«Нұр Отанның» артықшылығы мен кемшілігі

«Нұр Отанның» артықшылығы мен кемшілігі

Биыл «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының құрылғанына 10 жыл толды. 15 мамырда Астанада өтетін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХІІ съезіне жалпы үш мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Съезде талқыға түсетін басты тақырыптардың бірі – «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясы 2009-2012 жылдарға арналған жаңа стратегиясы, партияның орталық органын сайлау сынды бірқатар ұйымдастырушылық мәселелері және партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Біздің айтпағымыз басқа. «Елдегі доминантты партия 10 жылда не берді» деген сұрақ төңірегінде ой өрбіттік.

«Отаннан» «Нұр Отанға» дейін
«Нұр Отанның» саяси тарихы өзге пар­тияларды қатарына қосып, салмағын арт­тыра беруімен ерекшеленеді. Алғаш рет 1999 жылы 1 наурызда «Отан» пар­тия­сының бірінші съезі өтіп, оған 400-ден ас­там делегат қатысты. Бұл сол жылы 10 қаң­­тардағы Президент сайлауынан кейінгі саяси жүйедегі партиялардың бірігуіне әкелді. «Отан» партиясының құрамына Қазақстан халқы бірлігі партиясы (ПНЕК), Қазақстан демократиялық партиясы, Ли­бералдық қозғалыс, Әділет партиясы, Қа­зақстан халықтық-кооперативтік пар­тия­сы, Республикалық еңбек саяси партиясы, «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысы кірді. Кейін ел арасында салмақ жинап, саяси алаңды қызыл брендімен «қыздырған» «Асар» партиясы «Отанның» құрамына еніп жоқ болды. 2006 жылы желтоқсанда Х съезде алдымен «АИСТ» блогымен та­ны­мал болған Азаматтық, Аграрлық пар­тияларды өз қол астына біріктірген «Отан» партиясы сол кезден бастап «Нұр Отан» партиясы болып өзгерді. Сөйтіп, «Отан» мен «Нұр Отанның» айырмасы жер мен көктей болып шыға келді.
10 жылда атқарылған істер аз емес
«Нұр Отан» партиялық жүйедегі локо­мотивке айналып қана қоймай, саяси пар­тия шеңберінен шығып кетіп, мемле­кеттік аппаратпен тұтаса түскендей.
Партиялық иерархия қалыптасты. Яғ­ни облыстардағы партия филиалының төрағасы әкім болып табылады, оған бағыныштылар мемлекеттік қызметпен қоса партияның жұмысын атқаруды ұмыт­пады. «Нұр Отан» 2007 жылғы Мәжіліс сайлауында 88,41 пайыз дауысқа ие бол­ған­нан кейін саяси алаң босап қалып, шын мәніндегі доминантты партияға ай­на­­лды. Партия әкімшілік, қаржылық, ақ­па­раттық және интеллектуалдық ресурс­ты уы­­сына шоғырландырды. Бірқатар мемлекетшіл бағыттағы бұқаралық ақпа­рат құралдары «Нұр Медиа» ақпараттық холдингіне біріктірілді. «Жемқорлыққа қарсы 10 соққы» бағдарламасы аясында көбіне «майда шабақтар» партия қата­рынан шеттетілді. Сарапшылар партияның бұрынғы КПСС сияқты құрылымға айна­лып бара жатқанын сынға алып жүр. Қа­лай дегенмен де, бас партияның 10 жы­лында өз­де­рі жиі айтатындай «атқарылған істер аз емес». Халықтың доминантты пар­тияға де­ген сенімі зор. Өйткені «Нұр Отан» пар­тия­сының саяси салмағы мен беделін көтеріп тұрған Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың көшбасшылық тұлғасы, өзгелер­ден табыла бермейтін дара қа­сиет­тері екені анық. Жақында мамырдың 4-інде «Нұр Отанның» республикалық идео­ло­гиялық активінде партияны рефор­малау, қызметін жүйелендіру қажеттігі айтылды. Онда «Нұр Отан» партиясы төр­ағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев: «Нұр Отан» барлық саяси жүйе­лерді орта­лықтандыратын, орталық және жергілікті билікті үйлестіретін, қоғамды жұмыл­ды­ратын ерекше институт болып табылады. Сонымен бірге біз халықтық партия ретінде әділетті партия болуға мін­деттіміз. «Нұр Отанның» шынайы идео­­логиясы–экономикалық либерализм мен көзі ашық консерватизм синтезінен құрал­ған саяси центризм. Басқарушы партия ретінде жауапкершілікті өзіне алады. Сон­дықтан айтылған уәделердің үдесінен шы­ғуға күш салады. Партия Елбасының идеалды стра­тегиялық ресурсына айнал­ды. Партия жұ­мысында жаңа техноло­гия­ларды қол­данып, жаңа форматта жұмыс істегіміз келеді» деді. Ал Президенттің ке­ңесшісі Ермұхамет Ертісбаев: «Нұр Отан» халықтың партиясы бола отырып, біз тек қоғамның бір ғана бөлшегі екендігімізді ұмытпауымыз керек. Ал егер бұндай қо­ғамның бөлшегі болудан қалып, тұтаста­натын болсақ, онда партия болудан да қалар едік. Кезінде Кеңестің комму­нистік партиясы да осының кебін киді. Яғни Компартия мен Кеңестер одағын құрдым­ға кетірген де осы – бір партия, бір идео­логия, бір ғана меншік болатын. Сон­дық­тан да біз бұндай қадамнан қаша отырып, идеялық көшбасшылық мәселесін ең ал­дымен идеялардың бәсекелестігі тұрғы­сынан қарастыруымыз керек» деп ашық мойындаған болатын.
Осы ретте партияның артық-кем тұста­ры­на бір ауық тоқтала кеткен артық бол­мас.

Артықшылығы:
Біріншіден, партия жетекшісінің лидерлік қасиеті.
Екіншіден, саяси-әкімшілік, қаржылық-медиа ресурстың жинақталуы.
Үшіншіден, қалың электораттың қолдауына ие болуы.

Кемшілігі:
Біріншіден, шектен тыс бюрократизм, номенклатура, әсіре науқаншылдық.
Екіншіден, партия арасындағы жемқорлық, парақорлық және қоғамдағы әділетсіздік фактілеріне немқұрайдылық.
Үшіншіден, Парламентте плюрализмнің (пікір қайшылығы) бәсеңдігі және т.б.

Саяси сипаттама:
«Нұр Отан» ХДП 1999 жылғы қаңтарда құрылып, сол жылдың 12 ақпанында Әділет министрлігінде тіркелді.
Саяси бағыты – центристік.
Партия мүшелерінің саны – 607 557 адам.
Партияның әлеуметтік негізі – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері.
Басты мақсаттары – қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен елдің үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу.

Ой-тұжырым:
Халық арасында «Нұр Отан» партия­сына қатысты қарама-қайшы пікір қалып­тасқаны жасырын емес. Осындайда ағыл­шын әдебиетшісі Чарлз Калеб Колтонның «партия басшысына қарсыластарымен күрескеннен өз жақтастарының көңілін табу қиын» сөзі еске түседі. Сондықтан бас партия кемшіліктерден дұрыс қоры­тын­ды шығара білсе, болашағына даңғыл жол салмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста