Өркениеттер қақтығысы орнына өркениеттер альянсын құруды ұсынамыз

Өркениеттер қақтығысы орнына өркениеттер альянсын құруды ұсынамыз

Қазақстанның Астанасы тағы да әлемнің назарында. Бұл жолы - Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері 38-кеңесінің алқалы мәжілісі өтіп, мұсылман үмбетінен саналатын 57 елдің байрағы елордада желбіреді. Жиын барысында Қазақ елі БҰҰ-дан кейінгі әлемдегі екінші орында тұрған үлкен саяси бірлестікке төрағалығын «Бейбітшілік, Ынтымақтастық және Даму» ұранымен қолға алды. Ұрандатып қана қойған жоқ, Ұйымның атын ауыстырып, затына сай іс қылуға ұмтылысты алғашқы күннен танытты.
Басты ұстанымдары БҰҰ-ның негізгі қа­ғи­даларымен үйлесетін Ислам Кон­фе­рен­циясы Ұйымы діни бірлестік емес. Деген­мен бас­ты мақсаты – мұсылман елдерінің сая­­си-экономикалық әм гуманитарлық мүд­­делерін қорғап, сол бағыттағы жұмысты кү­шейту. Бұған негіз де жоқ емес. Әлемдегі ислам елдерін айналшықтаған саяси дағ­да­рыстар дүниені дүр сілкіндірсе, бір жағынан хақ діннің негізгі бағытын теріс түсіндіріп, тер­­ро­ризм мен экстремизмді өзі де ашық сы­найтын исламға таңу үдерісі доғарылар емес. Мінеки, осы тұрғыдан алғанда, әлем­дік саяси және экономикалық мәселелердегі көп­теген маңызды үдерістердің басында тұр­ған ИКҰ-ға жаңа қарқынмен қоса, жаңа та­лаптар жүктелуі орынды да. Ислам әле­мінің беделділері дәл осындай жаңа та­лапты жаңа төраға-жұрттан – Қазақстанның ди­пломатиялық миссиясынан көргісі ке­ле­тіні сезіледі. Кешегі Астананың төрінде өткен ал­қалы жиынның ашылу барысында да Ұйы­мның Бас хатшысы Экмеледдин Ихса­ноғ­лы осы жайттың басын шалған-ды. Ол өз сөзінде Қазақстан халықаралық арена­дағы өлшемді саясаты арқасында мұсыл­ман­дық бірегейлігін сақтап қана қой­ма­ғанын, одан әрі жаңғыру жолын да табысты жал­ғастырып келетінін тілге тиек етті. «Бұл – біздің ортақ тарихымыздың осынау қиын кезеңінде Қазақстанның мұсылман елдері арасындағы көшбасшылықты қолына алуға дайын екендігінің тағы бір көрінісі. Сон­дық­тан да алдағы уақытта Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың басшылығында біз өз ал­ды­мызға қойған міндеттерімізді толық игере ала­мыз деп ойлаймын», – деді Э. Ихса­ноғ­лы. Бас хатшының кіріспесінен соң ҚР Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, ел Тә­уелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойында өт­кізіліп отырған айтулы шараға қатысты бірқатар ұсынымдарын жариялады.
***
Елбасы өз сөзінде Ислам конференция­сы ұйымын төрт құрлықтағы 57 мелекетті бі­рік­тіретін ислам әлемінің өзіндік Біріккен Ұлт­тар Ұйымы міндетін атқарып отырған бір­егей құрылым ретінде санайтынын жет­кізіп, негізгі сөзді ислам қауымдастығына ауадай қажет болып табылатын мәселе­лер­мен түйіндеді. Бұлар: бейітшілік, жаңғыру, ғы­лыми-техникалық даму және білім. Осы ретте Елбасы ислам әлемі ең алдымен өзара көмектесу мен жәрдемдесуді жолға қоюы керектігін, даму бағытындағы ынтымақтас­тық­тың тиімді тетігін қалыптастыру қажеттігін баса айтты. Ал Ұйымның болуы тиісті басты қа­ғидаты ретінде сауда-инвестициялық, тех­­нологиялық, әлеуметтік, білім беру бағ­дар­­ламаларындағы ислами ынтымақты алға тартты әрі бұған шегендестіріп, өзінің мы­салдарын да жасады. «ИКҰ мемлекет­те­рінің сатып алу қабілеттері бойынша ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы орташа көр­сет­кіші 9,5 мың долларды құрайды. Ал Еу­ропа елдерінің осыған ұқсас көрсеткіші 24 мың доллардан асады. Басқаны қойып, ИКҰ-ның өз арасындағы қатысушы ел­дер­дің дамуында айтарлықтай теңсіздік бай­қа­лады. Мәселен, мейлінше дамыған ел мен даму жағынан нашар елдер арасындағы айыр­машылық 100 еседен асады. ИКҰ ел­дері жаһандық энергетикалық ресурстардың 70 пайызын қол астында ұстап тұр. Алайда оларға әлемдік тауар айналымының 11 па­йы­зы ғана тиесілі. Менің ойымша, құн­ды­лық­тардың осылайша орналасуының өзі қа­былданбайтын дүние. Сондықтан да бізге ИКҰ-ға мүше әрбір мемлекеттің бә­се­кеге қабілеттілігін арттыру маңызды», – деді Н.Назарбаев. Бұл ретте Президент ИКҰ-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамудың ықпалдасқан стратегиясын әзір­леу­ді ұсынды. Бұдан бөлек, ИКҰ аясында энер­гетикалық саладағы инвестициялық жә­не технологиялық ынтымақтастық бо­йын­ша бірлескен іс-әрекет жоспарын әзір­­­леу және қабылдау қажеттігі туралы сөз қоз­­­ғады. Халықаралық энергетикалық агент­­­тіктің бағалауынша, 2030 жылға дейін энер­горесурстарды өндіруді және тасымал­дау­ды қамтамасыз ету үшін 17 триллион АҚШ доллары шығындалатыны болжана­ды. Ендеше, алдағы уақытта шикізаттық век­тор­дан индустриялық-инновациялық да­му­ға бет бұру қажеттігі де сезіледі. Осындай мә­­­се­лелерді сабақтай келе, Қа­зақ­стан Пр­е­зи­­денті осыдан біраз бұрын Ас­та­нада дәл осы ис­лам әлемі аясында өткен Дү­ниежүзілік ис­лам экономикалық фору­мын­да көтерген мә­селелерін тағы бір мәрт­е нақ­тылай түсті. Оның бір бағыты ислам әле­мі­нің шикізаттық даму бағытынан индус­трия­лық-иннова­ция­лық дамуға ойысуы ке­ректігі еді. «Перс­пек­тивалық бағыттар ре­тінде ИКҰ аясында ша­ғын және орта биз­нес­ті қолдау жүйесін құ­руды айтуға болады. Бұл ретте біз Ислам даму банкі жанынан ша­ғын және орта биз­неске ар­нал­ған арнайы қор құруды ұсы­намыз. Әлемдік эконо­ми­калық дағдарыс ис­лам-қаржылық эконо­ми­калық үлгісінің ор­нықтылығын, өмір­шең­дігін көрсетті. Ал Умманың әлемге ұсы­натын айтарлықтай пайдалы өнімінің бірі – Ис­лам қаржылан­ды­ру жүйесі болып табы­ла­ды. Қазақстан өз же­рінде ислам банкін ашты. Біз исламдық қар­жыландыру жүйесі мен аймақта ис­лам­дық қаржы құрал­да­рының бейч-маркингін құ­ру мәселесін бе­л­сенді насихаттап жүрміз. Ен­деше, ислам бан­кингіне байланысты халық­аралық кон­фе­ренция ұйымдастырып, Ал­матыны ис­лам­дық қаржыландыру жүйе­сін қолданатын аймақтық қаржы ортал­ы­ғы­на айналдыруды ұсынамын», – деді Мем­ле­кет басшысы. Со­нымен қатар Президент мұ­сылман әлемінің өз ерекшеліктерін тиімді пай­далана алмай отырған тағы бір кемшін ке­тіп тұрған тұсына назар аударды. Мәселен, ислам елдерінде демографиялық өсім мен осы өсімнің әле­уеті зор. Елбасы осынау халықтық әлеуетті эко­номикалық дамудың ажы­рамас бөлігіне айналдыру қажеттігін алға тартады. Бол­жам­дар да исламдық ада­ми әлеуеттің ал­дағы уақытта өсе түсетінін көр­сетеді. Мә­селен, 2030 жылы мұсылман әле­мінде 2,2 мил­лиардтан астам адам өмір сүр­се, бұл ға­ламшар тұрғындарының 25 па­йыздан ас­тамы екен. «Адам санының осы­н­шама кө­лемде көптігі оларға тиісті білім беруді де талап етеді. Біздің басты мін­детіміз – ислам өркениетіне қызмет ететін жаңа идеяларды жүзеге асыра алатын ин­тел­лектуалды элитаны тәрбиелеу болып та­бы­лады», – деп атап көрсетті Президент. Сон­­дай-ақ Елбасы орта ғасырдағы ис­лам­ның математика, хи­мия, астрономия, ме­ди­цина, архитек­тура, фи­лософия және поэзия салаларында үл­кен төңкеріс жасап, ұлы жаңалықтар ашқ­а­нын айтып, Бағдат пен Александрия сияқты қа­лалар бүкіл әлем­нің интеллектуалды ор­талықтарына ай­налғанын еске салды. Бір сөз­бен айт­қан­да, ислам әлемі көршілес ел­дің үлкен қызы­ғу­шы­лығын тудырған қуатты интеллектуал­ды өркениетті қалыптастырған еді. «Ренес­санс кезінде христиан топтары шығыс ха­лық­тарының киімдерін киіп, мұ­сыл­ман­дар­дың философиялық шығар­ма­ларын оқы­ды. Ал араб цифрларының пай­да болуы математика, алгебра, геометрия са­ла­ла­рында үлкен сілкініс жасады. Осын­дай мық­ты тарихи негізге сүйене оты­рып, біз ислам өр­кениетінің интеллектуалды рө­лін жаң­ғыр­туымыз керек. Бұл ретте біз үшін түсінуге мүд­делі болатын жәйттарымыз бар­шылық. Мә­селен, неге ислам әлемінің ин­теллектуал­ды құндылықтары жоғалып, жа­сампаз қар­қыны күйреді? Неге ислам елдері бай та­би­ғи, адами, қаржылық ре­сурс­тарға ие бола оты­рып, әлемдік даму иерархиясында жо­ғары орында тұрмайды? Ислам универ­си­тет­тері неге әлемдік жоғары білімде заңды үлгі болып табылмайды? Соңғы 20 жылда неге ислам елдерінде жа­ра­тылыстану мен тех­никалық ғылым бо­йын­ша әлемдік масштабтағы жаңалықтар бол­мады?», – деді Президент. Елбасы мұн­дай шынайы­лық­тарды байқамаудың мүмкін еместігін де айтты. Ал алға жылжу үшін қажетті интел­лектуалды орта мен саяси климаттың бол­май отырғанын да ашық жеткізді. Бұл шы­нымен де солай.
***
Сөйтіп, жоғарыда Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев келтірген деректерге сүйенсек, соңғы жылдардағы әлемнің күрт құбы­лыс­тар­мен өзгеріске түсіп, дүние дамуы қар­қынды жаңалықтарға ұласқанымен, мұсыл­ман әлемі әлі де мүлгіп отыр. Ал исламды жаң­ғырту арқылы қайта түлеуді бастан ке­шіру үшін Президент Н.Назарбаев Дү­ние­жүзілік Ислам экономикалық форумында да бірқатар ұсыныстар жасаған болатын. Он­дай тың талаптар төрағалық тізгіні жаңа тиген Ислам конференциясы ұйымының шең­беріндегі белсенділікке де қатысты бол­мақ. Келесі сөзінде Н.Назарбаев осы Ұйым белсенділігі мәселелерін қаузады. Бірін­шіден, Елбасы ИКҰ мүше мемлекеттерінің G-20 саммиті жұмысына қатысу мүмкіндігін қа­растыруды ұсынды. Бұл G-20-ның бе­делін көтеріп қана қоймайды, ИКҰ-ға мүше ел­дерге халықаралық күн тәртібінің өзекті мә­селелер бойынша ортақ ұстанымын қор­ғауға мүмкіндік береді. «Жалпы ислам эко­но­микалық ықпалдастық дамуының сапалы ке­зеңі – өңіраралық ынтымақтастықты да­мы­ту арқылы бағынады. Бұған қатысты Ұйы­мның Орталық Азия елдерімен ынты­мақ­тастық іс-әрекеттер жоспарын мысалға алуға болады. Бұл ретте баршамыз Ау­ғанстан жағдайына алаңдаулымыз. Алайда Ұйы­мның өзі есірткімен күрестегі мүмкіндігін то­лық көлемде жүзеге асырмай отырғанын мо­йындауымыз керек. Соңғы 10 жылда ау­ған есірткісін өндіру 10 есеге артқан. Енде­ше, ау­ған халқына көмек ретінде өз күші­міз­ді еш пайдаланып жатқан жоқпыз», – де­ді Ел­басы. Осы ретте Мемлекет басшысы ИКҰ шең­берінде Ауғанстанға көмек көр­сетуге ар­налған арнайы жұмыс тобын құ­руды ұсын­ды. Бұдан бөлек, Президент ис­лам­ның жа­һандағы өркениеттілік рөліне тоқ­тап, ха­лық­аралық терроризмнің қа­терлерімен кү­ресті де жандандыру қажеттігін алға тарт­ты. «Палестиналықтардың өз мем­лекеттігіне байланысты заңды құқығы жү­зеге аспай отыр. Шығыс Иерусалимнің мәр­те­бесі әлі шешімін тапқан емес. Бос­қын­дар­дың ауыр жағдайы да жанды қинайды. Осының барлығы Таяу Шығыстағы ғана емес, одан тысқары жерлердегі жағдайдың ушы­ғуына сеп болып отыр», – деді Н. На­зарбаев. Сонымен қатар Елбасы ИКҰ қыз­метіндегі екі маңызды міндетті жеке бөліп қарастыру қа­жеттігін атап өтті. Оның бірі – саяси идео­логия ретіндегі діни фундамен­тализге қар­сы тұруды үйрену. «Біз исламның саяси зор­лықпен, экстремизммен, терро­ризм­мен еш байланысы жоқтығын біл­ді­руіміз керек. 7-Дүниежүзілік Ислам Эконо­ми­калық форумы барысында мен бірегей ис­ламдық-медиа жобасын құруды ұсын­дым. Бүгінгі таңда интернетте қуатты медиа басқыншылығы білінеді. Осыған орай, мен «E-Islam» интер­нет ресурсын құруды ұсы­на­мын», – деді Н. На­зарбаев. Прези­дент­тің ай­туынша, бұл ре­сурс Ұйым қыз­метінен ақ­па­рат таратып, жас­тардың дінге, ислам мә­де­ниетіне қы­зығушылығын ын­та­лан­дырып, исламның жау­һарларын Ға­лам­тор арқылы таратуы шарт. Екінші маңызды міндет – мұсылман әле­мі мен Батыс елдері арасында ашық, әділ диалог қалыптастыру. Қазақстан төр­аға­лығында осындай қайы­рым­ды мақ­сатты жү­зеге асыру көзделеді. «Біз­дерді көп жағ­дайда итермелеп жататын хрис­тиандық, мұсылмандық «өркениет­тер­дің қақтығысы» ғаламшардағы тіршілік атау­­лыны тіпті жо­йып жіберуге әкеп соғуы әб­ден мүмкін. Сон­­да біздерді тіпті бұл да тоқ­тата алмай ма? Бейбітшілік пен келісімнің сақталуын әр­­қашан ойлауға міндеттіміз. Тарихи ислам, христиандық пен иудаизм бір-бірінен ал­шақ емес. Діндеріміз өзара байланысты әрі өзара толықтырып тұрады. Біз бір ғана Жа­ратушы Құдайды мойын­дай­мыз! Сон­дық­тан да «өркениеттер қақтығы­сы­­ның» ор­ны­на біз «өркениеттер альянсын» құруды ұсы­намыз. Қақтығысудың орнына, біз дүйім жұртқа естілетіндей мұсылман мен христиан әлемі арасындағы ашық, әділ диалогқа бір-бірімізді шақыруымыз керек. Мұндай қадам исламға сенім мен сыйлас­тық­ты арт­ты­ра­ды», – деді Президент. Сөз соңында Мем­­­­ле­кет басшысы Астана диалог алаңы кез кел­ген проблемаларға, дүниенің әр бұ­р­ы­­шын­да болып жатқан мәселелерге әр­қа­шан жан-жақты жәрдемдесуге әзір екен­дігін та­нытатынын атап өтті. Сөзін Ұйымның жаңа ата­уына қатысты өз пкірімен аяқтады Н. На­зарбаев. «Қазақ жерінде Ұйымды жа­ңа­ша Ислам ынтымақтастық ұйымы деп атай бастау – жаңаруымыздың, бірлігіміздің, үм­беттің бәсекеге қабілеттігінің символы бо­лады деп сенемін. Біздің Ұйым ха­лық­ара­лық күн тәртібін қалыптастыруға бел­сен­ді атсалысады деп үміт артамын. Қа­зақ­стан­ның ұйымға төрағалығы «Бейбітшілік, Ын­тымықтастық және Даму» ұраны аясында өтуі бекер емес. Осы үш өлшем бойынша біршама жетістікке қол жеткізген Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы беделінің арта түсуіне де күш салады», – деді Президент.
Жиын соңында қатысушы ресми де­ле­га­циялар басшылары Ұйымның атауы мен ло­готипін өзгерту туралы қарарды қа­был­дады. Бұндай шешім Қазақстанның мақсат-мүд­десіне әрі Ұйым алдында тұрған мін­дет­те­ріне толық сәйкес келеді. Қазақ еліне жаңа жа­уапкершіліктер де жүктейді. Қазақстан Ас­танасында басталған алқалы жиын екі күнге жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста