Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Комиссияның алдын ала дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:
1. Amanat партиясы – 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы – 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді;
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;
«Бәріне қарсымын» - бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде өткен сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасаған.