Оффшорлық компаниялардан не опа таптық?

Оффшорлық компаниялардан не опа таптық?

Ел қазынасын сүліктей сорып, шетел асырған оффшорлық компаниялар жайындағы БАҚ-тың жанайқайын ешкім құлағына қыстырмай келеді. Қоғамды жайлаған жемқорлыққа тосқауыл қоямыз десек, алдымен тасадағы оффшорлық компаниялардың қитұрқы әрекетін сап тыю керек. Ендеше, елге опа бермеген оффшорлық компанияларға қайтіп тосқауыл қоямыз?

Дағдарысты еңсерудің бір жолы – оффшормен күрес
Заң осал болса, қоғамдағы мәсе­ле­лердің асқынып, тіпті саясиланып кететіні бар. Шетелдік инвесторларды құшақ жая қарсы алатын әдетімізбен оффшорлық компаниялардың қитұрқы әрекеттеріне жол беріп алғанымызға мән бермей қалыппыз. Ішіміздегі кейбір алаяқтардың айдаладағы аралдарда оффшорлық ком­­панияны тіркеу арқылы елден мил­лиард­таған ақшаны жымқырғанына да көз жұма қарадық. Қаржы дағдарысы қысқалы бері ел қазынасына қол салған оффшорлық компаниялардың құрық бойламас қулығына тосқауыл қоймаққа ты­рысып жатырмыз. Жақында «Нұр Отан» партиясының жемқорлықпен кү­рес жөніндегі республикалық қоғам­дық кеңесінің 9-шы отырысында «Бас редак­торлар клубы» бірлестігінің президенті Мірболат Күнбаев Қазақстанда партияның оффшорлық компанияларға мораторий енгізуді ұсынып отырғанын айтып еді. Расында, оффшорлық қитұрқылықтар – Қазақстанның ғана емес, әлем елдерінің ұрымтал тұсы. Әлемдегі көп елде офф­шор­лық компанияларға жеңілдетілген салық жүйесі қарастырылғанымен, ақ­ш­а­ның елден тысқары кетуі бас қатыр­ған мәселеге айналды. Оффшор айна­ла­сындағы алаяқтық қолданыстағы заң­дарды он орап әкетеді. Аз-кем тү­сін­діре кетсек, оффшорлық компания өзі тіркелген мемлекетте шаруашылық жұ­мыстармен айналыспайды және ре­зи­дентті емес заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Оффшорлық зона ел­дерінде салық мөлшері өте төмен немесе мүлде болмайды. Жылына бір мәрте төлемақы төленеді. Олигархтар мен сая­сат­керлер арасында оффшорлық ком­пания ашу сәнге айналды. Оффшорлық компания несімен тиімді? Біріншіден, салық төлемейсіз немесе өте аз төлейсіз. Екіншіден, оффшорлық компания иесі­­­не меншігін сақтауға кепілдік бар және оны тіркеу тәртібі барынша қара­пайым. Үшіншіден, оффшорлық зонада офф­шор­лық компаниялардан бухгал­терлік есеп беру талап етілмейді. Төртіншіден, офф­шорлық компанияның қожайыны тура­лы мәліметтер құпия сақталады. Офф­шор­лық компаниялар әлемнің кез келген банкінен қандай көлемде ақша салам десе де құқылы, оның иелері қос азаматтыққа қол жеткізе алады. Офф­шор­лық компаниялар PLC, LLC, Ltd, GmbH, IBC белгілерімен танымал. Оффшорлық компания тіркеудің құны өте арзан. Мысалы, Кипрде – 2500 долларға, ал Британ Виргин аралдарында 1000 долларға оффшорлық компанияңызды тіркей аласыз. Әлемдегі 1,5-3 миллион оффшорлық компаниялар мемлекетке емес, жеке адамдарға пайда әкеледі. Офф­шорлық зона айналымындағы капи­тал көлемі 500 миллиард доллардан асады екен, ал оның қызметіне 2 мил­лион­дай салымшы қатысады. Тек Британ Виргин аралының өзінде ғана 800 мың компания тіркелген. Әлемдегі мыңдаған оффшорлық зоналарды талап-деңгейіне қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа салық төлеуді, есеп беруді талап етпейтін, «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» нағыз оффшорлық зона елдеріне Багам аралдары, Британдық Виргин аралдары, Белиз, Панама, Вануату, Сейшель аралдары, Кайман аралдары жа­та­ды. Ал екінші топтағы Ирландия, Гибрал­тар, Мэн аралдары кіретін офф­шор­лық зонада Үкімет тарапынан қатаң қадағаланады және салық төлеу талап етіледі. Үшінші топтың талабы одан қа­тал­дау. Бұл оффшорлық зона елдері қа­та­рында Ресей (Калининград облысы), Люк­сембург, Швейцария, Кипрды атауға болады.
Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мамыр айының аяқ шенінде қаржы дағдарысына бай­ланысты оффшорлық бизнеске қатысты мемлекет тарапынан қатаң шара қолда­ны­латынын айтқан болатын.
Қазақстан оффшорлық зонаның 63 елін қара тізімге енгізді. Олардың ара­сын­да Андорра, Доминикан Республикасы, Виргин аралдары және Бермуд аралдары бар. Ұлттық банктің статистикасы бойын­ша Қазақстанның экспортын сатып алу­шы ірі елдердің ішінде Ресейден кейінгі орындарды оффшорлық компаниялар­­дың «ота­ны» Бермуд және Виргин аралда­ры иеле­неді екен. Бұл әлгі ұшақтар жоғала­тын Бермуд аралдарында миллиардтаған қар­жымыз құрдымға кетіп жатыр деген сөз. Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы бүкіл бір жылдық экспорттың 12-15 пайы­зы, яғни 3,5 миллиард доллары офф­шорға кетеді. Дағдарысқа қарсы әбжіл қимыл­даймыз десек, оффшорға қарсы тегеурінді саясат керек.

Оффшорлық елдер тізімі:
«Америкалық Швейцария» атан­­ған Коста-Рика LTD оффшоры.
 Компанияны тіркеу құны – 2900 доллар, жылдық төлемақы – 1800 доллар.
 Маршал аралдарындағы IBC оффшоры.
Компания құны – 1750 доллар. Жылдық төлемақы: 1350 доллар.
Британдық Виргин аралда­рын­­дағы оффшор.
Компания құны – 2100 доллар. Жылдық төлемақы – 1900 доллар.

Алаш-анықтама
«Оффшор» – ағылшын тілінен аударғанда «жағалаудан тыс», «ше­карадан тыс» деген мағынаны береді. «Оффшор» сөзі алғаш рет АҚШ-тағы БАҚ-та Үкіметтің бақылауынан географиялық жырақта орналасқан қаржылық ұйымның әрекетіне бай­ла­нысты қолданылды. Еркін сурет­шілер өзі тұрған мекеннен тыс ар­найы тапсырыстарды орындап отыр­­­­ған. Үндістаннан Венецияға ба­­­ға­лы әшекей бұйымдарды жет­кі­­зе­тін ежелгі көпестердің тірлігі – оффшор­лық кәсіп.

Ой-тұжырым
Есігімізді қағып кіретін инвес­торлардың арасында тонын теріс айналдырып киген оффшорлық компаниялардың тірлігіне заң жү­зінде тосқауыл қою керек. Дағда­рысты еңсереміз десек, жемқор­лық­тың күретамырына айналған офф­шорлық бизнеске тыйым сал­ған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста