Полицияның бір міндеті елдің ішкі тыныштығын күзетіп, азаматтардың бейбіт өмірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету болғандықтан, ең алдымен, оның өзінің құқықтық тәртібі мен адамгершілік, ар-ұждан деңгейі жоғары болуы тиіс. Ішкі істер министрлігінің діттегені де – осы. Сол себепті де министрлік ішкі істер қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін көтеру мәселесіне баса мән беріп, осы мақсатта ілкімді қадамдар жасап келеді.
Соның бір айғағы – полиция қызметіндегі заң және тәртіп қағидаттарын күшейту мақсатында құрылған қоғамдық кеңестер, ардагерлер бірлестіктері және тәлімгерлік институттар. Аталған институттар іс жүзінде полиция қызметкерлерінің құқықтық тәртібін ғана емес, олардың өз жұмыстарын жетілдіру талпыныстарын да бақылап отырмақ. Бір ғана мысал, қазір ішкі істер қызметкерлерінің жұмысына байланысты Тәлімгерлер кеңесі деген бар. Осы тәлімгерлер кеңесінің жұмыс нәтижелері тоқсан сайын сол салаға қатысты жетекшілер өткізетін оперативтік жиындарда қаралып, кемшіліктер болып жатса, кінәлілерге дисциплинарлық ықпал ету шаралары қолданылады. Ал жақсы нәтижелер көрсетіп жатса, жас қызметкермен қатар, оның тәлімгер-ұстазы да көтермеленіп отырады. Мұндай тәжірибе қызметкерлердің бір-бірін өзара қолдап, білікті маманның жұмысты жаңа бастаған әріптестіне қызметтің қыр-сырын үйретуге мүдделі қылатындығымен де маңызды болса керек.
Жалпы, қай ұжымда болмасын, қызметкерлері үшін бірінші басшының жауапты болуы – заңдылық. Ішкі істер органдарында да тәртіп пен заңның сақталуына әрбір құрылымның бірінші басшылары тікелей жауапты. Дейтұрғанмен, жеке құрамды бақылау жұмысын жетілдіру мақсатында министрлік тарапынан арнайы нұсқау (инструкция) бекітіліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намыс Кодексі қайта қаралды. Жеке құрамның ұжымдық қарым-қатынастарын реттеп, жұмыстың тиімділігін барынша арттыру мақсатымен бұл күнде арнайы инспекция да құрылған. Осының бәрі жалпы полиция қызметінің жұмысын ғана емес, халық алдындағы беделі мен жұрт сенімін күшейтуді көздеп отыр.
Полиция қызметін мінсіз болсын деп...
Последние статьи автора