ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескеніне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
«Беларусь президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бергі үзеңгілесі. Өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқыланады», деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихаты барысында.