Қазақстанның дипломатиялық қызметіне арналған қазақтілді оқулықтардың қатары тағы бір кітаппен толықты. Еліміздің дипломатия ісіне еңбегі сіңген қайраткер Сайлау Батыршаұлының «Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар» атты оқулық кітабы жарыққа шықты.
Кеше Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық унверсиетте осы кітаптың беташарын жасаған Сайлау Батыршаұлы өкінішке қарай, қазақстанның дипломатиялық қызметіне арналған мемлекеттік тілде жазылған оқулықтар өте аз екендігін айтты.
«Біз қазақ тілінде білім алып жатқан студенттер мен магистранттарға терминология жағынан барынша түсінікті болатын оқулық даярлауды көздедік. Әрине, қиыншылықтар болады. Соған қарамастан, бұл оқулық әзірленіп, Еуразия ұлттық университетінің баспаханасынан жарық көрді», – деді ол. Бір өкініштісі, кітап иесінің айтуынша, Білім және ғылым министрлігі кітап шығару ісіне ат салысып, белсенділік танытпаған. Оқулық ісіне тікелей араласуы тиіс министрліктің бұл қай енжарлығы екенін біз де түсінбедік. Ал жаңа кітап ертең еліміздің сыртқы саясатын ұстап, халықаралық қатынастарында мемлекеттің жүзін жарқын, беделін асқақ қылам дейтін қаракөз қазақ студенттері үшін маңызды оқулық болатыны анық.
Отандық дипломатияны оқыту ісі қазақтілді оқулықпен толықты
Последние статьи автора