылдың соңына қарай Сауд Арабиясы корольдігі 33 елдің тізімін жасады. Яғни осы ел­дер­дің азаматтары корольдікке келу үшін визаның құжаттарын жинап, әуре-сар­саңға түсіп жатпайды. Олар визаның же­ңіл­детілген түрін пайдалану мүмкіндігін алды. Еш қиындыққа тап болмайды. Ел­ші­лікке келіп, шаруасын бар-жоғы 15 минутта-ақ шешіп кете береді. Бұл жүйе­нің ұтымдылығы да осында», – дейді Қ.Лама-Шәріп.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста