Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғынының тұщы су тапшылығына қатысты арыз-шағымына назар аударды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне аталған мәселені мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

 

Үкіметтің мәліметі бойынша бүгінде өңірдегі су тапшылығы – ең өзекті мәселелердің бірі.

 

Судың жетіспеушілігі тәулігіне 77 200 текше метрді құрайды. Ауызсудың тапшылығы, әсіресе, жаз мезгілінде қатты сезіледі.

 

Мұнайлы ауданында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта «Каспий» су тұшыту зауытындағы істен шыққан сорғы қондырғысының жөнделіп жатқанына байланысты аудандағы су беру мөлшері тәулігіне 13 мың текше метрден 10 мың текше метрге дейін азайған.

 

Аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде су тұшыту зауыттары мен қондырғылардың құрылысы жүргізілуде.

 

Халық санының жыл сайын өсуіне байланысты «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 20 мың текше метрге арттыру қажет. Бұл ауызсу беру мөлшерін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Осы мақсатта Үкімет резервінен 5,6 миллиард теңге бөлу жөнінде шешімқабылданды.

 

Мұнайлы ауданын сумен «Маңғыстау жылу» МКК қамтамасыз етеді. Ауызсу тапшылығына байланысты «Маңғыстау жылу» МКК халыққа суды құбыр арқылы кесте бойынша жеткізеді. Сонымен қатар суды аудан тұрғындарының сұранысы бойынша су таситын көлікпен әкеледі.

 

«Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізу жөніндегі жобаның жүзеге асырылуы Мұнайлы ауданының ауылдары мен Қарақия ауданы Құрық ауылының тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге және су тапшылығын толық жоюға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста