Пәтерсіз қазақ айыппұлды қалай төлейді?

Пәтерсіз қазақ айыппұлды қалай төлейді?

Бүгін «2015 жылдың 1 қаңтарынан тұрғылықты жеріне тіркеуге тұрмаған азаматтарға айыппұл салынады» деген ақпарат әлеуметтік желілердің бас тақырыбына айналды, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» тілшісі. Ішкі миграцияны реттеуге бағытталған бұл қадамға интернет желісіндегі азаматтардың бірқатары қарсы пікір білдірген.
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап заң бойынша шын мәнінде тұрмайтын баспаналарға тіркелуге тыйым салынбақ. Жаңа жылдың басында күшіне енетін "ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" жаңа кодексінде осындай норма қарастырылған. Талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұлдар баспана иелерімен қатар, тіркеуге тұрушыларға да салынатын болады. Құжатты дайындаушылар бұл норма арқылы өз үйіне адам тіркеуді ақша көзіне айналдырғандар қатарын азайтуды көздеп отыр.

Еркінбек Серікбай, әлеуметтік желі белсендісі:
– Мұндай мисыздыққа таң қалмайтын болдық. Баспанасыз жүргендердің көбі қазақтар. Астана мен Алматыда пәтер жалдап күн көріп жүрген қанша қазақ бар?. Егер оларды айыппұлдың астына алатын болса, Кеңес кезіндегідей қазақ қалаға келмейтін болады. Келгенде де саны аз күйінде қалады. Онсыз да аяғынан енді тұрып келе жатқан қазақы урбанизация тоқтайды. Қазақтарды Солтүстікке қоныстандыруға кедергі келтіру үшін, орыстың ығына кеткен шенеуніктердің әрекеті, бұл.

Нұржан Сәдірбекұлы, әлеуметтік желі белсендісі:
– Мұндай заң қажет емес. Ішкі миграцияны шектеу бұл. «Крепостнойлық» құқық пен совет кезіндегі халықты колхоздан қалаға шығармайтын «прописка режиміне» қарай кері кету. Ауылдан қалаға, қаладан басқа қалаға 100 мыңдаған азамат маусымдық жұмыс үшін сабылады. Бір ғана Астананың құрылысында мыңдағана басқа облыстың адамы нәпәқа тауып жүр. Бұл азаматтардың барлығы наразы болады, мұндай заңға. Не үй бермейсіңдер, не күй бермейсіңдер, енді «штраф төле» дейсіңдер деп халық наразылыққа шығып кетуі мүмкін.

Ғабит Ұзақбай, әлеуметтік желі белсендісі:
– 2015ж 1 қаңтардан бастап қазақтардың 85 пайызы үш ай сайын 10 мың теңгеден айыппұл төлеп отыратын болады. Тағы бір ерекшелігі үш ай сайын айыппұл көлемі артады. Ол қандай заң дейсіз ғой. Егер сіздің тұрақты мекен жайыңыз «пропискаңызбен» сәйкес келмесе онда сіз заң бұзған болып есептелесіз. Бірақ қаладағы қазақтың барлығы өздерінің меншікті үйлерінде тұрып жатыр дегенге күмәнім бар. Енді амал қанша төлеттіремін, аламын десе алады ғой. «Психоморально» дайын болыңыздар.

Айсұлтан Жақып, әлеуметтік желі белсендісі:
– Бірінші қаңтардан бастап мемлекет бас-басымызға үй берсін. Тіркеуге тұрайық. Содан кейін барып айыппұл жайлы сөз қозғауға болады. "Шықпа, жаным шықпалап" жүрген қазаққа бұл заңның керегі шамалы. Шамалы емес, қажеті жоқ.

Серғали Балажан, әлеуметтік желі белсендісі:
– Енді үйі жоқ қазақстандықтар елден шығарылсын деген заң жетпей тұр! А так, бәрі өз орнымен келе жатыр.

Нұрсерік Жолбарыс, әлеуметтік желі белсендісі:
–"В Казахстане начнут штрафовать за проживание не по прописке" деген жәй нәрсе. Үкімет қарапайым азаматтарға айыппұл салардан бұрын баспана тауып берсін! Миграцияны реттеу үшін мұндай қадамға бару билік үшін үлкен қате. Әр қалада өлмес үшін ақша тауып, баспанасыз жүрген халыққа жаппай айыппұл салуға ешкімнің дәті шыдамайды. Қорқатын ештеңе жоқ!

«Алаш айнасының» түйіні
Қазақстан ішіндегі миграция – өте өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да, бұл мәселеде абай болғанымыз жөн секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста