Орталық Азиядағы демографиялық даму ерекшеліктері

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазіргі  уақытта Орталық Азия мемлекеттері өздерінің геосаяси (Қытай, Пәкістан, Үндістан, Иран, Ауғанстанмен көрші жатқандығынан) және экономикалық маңыздылығымен, табиғи және адам байлығымен, трансқұрлықтық сауда және көлік қатынасының алтын көпір болу мүмкіндігіне ие болуымен әлемдік қауымдастықтың басты назарына ие болып отыр.
Аймақ елдері өздерінің жерінің көлемі, тұр­ғындарының саны, экономикалық мүм­кін­дігі, табиғи ресурстарының қоры және әлеу­меттік, экологиялық, басқару са­ла­сын­дағы жағдайы бойынша үлкен айыр­ма­шылықтарға ие. Аймаққа деген аса қызығушылық толыққанды түсінікті және заңды құбылыс, сондықтан осы мақаланың аясында Орталық Азияның адам ресурсына тоқталғанды жөн көріп отырмын.
Тәуелсіздік кезеңіндегі Орталық Азия­дағы бірінші халық санағы 1995 Тү­рік­мен­стан­да (4,481 млн адам) жүргізілді, Өз­бек­­­станда халық санағы Кеңес Одағы за­ма­­нынан (1989 ж. – 19,905 млн адам) бе­­рі жүргізілмеді. 1999 жылы Қазақстанда (14 953 126 адам), Қырғызстанда (4 млн 851 мың адам) және  2000  ж. Тәжікстанда (6 млн 127,5  мың адам) ұлттық санақ жүр­­гізілді. Аймақ мемлекеттерінде ары қа­рай­­ғы санақ бойынша 2009 жылы Қа­зақ­стан­да 16009,6 мың адам  мен Қыр­ғыз­станда 5 107 640 адам, Тәжікстанда 2010 жылғы санақ бойынша 7 млн 565 мың адам (ұлттық халық санағының есебі). БҰҰ жа­ңалықтар Орталығының хабары бо­йын­ша Түрікменстан ТМД-ға халықтың элек­трон­ды санағын сынақтан өткізген алғашқы мем­лекет болды, Түрікменстанда то­лық­қан­ды халық санағы электронды нұсқада 2012 жылдың желтоқсанында жүргізілуі тиіс.
Тәуелсіздікті жариялағаннан кейінгі 1990-2004 жж. аралығындағы Орталық Азия тұрғындарының өсу қарқыны Орта­лық Азиядағы адам дамуы туралы Есебінің мәліметі бойынша үш себептің негізінде алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір тө­мендеген. Біріншісі – көші-қон, әсіресе Тә­уел­­сіздіктің алғашқы жылдарында. Екіншісі – 1992 ж. бастап барлық аймақтарда туу көр­сеткішінің 25% төмендеуі, бес жасқа де­йінгі балалардың санының күрт тө­мен­де­уі байқалады. Мысалға алсақ, Тәжік­стан­да 1990 ж осы топ, халықтың 18% құ­раса, ал 1998 жылы 13,5% құраған. Соң­ғы үшінші себеп, Орталық Азияның бар­лық елдерінде 1990 жылдан бастап ден­саулық сақтаудың мемлекеттік жү­йе­сінің күйреуі мен әлеуметтік салаға бө­ліне­тін қаржының едәуір азаюы туу мөлшерінің тө­мендеуіне алып келді. Сонымен бірге Орталық Азия елдерінің тұрғындарында туу көрсеткіші төмендегенімен, тұрғындар­дың жас мөлшері өте жас саналады: 17 жас­қа дейінгі балалар саны Қазақстан мен Тәжікстанда 32%-дан 48%-ға дейінгі аралықта тербеліп отырады.


Бүтіндей алғанда Орталық Азиядағы соң­ғы 20 жылдағы туу көрсеткішінің тө­мен­деуін мынандай себептермен тү­сін­ді­ру­ге болады: реформаның алғашқы жыл­да­рында отбасының игілігіне, балалардың ту­уына әсер беретін өмір деңгейінің құл­ды­рауы; еңбек миграциясына көлемінің ұл­ғаюы салдарынан болатын некелердің са­нының төмендеуі және ерлерінің алыс са­парларға жұмыс іздеп кетуімен бай­ла­ныс­ты көптеген отбасыларда жұбайла­ры­ның жоқтығы немесе ұзақ мерзімге сапар­да болу салдарынан ыдырауы. Ерекше атап өтетін жайт, соңғы жылдарда әйелдер  уа­қытша мигранттардың басым бөлігін қам­тиды, сараптама көрсеткендей, олар­дың саны өсуде және аймақ елдерінде ең­бек миграциясы әйелдік сипатқа айналуда. Туудың азаюы мен төмендеуіне контра­цеп­ция құралдарының қол жетімділігі, отбасын жос­парлау, отбасындағы тууды реттеу үл­кен әсер етуде.
2005 жылға қарай Орталық Азиядағы адамзаттың дамуы туралы Есебі бойынша Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанда 60 миллионға жуық тұрғын өмір сүрген.
Егер де ЮНПФА  жоғарыда көрсетілген мәліметтеріне сүйенер болсақ, 2010 жылы Орталық Азия тұрғындары – 61,5 млн адамды құраған, оның ішінде тұрғын­дар­дың 45% – Өзбекстанға, 26% – Қазақ­стан­ға, 12% – Тәжікстанға, 9% – Қыр­ғыз­стан­ға, 8%-ы Түрікменстанға тиесілі. Тұр­ғын­дар­дың өсімінің ең төмен көрсеткіші (2005-2010 жж.) – 0,7 – Қазақстан Рес­пу­бликасында,  ары қарай – Өзбекстан –  1,1, Қырғызстан – 1,2, Түрікменстан – 1,3, ең жоғарғы көрсеткіш Тәжікстан Рес­пу­бли­ка­сында – 1,6.   
Қазіргі уақытта аймақ елдерінің тұр­ғын­дарының демографиялық әрекетінде ба­лалары аз санды отбасыларға бағыт­тал­ған тенденцияны байқауға болады. Көп­те­ген зерттеулерде демографиялық ах­уал­дың төмендеуі экономикалық және әлеу­мет­тік факторлардың себебінен екендігі ашық көрсетілуде. Бірақ туудың төмендеуі бел­гілі бір жағдайларға қатысты алғанда үл­кен рөл атқарғанымен, тек қана әлеу­мет­тік-экономикалық факторларға бай­ланысты емес, сонымен қатар ментальды жә­не психологиялық факторларға да бай­ла­нысты.
Осындай кейіпте, Орталық Азиялық ай­мақ­та туудың мемлекеттерге, аймақ­тар­ға, қалалар мен ауылдарға, әйелдердің этникалық және әлеуметтік топтары бо­йын­ша жіктелетін төмендеу деңгейі қа­лыптасып отыр. Әйелдердің білім деңге­йі­нің жоғарылауы мен абаттандыру дең­ге­йінің өсуі туу көрсеткішіне төмендетуші фак­тор ретінде әсер етеді. Аймақтың кей­бір елдеріне, мысалға Қазақстанда, мем­ле­кеттік шаралар тууды көбейтуге бағыт­тал­с­а, басқа мемлекеттерде (Өзбекстан, Тә­жікстан) тоқтатуға бағытталған.
Көптеген елдердің, соның ішінде ТМД елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, туудың күрт төмендеуі кеселге айналып, орны толмас сипатқа ие болып, нәтижесінде депопуляцияға алып келуі мүмкін. Мұндай жағдай, мемлекет тарапынан халықтың қалыпты өсімін қамтамасыз етіп отыратын, туудың орташа деңгейін сақтап, қолдап отыратын тиімді саясат жүргізуін қажет етеді.
Биыл 21 қазанда Алматыда Түркітілдес мемлекеттер достастығы кеңесінің 1 саммиті өтті, онда біздің мемлекетіміздің Пре­зиденті Н.Назарбаев «Біздің мақсатымыз – түркі әлемінің қуатын арт­тыру» деп атап өтті. Қазіргі уақытта, әлемде екі жүз миллионға жуық түркі халқы бар, тек Түркия мемлекетінің халқы (Түрік ста­тис­тикалық ұйымының мәліметі бойынша) 2010 жылдың аяғына қарай 73 миллион 722 мың 988 адамға жеткен.
Орталық Азиядағы тәуелсіз мем­ле­кет­тер­дің өмір сүруінің 20 жылдық тәжірибесі ай­мақ елдерінің мәдени-тарихи байла­ны­сының өте тығыз екендігін көрсетуде. Ортақ тарих, халықтардың ертеден қалып­тас­қан мәдени байланысы, дәстүрдің ор­тақ­тығы, қарым-қатынаста тіл кедергісінің бол­мауы, күшті демографиялық қуат, бар­лық түркі тілдес халықтардың ары қарайғы достығының тереңдеуіне негіз болады.

Р.С. Жарқынбаева, тарих ғылымының докторы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессоры

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста