Мүгедек әйелдер қамқорлыққа емес, жұмысқа мұқтаж

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Еліміздегі мүгедек әйелдер мем­лекеттен қамқорлық емес, жағдай сұрап отыр. Се­бебі кейбір бейресми деректерге сүйенсек, Қазақ­стан­да олардың 1,5%-ы ғана жұ­мыспен қамтылған. Ал кә­сіп­керлер оларға жұмыс ұсы­найын десе, бой көтерген биік-биік жұмыс орында­ры­ның көбінің құрылысы мүм­кін­шілігі шектеулі жандарды ескермегені – сылтау. Бір-бір кәсіп иесі атануға шамасы бар жарымжан жандардың ақ­шасы жоқ. Банк несие бе­рейін десе, сақтандыру жү­йесі тағы бір сылтау бо­лып отыр.
Статистикалық агенттіктің былтырғы жыл­ға берген мәліметтеріне сенсек, Қа­зақ­станда 563 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың 48%-ын қыздар мен әйелдер құ­райды. Бірақ еліміздегі мүгедектігі бар адам­дардың тек 3%-ы ғана жұмыспен қам­тылған. Қазақстан Республикасының заң­намаларына сәйкес, жалпы ашық ең­бек нарығында мүгедек жандар 3 ­па­йыз­дық квотамен жұмысқа орналас­у­ы тиіс. Бірақ шындығына келгенде, біз­дің жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдар­ды толыққанды жұмыскер ретінде алып қа­рауға, жұмыс орындарын олардың ерек­ше қажеттіліктеріне лайықтау үшін қор­ларын жұмсауға дайын емес сияқты.
Ләззат Қалтаева, «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясының төрайымы:
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы На­з­ар­баевтың өзі «Қазақстан-2050» стра­­те­гия­сында «Жұмыс берушілер ха­лықтың әлеу­меттік жағдайы төмен топ­та­рын жұ­мысқа белсене тартып, олар­ды ең­бек­ақы­мен қамтамасыз ететіндей жағ­дай туғызу қа­жеттігі маңызды. Ең ал­дымен, бұл мүм­кіндігі шектеулі адам­дарға қатысты» деді емес пе?! Тіпті заңға сәйкес, кә­сіп­орын­дар­да­ғы жұ­мыс орындарының 3 пайызы мүге­дек­терге тиесілі болуы тиіс. Бірақ ол 3 пайыздық квотамен жұмысқа орна­лас­тыру құқықтық пәрменді тетіктердің жоқтығынан жұмыс істей алмай отыр.

Расымен-ақ, Елбасымыз өз Жол­да­уында әлемнің дамыған елдері мүге­дек­терін қалай жұмысқа тартып, қоғаммен ара­ластыратынын тілге тиек ете отырып, «біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мемлекеттік жәр­дем­ақыны тек, шынымен, нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұ­мысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жа­сайтын компаниялар мен кор­по­рацияларды көтермелеу керек» деген бо­латын. Бірақ мемлекеттік сыйлықтар мен ма­рапаттаулар әлі күнге мүгедек жандарға жұ­мыс беріп отырған кәсіпкерлерге бе­ріл­мепті. Тек қызметкерлердің 51%-ын мүм­кін­дігі шектеулі адамдар құрағанда ға­на салық төлеу кезінде жеңілдіктер бе­ріледі. Бірақ ондай кәсіпорындар жоқ­тың қасы.
Руслан Губарев, «СТС Азия групп» ЖШС директорының орынбасары:
– Мысалы, біздің компанияда үш мү­­гедек жан қызмет етеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа алудан қорқудың қажеті жоқ. Олар, керісінше, 12 мүшесі түгел қызметкерлерден әл­де­­қайда артық жұмыс істейді. Мүге­дек­тер­ді жұмыспен қамту үшін оларға жұмыс беріп отырған кәсіпкер­лерді ын­та­лан­дырып, мемлекет олардың кә­сі­бінің жан­­дануына көмектесіп, түрлі же­ңіл­діктер қарастырса, қатарымыз кө­бейер еді.

Бірақ мүгедек әйелдер қауымдас­ты­ғы­ның мүшелері кәсіпкерлерден үмітін үз­ген­ге ұқсайды. Олардың айтуынша, мү­ге­дек­тердің өз кәсібі болғаны әлдеқайда тиімді. Мүгедектігі бар әйелдердің әлеуметтік жағ­дайын жақсартудың ең ұтымды жолы – өзін-өзі жұмыспен қамту және кәсіп­кер­лік салаларын дамыту деп шешкен «Шы­рақ» қауымдастығының мүшелері бұл тұр­ғыда бірнеше кедергінің туындап отыр­­­­ған­дығын айтады. Әсіресе кәсіп ашу үшін қажетті қаржыны несиеге беретін банк құрылымдарының және сақтандыру агент­тіктері мен компанияларының мү­ге­дек­тік белгісі бойынша клиенттерге кредит бе­руден бас тартуы қолбайлау болып отыр­ған көрінеді. Сонымен қатар әйел кәсіпкерлігін дамыту мемлекеттік бағ­дар­ла­маларында мүгедектігі бар әйелдердің мүд­­делері мен олардың жағдайы қарас­ты­рылмағандығы да – үлкен бөгет. Оның үстіне, біздің елде мүгедектігі бар әйел­дердің жеке бизнесті дамыту са­ласында білімсіздігімен күресетін ұйым да, оқы­татын бағдарлама да жоқ дейді қа­уым­дастық басшылары. Сондық­тан олар ең алдымен мү­­­ге­­дек­тігі бар адамдарға банк­тер мен сақтандыру ұйым­­да­ры несие рә­сімдеу үшін қо­йы­латын талаптарына өз­гер­­тулер ен­гізіп, аздаған жеңілдіктер ұсын­са деп отыр.
Мысалы, Угандада мүге­дек адам­дар­дың көпшілігі базарда жұмыс істейді екен. Жә­­­не билік оларға та­уар­дың ең өтімді жер­ле­рін береді. Ал Ре­сейде call­-орталықтарда қыз­­мет ететін опе­ра­тор­лар­дың 90%-ын мүгедектігі бар адам­дар құрайды. Енді бұл тә­жірибені біздің ел де қол­данбақ ниет­те. Әзірге бұл тә­жірибе тек «Даму» кәсіп­кер­лік­ті дамыту қорында ғана іс­ке асқан. Бас­та­маның нәти­же­сі де жаман емес көрінеді.
Ләззат Ибраимова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы:
– Шынымен-ақ, мү­гедек адамдар жұ­мыс істеуде өте бел­сенді, жауапты әрі ұқыпты. Мысалы, Пә­кіс­танда Құран оқи­тын­дардың ішінде мүгедектер сияқты оқи ала­тын адам та­был­маған. Се­бебі олар­дың ес­те сақтауы өте жо­ға­ры бо­лады. Ал опе­раторлар тұтыну­шы­лар­дың те­ле­фон қоңыраулары арқылы қойған сұ­рақ­тарына нақты және толық жа­уап бе­реді. Оның үстіне, құлағы на­шар ес­ти­тіндер шулы ортада жақсы жұ­мыс іс­тей алады. Ресейде де call-ор­та­лықтардағы опе­раторлардың қызмет көрсету сапасы­на қатысты сараптама жүргізілгенде ең жо­ғары дауыстың 90%-ы мүгедектерге берілген екен.

P.S.
Осылайша мүгедек әйелдерге жұмыс тауып беруді мықтап қолға алған топ Үкіметтің көмегінен де үмітті. Айта кетейік, «Шырақ» қауым­дас­тығының өкілдері Азия мен Тынық мұхит экономикалық және әлеу­меттік комиссиясы «Ниппон фаундейшн» және мүгедектік мәселесі жөнін­дегі Азия-Тынық мұхит дамыту қорымен бірлесіп, «Эскато» сыйлығын тағайындады. Бұл сыйлық мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамтыған және олармен тығыз қарым-қатынас орнатқан бизнес өкілдеріне арналған. Алғашқы сыйлық осы жылдың аяғында табыс етіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста