Полиция реформасы қай елде қалай жүзеге асты?

Полиция реформасы қай елде қалай жүзеге асты?

Азаматтармен тікелей қарым-қатынаста болатын мемлекеттік қызметкерлердің бірі – полицейлер. Сондықтан тәртіп сақшыларының «биліктің айнасына» теңелуі де бекер емес. Дегенмен полиция имиджінің жағымды болуына билікпен бірге халық та мүдделі. Бүгінде сол тәртіп сақшыларының имиджін бүлдіруші жемқор полицейлердің саны аз емес. Яғни олардың санын бір қарын майдағы бір құмалаққа теңей алмаймыз, «құмалақтар» тым көп. Оны еліміздегі қоғамдық сайттар жүргізіп жатқан кез келген сауалнама жұмыстары дәлелдейді.
Мәселен, nur.kz сайтының тәртіп сақ­шыларына қатысты сауалнамасына жауап бер­ген респонденттердің 41 пайызы «жол ережесін дұрыс сақтамай полицияға ұс­талған жағдайда пара беріп құтылатынын» көрсетсе, 60 пайызға жуығы Жол полиция­сының жұмысына көңілдері толмайтынын айтады. Яғни қазақстандықтар өз поли­цей­леріне төмен баға береді. Тұрғындар­дың басым көпшілігі олардың пара ала­тын­­дығын, дөрекілігін, қызметіне салғырт­ты­ғын тілге тиек етеді. Бұл аталғандардың қай-қайсысы да қазақстандық сақшы­лар­дың бойында бар екені анық. Парақор­лық­ты былай қойғанда, сақшылардың дө­рекілігі де жиі сөз болады. Мәселен, біз­дегі полицейлердің «қылмысқа күдікті» адам­дарға деген қарым-қатынасы «сот ше­шімі бойынша қылмыскер деп таныл­ған» адамдарға деген ұстаныммен бірдей. Күдіктіні былай қойғанда, көшеде қара­пайым адамдармен тілдесулер де көп жағ­дайда дөрекі жүзеге асады.
Сондай-ақ жол сақшыларын мысал етсек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында жол апаты қаупін тудырудың қажеті қанша? Байқасаңыз, жол ережесін ең көп бұзатын көліктер жол сақшыларына тән. Арнайы дыбыстық және жарық беру белгілерін пайдаланбастан-ақ кез келген жол мен жолақты ерсілі-қарсылы бұзып өте береді. Бұл да, айналып келгенде, қыз­мет бабын асыра пайдаланудың кө­рінісі.
Кейде тәртіп сақшылары өз жұмыста­ры­ның мақсатын түбегейлі түсінбейтіндей көрінеді. Мәселен, бізде қылмыстың ал­дын алу шараларына аз көңіл бөлінетіні по­лицейдің қате психологиясын дөп ба­сып көрсететін мына бір анекдотты еске тү­сіреді: Күн ыстықта өзенге келіп, ше­шініп, суға секірген әйелге тәртіп сақшысы ке­ліп: «Сізге айыппұл саламыз, өзенге шо­мылуға болмайды», – дейді. «Оны неге мен шешініп жатқанда айтпадыңыз?» «Се­бебі мұнда шешінуге тыйым салынбаған». Сол айтқандай, қылмыскердің қылмысқа ба­руын күтіп жататын сақшылардың қо­ғамға тигізер пайдасы шамалы. Қысқасы, реформа керек. Бірақ қандай реформа?
Қандай реформа керек?
Әлемдік тә­жі­ри­беде құқық қорғау органдарын ре­фор­ма­лаудың түрлі үлгілері бар. Негізінен, фран­цуздық, ағылшындық, америкалық жә­не жапониялық үлгілер ай­­тылады. Фран­цуздық үлгі ретінде бір кез­дері напо­леон­дық реформаторлар құ­рып кеткен полицейлік жандармерия аталады. Қазір Францияда ішкі тәртіпті қа­да­ғалайтын, алайда өзара бәсекелесіп оты­ратын үш құ­рылым бар: Ішкі істер ми­нистрлігіне қа­райтын Ұлттық полиция бө­лімшесі, Қор­ғаныс министрлігіне қа­рай­тын Жандар­ме­рия, Қаржы министрлігіне қа­райтын Ке­ден­дік және салықтық ба­қылау қызметі. Аталған француздық үлгі қазір әлемнің көп­теген елдерінде тараған. Оның басты ерек­шелігі – полицейлердің түрлі сала­ларға жіктелуі. Және олар әрдайым өзара бәсекелесіп отырады. Ал АҚШ-тық рефор­малау әлемнің кез келген еліне келе бермейді. Себебі онда бірінің ісіне бірі араласпайтын әкімшілік аймақтар көп. Бри­таниялық полицейлердің басты ерек­шелігі – жергілікті әкімдікке қарайтын тәр­тіп сақшылары негізгі құрылымға, яғни Іш­кі істер министрлігіне есеп бермейді. АҚШ-та, негізінен, үш полицейлік құ­ры­лым бар, олар: федералды, штаттық жә­не муниципалды. Жапониялық ре­форма үл­гісін көшірген елдер көп емес. Оның бас­ты ерекшелігі – қатаң түрде ор­талық­тан­дырылуында.
Қай елде болсын полиция қызметін реформалау оңай жүзеге асқан жоқ. Ре­фор­­маның сәтті жүруі оған салынған қар­жы­­ның көлеміне, шетелдік бақылаушы­лар мен кеңесшілердің санына байланысты емес. Мәселен, қазірде ресейлік баспасөз­дер «Ресейдегі милицияның полицияға ауы­­­суын сәтсіз реформа» ретінде атап жүр. Тө­менде шетелдік тәжірибе бойынша бір­қатар елдегі реформаларды көрсетіп отыр­мыз.
Босния және Герцеговина реформасы
1992-1995 жылдары орын алған Бос­ниядағы соғыста жергілікті милиция «эт­ни­калық тазалау» тапсырмасын жүзеге асы­рып, көптеген адамдардың өліміне се­бепкер болды. Осыдан кейін аталған елде по­лицияның беделі күрт төмендеп кетті. Артынша, 1996 жылы оны реформалау ісі жол­ға қойылды. Біліктілігі төмен, техни­ка­лық жағынан әлсіз жабдықталған, бекер қара көбейтіп жүрген қызметкерлердің бар­лығы қысқартуға ұшырады. 45 мың по­лиция қызметкерінен 18 мыңы ғана қал­ды. Ал қызметінде қалған сақшыларға қару ұстауға, оны пайдалануға қатаң шек­теулер қойылды. Ұлттық полицияның құ­ра­­мына ішкі істер министріне бағынбай­тын, қо­ғамға жақын адамдардан басшы­лар та­ға­йындалды. Сақшылар қатары жас­тардан то­лықты. Осындай түрлі шара­лар­­дың ар­қа­сында жеті жылдан кейін атал­ған мем­­лекеттегі полицияның қоғам­дық бе­де­лі ерекше артып, мәртебе сана­латын бол­ды.
Германияда
1989 жылға дейін Германия полиция­сы партияның бас хатшысына тікелей ба­ғы­­натын. Алайда бірқатар құрылым­дық өз­­ге­­рістерден кейін өзгеше көрініс алды. Тоқ­­­саныншы жылдардағы реформалар ба­рысында орталықтандырылған по­ли­цейлік жүйе бұзылып, қатардағы сақ­шы­лар­дың үштен бірі қысқартуға ұшырады. По­лиция қызметі өз ішінен сала-салаға бө­лініп, әрбірі өз ісіне сай техникалық жа­рақтанды. Демократиялық ұстанымдар­мен келіспейтін жоғары шенді сақшылар ұзақ мерзімді демалыстарға жіберілді. По­лицияның жоғары офицерлік құра­мы­ның барлығы жұмысынан босатылды. Әри­не, осының арқасында Германияда по­лицейлік имидж көтерілді.
Грузияда
Полиция қызметіне ең бір сәтті рефор­ма жасаған елдердің қатарына Грузияны қо­суға болады. Қазірде қазақ баспасөзі ресейлік ақпарат кеңістігінің ықпалымен Михаил Саакашвилидің жақсылығын жа­сырып, жамандығын асырып жүрген жа­йы­мыз бар. Алайда оның біраз жыл бұрын құ­қық қорғау органдарына жасаған ре­формалары көптеген елдерде үлгі ретінде ұсынылып жүр. 2004 жылы Грузияның жо­ғарғы офицерлік құрамы түгелімен жұ­мыстан босатылды, Жол полициясы қыз­мет­керлері толық таратылды (15 мыңдай қыз­меткер жұмысынан босатылды). Оның ор­нына патрульдік инспекция қызметі жа­сақталды. Пара алушылықты түп-та­мы­рымен жою үшін жасалған бұл реформа бір­ден өз жемісін берді. Бұл бастамаға БАҚ құралдары атсалысқан еді. Оларға па­ра алушыларды сот санкциясынсыз-ақ жа­сырын бейнекамераға түсіруге рұқсат бе­рілді. Осы реформаның нәтижесінде жем­қорлыққа қатысты Transparency International рейтінгісі бойынша 130-орында тұрған Грузия үш жылдың ішінде 67-орынға бір-ақ көтерілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста