Мемлекеттік тілді үйрететін портфель жасалды

Жаза-жаза жауыр болып, айта-айта ауруы асқынып тұрған қазақ тілінің бағын ашатын тағы бір әдістемелік құрал дүние есігін ашты.

Нақтылай айтар болсақ, кеше Мәдениет және ақпарат министрлігінде Тіл комитетіне қарайтын Ш.Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығы әзірлеген «Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» атты тың жүйесінің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Министрліктің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, осы жүйені әзірлеу мақсатында аталмыш орталыққа министрлік тарапынан тікелей тапсырма беріліп, соған орай тиісті жұмыс тобы құрылған екен. «Аталған жұмыс тобының құрамына елімізге белгілі лингвист ғалымдармен қатар, жас мамандар, сондай-ақ мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілге үйретіп жүрген мамандар кірді. Ауқымды жұмыстардың арқасында «Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» деген тың жобаның тұсауын кесіп отырмыз. Елімізде бұрын-соңды бұндай ауқымды, жүйелі, толыққанды, жан-жақты дайындалған әдістемелік жүйе болмаған. Оның құрамында бүгінгі заманға сай аудио, видео сияқты барлық технологиялармен қамтылған 19 оқу-әдістемелік құрал бар», – деп атап өтті ол.

Әзірге «Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелінің» толық топтамасы 1000 данамен шығарылып отыр. Бір жыл бойы бұл жүйе тәжірибелік мақсатта пайдаланылып, кем-кетігі толықтырылғаннан кейін аса көп мөлшерде басылып шығатын болады. Тағы бір айта кетерлігі – әзірше таралымы шектеулі бұл жүйе еліміздегі барлық тіл үйрету орталықтарына, сондай-ақ, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға тегін таратылады. «Сонымен қатар жүйе бір жыл бойы арнайы бейімделу сынағынан өткізілетін болады. Соның нәтижесіне анықталған кемшіліктері, жұмыс істеу барысы, жетілдірілетін тұстары анықталады. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушы өз пікірлері мен ұсыныстарын жүйені әзірлеген орталыққа жібереді. Содан кейін бір жылдың ішінде аталған жүйені одан әрі жетілдіріп, өте көлемді данамен шығарып, бүкіл сұранысы бар ұйымдарға тарататын боламыз», – деді Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығының директоры Біржан Белғара.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста