Парақорлық тарихы шумерлер дәуірінен басталады

Қазіргі қоғамда «жемқор», «парақор» деген ұғымдар ең жаман айыптау сөздердің санатына жатады. Осы сыбайлас жемқорлықтың тарихына тереңірек үңіле алдық па? Мәселен, біздің заманымызға дейінгі XXIV ғасырдың екінші жартысына Ежелгі Вавилонда парақорлықтың алдын алу мәселесі мемлекеттік деңгейде қолға алыныпты. Ал бұдан басқа не білеміз? Осы мәселеге «Алаш айнасы» бір мәрте ой жүгіртіп көрсінші...

Қарт тарих шумерлар мен семиттер дәуірінде де мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық дендегенін айтады. Мысалы, Лагаш Патшасы (Ирак жерінде іргесі қаланған ежелгі мемлекет) Урукагина шенеуіктер мен судьялардың жемқорлыққа салынуын айыптаған ең алғашқы патша болып саналады. Ол лауазымды тұлғалардың қызметтерін теріс пайдалануын сынап отырған. Патша әкімшілігі жанындағы храм қызметкерлерінің халықты дінмен қорқытып, пара талап етуін тоқтатқан. Салт-дәстүрді желеу етіп, рәсімдер үшін жиналатын төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруға өзгерістер енгізген.
Сол дәуірдің өзінде парақорлықтың сипаттары анықталып қойыпты-мыс. Мысалы, «параға не жатады?» деген сауалға да жауап берілген.
Олар бағалы сыйлық кез-келген мемлекеттік қызметкерді ерекшелендіріп тұратынын, мемлекеттік қызметкер сыйлық берген адамның өтінішін орындауға міндетті болып қалатынын жазып қалдырған.

Керек-дерек
* Парақорлыққа ХVI ғасырдың ортасында Иван Грозный тыйым салып, өлім жазасына кесуді бұйырған.
* БҰҰ-ы экономикалық дамуы жоғары алты елдің қатарына кіретін Финляндияны жемқорлығы ең аз мемлекет деп таныған.
* Ботсванада сыбайлас жемқорлықтың қарқынды өсуін тежеуге шенеуніктердің санын қысқартып, олардың жалақысын көтеру және мемлекеттік мекемелердің құрылымын ықшамдау ісі көмек көрсеткен.
* ОАР-да сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендету үшін заңдардың көмегімен Үкіметті Парламент алдында есеп беруге міндеттеген. Олар шенеуніктер мен депутаттарға табыстары және басқа да салық төлейтін мүліктері жөнінде декларация тапсыру және мемлекеттік жүйенің ашықтығын қамтамасыз ететін қадамдарды қабылдау арқылы біршама жетістікке жетті.
* Қылмысы дәлелденген жемқорларды Германия 3 жылға, Франция 7-10 жылға, АҚШ 15 жылға дейін а бас бостандығынан айырады.
* Қытай заңы бойынша парақорлық жасаған адам өлім жазасына кесіледі. Үшіншы мыңжылдық басталғалы бері бұл елде 10 мыңнан аса шенеунік пара алғаны үшін ату жазасына кесілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Австралия, Сингапур, Люксенбург, Ирландия, Германия, Ұлыбритания, Израиль, АҚШ, Австрия, Исландия, Жапонияны жатқызуға болады. Жоғарыда аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері - осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды.
Ал, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесінің бірінші кезеңі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылдың 21 қазанындағы «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәрбиелік кеңесі туралы» Жарғысынан басталады. Біздің мемлекетіміз ТМД елдері арасында бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негізгі қағидаларын анықтайтын, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың түрін, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу жағдайын белгілейтін «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды шығарып, қабылдағанын айта кету керек.

Жемқорлықтың алдын алатын 7 қағида
1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы жемқорлықтың алдын алатын 7 қағида қабылдаған:
1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, бір шешімге келеді.
2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тәуелсіздікке қоймағаны дұрыс.
3. Әділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісім шарт жасау, марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс.
4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек.
5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс. Әр шешім дәйектеліп отыруға міндетті.
6. Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына әкелетін шешімге келуге тиісті.
7. Басшылық. Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып, басшылықты орындап, өзінің дұрыс істерімен, мінез-құлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста